Ми әлеміне саяхат

«Ми әлеміне саяхат» сайыс. сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «МИ әлеміне саяхат» сайыс   Мақсаты: 1.ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-                       өрісі дамыған азаматты қалыптастыру.                     2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде                         болуға тәрбиелеу.                     3. Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету. Түрі: сыныптан тыс саяхат-сайыс Көрнекілігі : интерактивті тақта, проектр, слайдтар, нақыл сөздер, таратпа қағаздар.   1 жүргізуші: Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,  Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.  Ғылымдар патшасы боп дараланып,  Математика қызыққа тоймайтұғын .  2 жүргізуші: Информатика әлемі, Неткен ғажап әсерлі. Шыққан сонау ертеден, Орын алды көңілден Интернетте құстай ұшып самғаймыз, Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз. Технология дамып жатыр күнбе-күн, Біз қырандар осы лектен қалмаймыз! Осылайша сайысымызды бастаймыз! Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «МИ әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 1 жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1топ  8 сынып оқушылары: Шәку Ақмарал, Сүйіпбаев Рамазан 2-топ 9-сынып оқушылары: Қаржаубай Медет, Назарбек Бауыржан 3-топ 10-сынып оқушылары: Насибек Динара, Қожамұрат Самал 4-топ  11-сынып оқушылары: Айбек Гүлжан, Оралбай Ғайнижамал
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ми әлеміне саяхат


Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Ботабай ауылы, №228 орта мектеп

Мырзабекова Нұргүл Рызбекқызы

информатика пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Тақырыбы: «МИ әлеміне саяхат» сайыс

Мақсаты: 1.ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-

өрісі дамыған азаматты қалыптастыру.

2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде

болуға тәрбиелеу.

3. Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, алғырлыққа, тапқырлыққа

және тез ойлана білуге үйрету.

Түрі: сыныптан тыс саяхат-сайыс

Көрнекілігі : интерактивті тақта, проектр, слайдтар, нақыл сөздер, таратпа қағаздар.

1 жүргізуші: Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын .
2 жүргізуші: Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «МИ әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1топ 8 сынып оқушылары: Шәку Ақмарал, Сүйіпбаев Рамазан

2-топ 9-сынып оқушылары: Қаржаубай Медет, Назарбек Бауыржан

3-топ 10-сынып оқушылары: Насибек Динара, Қожамұрат Самал

4-топ 11-сынып оқушылары: Айбек Гүлжан, Оралбай Ғайнижамал

2 - жүргізуші : Бәйгеге қарап тұрмай сіздерде,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Ми әлеміне саяхаттап көріңіз.
дейкеле бүгінгі сайысымыздың әділ қазыларымен таныс болайық

1.алгебра және геометрия пәнінің мұғалімі: Әбенова Нұрайым апай

2. Математика және информатика пәнінің мұғалімі: Әшірбаев Ғабит ағай

3.технология пәнінің мұғалімі: Қалиева Тамарахан апай
1 - жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс өтейік:

1-аялдама : Викториналық сұрақтар бекеті.

2-аялдама: Озық ой бекеті.

3-аялдама: Логикалық ой бекеті

4-Аялдама: Ойлы болсаң озып көр бекеті

1-2 аялдамалар біткен соң әділқазылар топтарға ұпай санын береді, жоғарғы ұпай 10, бірінші және екінші аялдамадан кейін бір топпен қоштасамыз.одан кейін әр аялдама соңында ұпайы аз топ саяхаттан шығап отырады. Саяхаттың шартты түсінікті болас, саяхатты бастаймыз.

2 - жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын. - деп 1-аялдама : Викториналық сұрақтар бекетіне кезек берелік . Аялдама шарты: оқушылар сұрақтарға жауап береді. Кім бірінші жауап дайын деген сөзді айтса, жауабын айт дегенен кейін жауап береді. Егерде ережені бұзған оқушының жауабы қабылданбайды. (15 сұрақтар )

1- жүргізуші:

1-сұрақ Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)

2- сұрақ. Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды? (Разряд)

3-сұрақ. Пиксель дегеніміз не? (нүкте)

4-сұрақ. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер. (айқас)

5-сұрақ. Бағытталған кесінді. (вектор)

2-жүргізуші:

6-сұрақ. Бас әріптерді теру пернесі (Capslock)

7-сұрақ. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)

8-сұрақ. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның «ажырату, анықтау»)

9-сұрақ. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

10-сұрақ. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

2- жүргізуші:

11-сұрақ. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (ромб)

12-сұрақ. 2 МБайт қанша байтқа тең? (2048 байт)

13-сұрақ. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)

14-сұрақ. ЕNIAC -тың (І ЭЕМ) салмағы қанша тонна болды ? (30тонна)

15-сұрақ. Ең алғашқы математик әйел. (С. Кавалевская)

1- жүргізуші.

Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың ,
Қиындықтан өткізер - деп саяхаттың 2 аялдамасына да келіп жеттік. «Озық ой бекеті» оқушылар жасырылған сөзі арқылы құрылғыладың атын оқып, сол құрылғының дыбыстарына пародия жасады.

1. Пернетақта

2. Сканер

3. Компьютерді өшіргенде

4. Компьютерлік вирус

5. Тышқан

6. Монитордың беті ашылғанда

2 жүргізуші: әділ қазы алқасы оқушыларға ұпай санын беріңіздер қай топ шығады?

1-жүргізуші: Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт. - дей келе келесі 3-аялдама: Логикалық ой бекеті.

Логикалық есептер
•1 есеп. Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?
36 қаз
• 2 есеп Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
12 мейман 5 табақ

3. есеп. Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген
Қандай сан жауап берер сұрағыма? (Дискриминант)

4. есеп 12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7- ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл , 12 ай, 52 апта, 7 күн)

5. есеп. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар
едіңіз? (Сірінкені)

әділ қазы алқасы оқушыларға ұпай санын беріңіздер.

2-жүргізуші:

Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар - дей келе біз 4 аялдама: «Ойлы болсаң озып көр бекеті» соңғы саяхатымызғада келіп жеттік. Олай болса саяхатшыға тапсырманы көп күттірмей бастаймыз

Математикалық ребустар

Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны

1. АВ х А = CCC

Жауабы: 37х3=111

2. МННН- ККК = М

Жауабы : 1000-999 =1

  1. Жүргізуші: Саяхатымыздың соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділқазылар сөз алды.

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады,

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау


© 2010-2022