Сабак жоспар казакша 8сынып

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сынып көшбасшысы»

интеллектуалдық ойыны

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің аппараттық құралдары»

Мақсаты: Компьютердің аппараттық құралдары тарауы бойынша оқушылардың білімін толықтыра отырып, жан-жақты ізденуге баулу. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы

Әдісі: тест жұмысы, жұмбақтар, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: плакаттар, проекциялық аппарат, экран.

Сабақ барысы:

  1. Дода. (Тест жұмысы)

  2. Бәйге. (Әр саладан оқушының таңдауымен сұрақтар қойылады)

  3. Көкпар. (Жұмбақтар әлемі)

  4. Жорға. (1 минутта 15 сұраққа жауап беру)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

2-жүргізуші:

«Сынып көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бәріңіз маған қараңдар!

Ойынымызды бастайық.

Алуан түрлі ойларды,

Ортамызға тастайық.

2-жүргізуші: Информатика пәнінен,

Көрсетіп біздер батырлық.

Ой толғалық жүйелі,

Таңдайымызға татырлық.

1-жүргізуші:

Ойын шартын біліп ал,

Құлағыңа құйып ал.

Кәне мұнда кім батыр?

Кәне мұнда кім тапқыр?

Бағымызды сынап көрейік,

Ол үшін керек батылдық.

2-жүргізуші:

Ой сананы арттыру,

Бүгінгі күн талабы.

Біле білсең бұл дәуір,

Информатика заманы

1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кеміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

2-жүргізуші:

Болашақтың ұрпағымыз білімді
Информатикадан алған ілімді
Өмірде пайдаланамыз тиімді

Әділ баға беруші қазылар алқасын тағайындап алайық.

1.

2.

3.

1-жүргізуші:

Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,

Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда,

Білімменен достасамыз жастай біз.

2-жүргізуші: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, ойынымызды бастайық!

1-жүргізуші:

1-кезең. «Дода». Оқушылар 7-сыныптың электронды оқулығынан «Аппаратттық құралдар» тақырыбы бойынша тест жұмысын орындайды. Бұл кезеңде оқушылардың барлығы қатысады. Тест нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған 6 оқушы әрі қарай ойынды жалғастыратын болады

2-кезең. «Бәйге».

1-жүргізуші:

«Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деген Абылай ханның сөзімен ойынымыздың келесі кезеңін бастайық.

2-жүргізуші:

Мұнда ұсынылған тақырыптар бойынша нөмірленген ұяшықтарға жасырылған сұрақтарды оқушы өзі таңдайды және сұраққа дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы ұпайды иеленеді.

  1. ЕТ әлемі

  2. Тұлғалар

  3. ДК құрылғылары

  4. Пернелер сыры


Есептеуіш техника әлемі

10. Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың - 5 мың жылдар шам асында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол кұрал Ресейде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады? (Есепшот)

20. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

Сұрақ: Бұл автоматты есептеуіш машинасы қалай аталады? (Марк - 1)

30. 1694 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады? (Арифмометр)

Қосымша көмек: XX ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

40. Бірінші электрондық есептеуіш машинасы. Ол соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді. Оның салмағы 30 т және оның 18000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытуды талап етті. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады? (Eniac)

50. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-48 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жады (оперативті жад) электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады? МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина)

Тұлғалар


10. 1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалык есептеу машинасын француз математигі құрастырды.

Сұрақ: Ол француз математигі кім? ( Блез Паскаль)

20. 1791 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған сызғыш жасалды. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келеді, бірақ электронды калькуляторлар соңғы кезде оларды қолданудан ығыстырды.

Сұрақ: Сызғышты кім жасады? (Робертсон)

30: XVII ғасырдың басында шотландиялық математик логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышы жасалды.

Сұрақ: Логарифм түсінігін енгізген математик есімі? (Джон Непер)

Қосымша көмек: Бұл математик есептеу таяқшалары арқылы есептеу тақтасын енгізді.

40: XIX ғасырдың соңында американдық оқымысты есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды колдану үшін колданылды. Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды.

Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім? (Герман Холлерит)

Қосымша көмек: Ол - есепші-перфорациялык машинаны жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

50. Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанады. Бұл машина перфокартада жазылған бардарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогі сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім? (Чарлъз Бэббидж)

Қосымша көмек: Ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

Компьютер құрылғылары

10. Телефон немесе байланысқан басқа желілер арқылы компьютерге ақпарат алуға мүмкіндік беретін құрылғы. (модем)

20. Бұл компьютердің ішкі жады. Ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенде ондағы барлық ақпарат жойлады. Бұл қандай құрылғы? (Жедел жад)

30. Компьютердің басты бөлігі. Оны компьютердің - «миы» деп те атайды. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды. Бұл қандай құрылғы? (процессор)

40. Мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ететін ДК-нің барлық маңызды құрылғылары, электр қоректендіру көзі, қосымша құрылғыларды қосу мүмкіндігі жинақталған құрылғы. (жүйелік блок)

50. Ақпаратты әртүрлі қатқыл немесе иілгіш дискілерге жазуға және шығарып оқуға мүмкіндік беретін электрмеханикалық құрылғы (дикіжетек)

Пернелер сыры

Сабак жоспар казакша 8сынып - болдырмау пернесі

Сабак жоспар казакша 8сынып - кескінді экраннан алмасу буферіне көшіруге мүмкіндік беретін перне

Сабак жоспар казакша 8сынып - бұл перне меңзердің сол жағындағы символды өшіру үшін қолданылады.

Сабак жоспар казакша 8сыныпСандық бөлікті іске қосатын перне

Сабак жоспар казакша 8сыныпн/е Сабак жоспар казакша 8сынып пернелеренің комбинациясы - пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін қолданылады.

1-жүргізуші:

«Көкпар». «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов сөздеріне сүйеніп, «Көкпар» атты кезеңді бастайық. (Жұмбақтар әлемі)

2-жүргізуші:

«Көкпар» кезеңінде оқушыларға инфороматика пәніне қатысты жұмбақтар оқылады. Кім бірінші болып қол көтерсе, сол оқушы жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай иеленеді.

Жұмбақтар:

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын. (тышқан)


  1. Экранда оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)


  1. Бұтақ орнына мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)


  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (бит)


  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді. (сканер/мәтіналғы)


  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер/басып шығарғыш)


  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн барда, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті. (пернетақта)


  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның,

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «F» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)

Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды (бос орын)

1-жүргізуші:

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер ойынымыздың «Жорға» кезеңін бастаймыз.

2-жүргізуші:

Мұнда алдын ала 15 сұрақтан тұратын тапсырмалар 2 конвертке салынып дайындалған. Ойыншыларымыз конверт таңдауға мүмкіндігі бар.

1 минутта 15 сұрақты тыңдап, оған мүмкіндігінше дұрыс әрі жылдам жауап беруіміз керек.

1-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1-нұсқа


  1. Қоршаған ортадан таңбалар мен сигналдар түрінде алынатын мәліметтер тобы (ақпарат)

  2. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (сызықша, нүкте)

  3. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс (сигнал)

  4. Ақпараттың негізгі өлшем бірлігі (байт)

  5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал (компьютер)

  6. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі (интерфейс)

  7. Аты бар байттар тізбегі (файл)

  8. Бэббидждің машинасына алғаш программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

  9. ЭЕМ-нің екінші буынының элементтік базасы (транзисторлар, жартылай өткізгіштер)

  10. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне (Delete)

  11. Ең ұзын перне (бос орын / пробел)

  12. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

  13. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)

  14. ҚР Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)

  15. ҚР елордасы (Астана)

2-нұсқа


  1. Адам қабылдайтын ақпараттың түрлері (таңбалы, бейнелі)

  2. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер (Ақпараттық процесс)

  3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

  4. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі (код)

  5. Американдық ақпарат алмасудың стандартты коды (ASCII)

  6. Релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын кім құрастырды? (Говард Айкен, Гарвард унивесритеті, 1944 ж)

  7. ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)

  8. ЭЕМ-нің бірінші буынының элементтік базасы (электрондық шамдар)

  9. 1 килобайт қанша байтқа тең? (1024 байтқа)

  10. Ақпаратты тасымалдау құралдары (Компакт-диск, дискета, касета, флэш-жады)

  11. Жаңа жолға өту немесе енгізу пернесі (Enter)

  12. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

  13. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)

  14. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 ж, 30 тамыз)

  15. ҚР рухани астанасы (Түркістан)

Соңғы «Жорға» кезеңінің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ойыншы «Сынып көшбасшысы» атанады.

1-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашанда жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей интеллектуалдық ойындарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, марапаттау рәсіміне кезек берейік.

2-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», - деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз.

Білім алудан кеш қалмаңыздар!






Сергіту сәті


  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні - жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)







Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны

Слайд 2 Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр-компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.

Ойынның жүрісі:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:

(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)

Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)

Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз.

Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.

Слайд 4 І тур «Бәйге»

  1. Aқпараттық процессорды жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)

  2. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70 см)

  3. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)

  4. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)

  5. Принтердің неше түрі бар? (3)

( матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік )

  1. Графикалық редактор. (Paint)

  2. Мәтіндік редактор. (Word, WordPad)

  3. Компакт-диск оқу құрылғысы. (CD=ROM)

  4. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)

  5. Компьютер ауруы. (вирус)

  6. Windows деген не? (терезе, ОЖ)

  7. F1 пернесінің қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)

  8. Компьютердің құрылғысы неше бөліктен тұрады?. (2)

  9. Пернетақта неше бөліктен тұрады? (4)

  10. WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-программы- стандарный- WordPad)

Мұғалім: «Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.»,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

Слайд 5 ІІ тур «Тіл-өнер»

  1. «Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)

  2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

  3. Компьютерге ақпарат негізетін құрылғы /пернетақта, калвиратура, кей

  4. Бізмектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? /қалам, ручка, peinl

  5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)

  6. Компьютерді миы /жүйелік блок, процессор, systemblok/ ,/

  7. Дыбыс шығарғыш құрылғы /колонка, дыбыс, шығарғыш,

  8. Сәлем ненің патшасы. (сөз, слово, word)

  9. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)

  10. Тышғанның неше батырмасы бар? /үш, три, cri/

Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.

Көрермен жиналған біл тамашаға,

Құр қалып, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Демек, келесі кезең «Жеті жұмбақ»

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Слайд 6-24 ІІІ тур «Жеті жұмбақ»

20(сол жақта)-Пернетақтаның неше пернесі бар? /104/

20(ортада)-Тышқанның неше батырмасы бар? /үш/

20(оң жақта)-Компьютер құрылғылары неше бөліктен тұрады? /2/

30(сол жақта)- Принтердің неше түрі бар? /3 түрі/

30(ортада)- Графикалық редакторы дегеніміз не? /сурет салу және мәтін жазу бағдарламасы/

30(оң жақта)- Интернетке қосылу құрылғысы. (модем)

40(сол жақта)- Ақпарат дегеніміз не? /қоршаған орта/

40(ортада)- Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан?

(тақырып жолы)

40(оң жақта)- Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню)

Мұғалім: Ұпайы аз 1 оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Көкпардың сабақтан көп сұрағы,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Алдарыңызда математика, информатика пәндерінен сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұрақтарға алдарыңдағы жауап нөмірін көтеру арқылы барлық оқушы жауап береді.

Слайд 25-40 IVтур «Дода-Көкпар»

  1. Информатика:

30- Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды?

1) Монитор 2)пернетақта 3) процессор

20-(сол жақ)-«Бит» сөзінде неше бит бар?

1) 3 бит 2) 24 бит 3)8 бит

20-(оң жақ)-Microsoft фирмасын құрған кім?

1) Ф.Нейман 2)Пол Аллен 3) Билл Гейтс

10-(сол жақ)- винчестенр деген не?

1) Қатты диск 2)Иілгіш диск 3)Компакт-диск

10-(оң жақ)- Нақты бір файлды көрсететін белгіше?

1) Файл 2) таңбаша (ярлык) 3) қапшық (папка)

  1. Математик

Ойланған сан мен 160-тың қосындысы 350 - ге тең?

1) 510 2) 190 3)458

20-(сол жақ)- Үстел үстінде 10 май шам тұрды. Оның 5-еуі жанып кетті Неше май шам қалды?

1) 5 2)10 3) 12

20-(оң жақ)- 500 бен 106-ның ацырмасынан 99-ды азайт.

1) 500-106=393, 393-99= 296 2)500-106=394. 394-99=295 3)500-106=456, 456-99=392

10-(сол жақ)- Анасы тәтті нан пісірді оны үлкен пышақпен үш рет кесті. Тәтті нан неше бөлікке бөлінді?

1) 8 2) 6 3) 5

10-(оң жақ)- Толы бал құйылған бөшкінің салмағы 34 кг, дәл осындай жартылай бал құйылған бөшкіге 18 кг тартады. Бос бөшкінің салмағын анықта?

1) 18 2) 16 3) 14

Мұғалім: сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Ең жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Келесі кезеңіміз «Жорға». Екі нұсқа бойынша алдын-ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау еркі ұпайы аз оқушыға беріледі. Берілетін уақыт 1 минут.

Слайд 41 V тур «Жорға»

1) Терезе нешеге бөлінеді? (4) (қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)

2) Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді? (2)

3) Функционалдық пернелер нешеу? (F1-F12)

4) Дыбыс шығару құрылғысы. (колонка)

5) Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (курсор)

6) Енгізу құрылғысы. (пернетақта)

7) Монитор қандай құрылғы? (шығару, негізгі)

8) Графиктік редактор. (Paint)

9) Бас әріптер режиміне көшу пернесі. (Caps Lock)

10) Калькулятордың неше түрі бар? (2)

11) Пернетақтада қанша перне бар? (101-102)

12) Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)

13) Компьютер жанына қоятын өсімдік. (кактус)

14) Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. (принтер)

15) Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. (монитор)

Мұғалім: Слайд Анаграмма. Берілген әріптерден сөз құрап анықтама беріңіз.

Мұғалім:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Сынып көшбасшысы» ойын мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.


Информатика әлемінде сайысы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мыржақыпова Меруерт

Күні: 21.09.2013

Пәні: Информатика

Тақырыбы: Информатика әлемінде сайысы

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сонымен қатар сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. ______________________

2. ___________________________

3. _________________

Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;

I топ - «Инернет»

II топ - «Компьютер»

Сайыс 6 - кезеңнен тұрады. Кезеңдері:

1- кезең: «Таныстыру»

2- кезең: «Топ басшылары»

3- кезең: «Мақал-сөз мәйегі»

4- кезең: «Қас-қағым сәт»

5- кезең: «Бәрін білгім келеді»

6- кезең: «Зерделілер сайысы»

1-кезең: «Таныстыру». Әр топ басшысы өз тобын кезекпен таныстырады.

2-кезең: «Топ басшылар» сайысы.

1-топ басшысы.

1. Компьютердің миы (процессор)

2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)

4. Зиянкесті программа (вирус)

5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)

6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

7. Сырдқы жад (диск)

2-топ басшысы

1. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)

2. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)

3. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)

4. Сурет салуға арналған программа? (Paint)

5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

6. Принтердің неше түрі бар? (3)

7. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)

3-кезең: «Мақал сөз мәйегі». Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу керек.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6. Компьютер тіршілік көзі (Су тіршілік көзі)

4-кезең: «Қас-қағым сәт».

I - топ: «Интернет»

1. Информатика пәні нені зерттейді ?

Жауабы: (Ақпараттық процестері)

2. Қолданбалы программаларды ата ?

Жауабы: (Word, Excel, Access, Power Point)

3. Модем қандай қызмет атқарады ?

Жауабы (Интернет жүйесіне қосатын құрылғы)

4.Деректерді сақтауға арналған программа ?

Жауабы: (жады)

5. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған программа ?

Жауабы: (Word)

6. Ақпарат қандай мағына білдіреді ?

Жауабы: (түсіндіру, баяндау, ақпарат)

7. Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер ?

Жауабы: (қалта, планшеттік ДК, тасмал компьютерлер)

8. Ең алдымен адамдар есептеулерді қалай жүргізді ?

Жауабы: (тастар мен ағаштардан)

9. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан ?

Жауабы: (16)

10. Құжатты қағазға басып шығар жолы ?

Жауабы : (Файл - Печать)

II - топ: «Компьютер»

  1. Компьютер дегеніміз не ?

Жауабы: (ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал)

  1. Стандартты программаларды ата ?

Жауабы: (Word Pad, Paint, блокнот)

  1. Вирусты тауып жоятын программа ?

Жауабы: (Антивирус)

  1. Сандар нешеге бөлінеді ?

Жауабы: (бүтін және нақты)

  1. Жойылған нысандар орналасатын қапшық ?

Жауабы: (Себет)

  1. Принтердін неше түрі бар ?

Жауабы: (3)

  1. Informatio қай елдің сөзі ?

Жауабы: (латын)

  1. Раіnt графикалық редакторының терезесі неше бөлімнен тұрады ?

Жауабы: (6)

  1. Ең алғашқы программаны жазған адам ?

Жауабы: (Ада Лавлейс)

  1. Құжатты сақтау жолы ?

Жауабы: (Файл - Сохранить)

5-бөлім: «Бәрін білгім келеді». Ойнымыздың бұл бөлімінде әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.

ҒАЛЫМДАР

10. Компьютердің атасы (Чалрльз Бэббидж)

20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Пасклаь)

30. ХҮІІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландық математик (Джон Непер)

АҚПАРАТ

10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)

20. Ақпараттық процестерді ата? (ақпаратты алу, беру, сақтау, өңдеу)

30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)

ӘР ТҮРЛІ

10. Сигнал деген не? (адамға немесе белгілі бір құрылғыға-ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс)

20. Компьютердің негізгі құрылғылары? (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

30. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары (І-буын электрондық шамдар)

6-кезең: «Зерделілер сайысы»

1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)

2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтыын, иә-ні қолдап қайталай беретін (пернетақта)

4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

5. Тышқанның ең жақын туысы (трекбол)

6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)

7. Принтерден асып түсетін мешкей (сканер)

Қорытындылау

Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Сайсқа қатысушыларды марапаттау.

Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

16

© 2010-2022