Олимпиада тапсырмалары (9-11 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып



A есебі

Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b)2, у = a* b


В есебі



Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.


С есебі

30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар

Е есебі

Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.


Ғ есебі

20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу програмасы . Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ , жиымның элементтері A[1], A[2], …,A[20] нақты сандар болады.




10 сынып



A есебі

k =(x2 + y2) *Олимпиада тапсырмалары (9-11 сынып), мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.


В есебі

Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.



С есебі

Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.


Е есебі

Кез келген сөзді енгізгенде , сол сөзді кері ретпен шығаратын программа құр


Ғ есебі

Нақты элементтерден тұратын сызықты жиым (а12,…,an)берілген. Осы жиымның 3-ке бөлінетін, 5-ке бөлінбейтін элемент санын табу керек.




11 сынып



A есебі

Қадақпен берілген массаны (1-50қадақ аралығын) кг-ға түрлендіріңдер. (1қадақ=0,4кг) программасын құру қажет


В есебі

Кез келген айдың бірінші жұлдызы аптаның қай күні екені белгілі болғанда, сол айдың енгізілген кез келген күннің аптаның қандай күні болатынын анықтау программасын құру қажет.

С есебі

Берілген А(х,у) нүктесі радиусы (центрі координаталар осінің бас нүктесінде) шеңбер ішінде жата ма немесе жатпай ма, соны анықтайтын программа құру керек.

Е есебі

Cөздегі «ма» тіркесін «па» тіркесіне ауыстыратын программа құр


Ғ есебі

Екі өлшемді массивтің теріс элементтерінің көбейтіндісін табу программасын құр



© 2010-2022