Рабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сынып

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпРабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сыныпБекітемін:________

Класы: 11 «В» Күні: 6.02.16ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет. Жекеменшік сайт жасау.

Сабақтың мақсаты:

  • Жобаның тақырыбын таңдау, техникалық тапсырма құру.

Оқушылар білуі тиіс: жобаға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: жобаға техникалық тапсырма құруды.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

Білімді өзектендіру

Оқушылардың білімдерін тексеру.

§23 бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

1

2

3

4

5

6

С

А

А

А

Д

А

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сайт жасау жұмыстарының әрбір кезеңі маңызды, белгілі білім мен машықтарды талап етеді. Бірінші кезекте өздеріңе қажетті тақырыпты анықтап алып, тарауды оқып-үйренудің барлық мерзімінде орындайтын меншікті интернет-жоба үшін техникалық тапсырма құру керек.

Мысал ретінде жаңа саябақтың техникалық тапсырмасын қарастырамыз:

  1. Жобаның сипаттамасы. Адамдар мұнде демалыс күндері демалуға келеді.

  2. Мақсат қою. Біз адамдардың өзіміз ұйымдастырған демалыс орнымыз туралы біліп, оның отбасылық демалыс үшін өте жақсы орын екенін түсінгендерін қалаймыз. Бұл алдымен сайттың имидждік екенін білдіреді. Біздің кеңсемізге «Сәлеметсіз бе, сіздің сайтыңызда...» деген сөздермен кіретін адамдардың саны мен демалушылардың санының динамикасы сайттың тиімділік көрсеткіші болып табылады.

  3. Сайтқа кірушінің сипаттамасы. Сайтымызға кіпушілер - әртүрлі жастағы балалары бар отбасылар, олар - орташа табычты және әртүрлі қызығушылық иелері (жағажайдағы демалыс, белсенді ұжымдық ойындар, балық аулау).

  4. Бәсекелестердің сипаттамасы. Біздің бәсекелестеріміз: әлеуметтік жағдайлары бірдей келушілерге арналған қызметтер тізімі бар жақын маңдағы шипажай, аквапарк.

  5. Сайт бөлімдерінің сипаттамасы. 1) Жалпы мәлімет (салынған жылы, ауданы, бөлме және жүзу құралдары сипаттамасы, ұсынылатын іс-шаралар және т.б.). 2) фотосурет галереясы 3) асхана 4) байланыс түрлері

Болашақ сайттарыңның бірінші парағын жасамас бұрын, сайттың дизайн-макеті құрылуы керек.

Тәжірибелік жұмыс

Мәтіндік редактор Блокнотта өз сайттарың үшін макет құру.

Қорытындылау

Макеттерді бағалау

Үй тапсырмасы

Өз сайтың үшін мәтіндік материалдар таңдау, логотип құру.



Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

Бекітемін:________

Класы: 11 «В» Күні: 23.01.16ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: HTML негіздері

Сабақтың мақсаты:

  • Web-парақ құрылымы туралы және мәтінді белгілеу қағидасы жайлы түсінік алу;

  • Web-құжаттар (HTML пішіміндегі) құруды үйрену және қарапайым web HTML web web Жобаны қорғау машықтарын дамыту.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою





Бекітемін:________

Класы: 11 «В» Күні: 16.01.16ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет. Желілік сервистер. Сызықты емес тұсаукесерлерді жасауға байланысты сервиспен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

  • Жобаны қорғау машықтарын дамыту.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Жоба жасау

Оқулықтың IV тарауын оқудың нәтижесінде жобамен жұмыс жасаудың 2 бағыты ұсынылады:

  • Сызықтық емес тұсаукесерді жасауға арналған сервиспен жұмыс істеу (prezi.com);

  • ҚР-ның ақпаратты қорғау саласындағы заңнамаларында негізделіп ұсынылған кейстің біреуін шешу.

Оқушылар өздерінің шамасы келетін жобаны таңдап, оны үйде орындайды. Сабақ үстінде жобаны қорғауға және талқылау үшін уақыт беріледі.

Жобаны бағалау критерийлері:

  1. Жинақталған материалдың тақырыпқа сәйкестігі, олардың құрылымы және тақырыптың ашылуы.

  2. Жоба материалдары (суреттемелердің, мәтіндерінің және т.б. сапасы, оларды дайындау кезіндегі өз бетінше дайындау деңгейі) және олардың ақпараттылығы.

  3. Дизайн, қолдану жеңілдігі (әсерлердің тұсаукесер көрсетіліміне мағынасы бойынша сәйкестігі).

  4. Жоба тұсауксері (жұмыстың деңгейлерінің сипаттамасы, таңдау мотивациясы, техникалық құрылғылардың сипаттамасы, жұмыс жасау барысында кездескен қиындықты қалай шешкеніне талдау жасау). Сонымен қатар шешендік шеберлігі бағаланады, топпен жұмыс жасағанда жинақылығы, қосымша безендірулердің бар болуы және т.б.

IV Жобаны қорғау

V Қорытындылау

VI Үй тапсырмасы

§ 19-21 оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.



Бекітемін:________ Класы: 11 «Б» Күні: 24.12.15ж. Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Алмастыру хаттамалары, tcp/ip деректерін жіберу хаттамасы.

Сабақтың мақсаты:

  • Хаттамалар мен байланыс арналарының түрлерімен танысу.

Оқушылар білуі тиіс: байланыс арналарының түсінігінің болуы және олардың сипаттамасын; байланыс арналарының кедергі орнықтылық мүмкіндіктерін анықтай алуды; байланыс арналарын кодтау тәсілін, коммуникация тәсілі, ақпарат жіберу тәсілі бойынша жіктелуі, желілік хаттамалардың прокси-серверінің түсінігін; HTTP, FTP, POP, SMTP, TCP/IP хаттамаларының қызметтерін; хост IP-адресінің түсінігін.

Оқушылар үйренуі тиіс: байланыс арналарын ажырата алуды, сипаттамасына байланысты байланыс арналарына мысал келтіруді, ең танымал желілік хаттамалардың әрекетін айқындауды, желідегі компютердің IP-адресін анықтай білуді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

«Компьютерлік желілер және Интернет» тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап беру. Мысалы браузерге қатысты болуы мүмкін:

  1. Үй парақшасы (домашняя страница) дегеніміз не және оны қалай баптаймыз?

  2. Өздерің кіріп отырған парақшаға қалай сілтеме жасаймыз?

  3. Интернет-парақшаны қалай сақтаймыз?

  4. Өткен аптада Интернеттің қай жерінде болғаныңызды қалай көруге болады?

  5. Өзің қазір ғана жауып тастаған парақшаға қалай өте аламыз?

  6. Суреттің өшіріліп, қосылуы қалай көрсетіледі?

  7. Парақшадағы қаріптің өлшемін қалай өзгерте аламыз?

  8. Пошталық жәшікті қалай тіркейміз?

  9. Кірістіруі бар хатты қалай жіберуге немесе жүктеп алуға болады?

  10. Желіде отырып компютерге қалай вирусты зақымдауға болады?

IV Жаңа материалды үйрену

Оқулықтағы материал бойынша түсіндіру

V Тәжірибелік жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

VI Қорытындылау

VII Үй тапсырмасы

§17-ні оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.

Бекітемін:__________

Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 10,12 желтоқсан, 2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет.

Сабақтың мақсаты:

  • Жобаны қорғау кезінде сенімділік пен ептілікті қалыптастыру.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Жобаның құрылуы

«Жоба құру» бөлімінен жоба таңдау. Жобаны орындау және қорғауға әзірлеу. Жоба дайындау үшін жұптық және топтық жұмыстарды пайдалануға болады.

Жұмыстың орындалуы мәліметтер қоры кестесіндегі мәліметтердің басқа программаларға экспортталуы, сұраныстар мен макростарда есептеуіш көрсеткіштердің құрылуына негізделген.

Сонымен қатар В және С деңгейінде бірігуге арналған жеке тапсырмалар бар.

В деңгейі - Мәліметтер қоры кестесінен мәліметтерді ала отырып, мәтіндік процессорде емделушілерге тарататын конверт құрыңдар.

С деңгейі - Мәліметтер қоры кестесінен мәліметтерді ала отырып, мәтіндік процессорде бейдж құрыңдар.

Қорытындылау

Сұрақтар:

  1. Топтастыру функцисы қандай қызмет атқарады.

  2. Сұраныста есептеуіш көрсеткіштер қалай құрылады? Мысал келтіріңдер. Есептеуіш көрсеткіштің аты қалай беріледі?

  3. Мәтінді мәліметтер қоры кестесіне импорттау үшін ол қандай пішімде болу қажет?

  4. Бірігу дегеніміз не?

  5. Қай программада конверт, бейдждарды алу үшін бірігу жүргізіледі?

  6. Мәліметтер қорында макростар қалай қолданылады?

  7. Формада басқару элементіне макростың орындалуын қалай беруге болады?

Тапсырмаларды тексеру. Жасаған жұмыстарына баға беру.

Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 19,21 қараша, 2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірегей және кілттік көрсеткішке түсінік беру. Кестелерді мәліметтер сұлбасы арқылы байланыстыруға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: кілттік көрсеткіш деген не және олардың айырмашылығы, байланысқан кестелердің ұғымы, байланысу түрі, кестелердің мәліметтер сұлбасы арқылы байланысу технологиясы, кесте байланысының нәтижесі.

Оқушылар үйренуі тиіс: кілттік көрсеткішті тағайындау, кестеде кіллтік көрсеткішті анықтау, мәліметтер сұлбасы терезесін шақыру, кестені байланыстыру, байланыстарды алыстату және өзгерту, параметрлер байланысын орнату, байланыстың нәтижесін қарау.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

§9 тест тапсырмалары бойынша білімді тексеру

Кілт

1

2

3

4

5

С

А

С

А

В

IV Білімді өзектендіру

  • Access МҚБЖ-ның нысандарына жатпайтындар: макрос, сұлба, сұраныс, форма немесе қорытынды есеп. Сұрақтың жауабы: «сұлба».

V Жаңа тақырып

  • Бірегей көрсеткіш- мәндері қайталанбайтын көрсеткіш.

  • Түйінді көрсеткіш - бұл жазбаны бірмәнді анықтайтын көрсеткіш.

  • Көбінесе кестелерде түйінді көрсеткіш Санауыш типіндегі көрсеткіш қолданады.

  • Байланыстың үш түрі бар: Бірнешеге біреу, Бірге біреу, Бірнешеге көп.

  • Іс жүзінде мәліметтер қорында Бірнешеге біреу түріндегі кестелер байланысын қолданады.

  • MS Access-те кестелерді байланыстыру «Мәліметтер сұлбасы» деп аталатын арнайы терезе арқылы іске асырылады және мәліметтер қорымен жұмыс - Мәліметтер сұлбасы бұйрық жолағымен шақырылады.

  • Байланыс үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен көрсеткіштің бір кестеден басқа кестедегі сәйкес көрсеткішіне апарса, жеткілікті. Байланыс біріктіруші сызықпен көрсетіледі.

  • Сақталған мәліметтер сұлбасы мәліметтер қорымен жұмыс істеудің кез-келген сәтінде шақырылуы және өзгертілуі мүмкін.

VI Тәжірибелік жұмыс

«Байланысқан кестелер» тақырыбы қабылдауға қиын, сондықтан тәжірибелік жұмысты оқушылармен бірге орындаймын.

VII Қорытындылау

VIII Үй тапсырмасы

§10-ды оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру, (§6) сұраныс ұғымын қайталау














І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Класы: 11 «А» Күні: 12.11.2014

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық

Сабақтың тақырыбы: Дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу.

Сабақтың мақсаты: құжатқа растрлық бейнелеу енгізу дағдысын қалыптастыруға ықпал ету. Сызбалар құруды және векторлық графикалық бейнелеулермен жұмыс істеуге үйрету.

А) білімділік - оқушылар MS Word мәтіндік процессорына граффкалық редактордан сурет, Word Art нысанын, файлдан сурет қосуды, сызба құруды үйрету.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция, практикалық.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: сызу, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютерлік графика деген не?

  2. Қолдану бағытына қарай неше топқа бөлінеді?

  3. Құрылу әдістеріне қарай неше топқа бөлінеді?

  4. Пиксель деген не?

  5. Растрлық графика дегеніміз...

  6. Вектрлық кескін - бұл ...

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Мәтіндік құжатқа растрлық бейнелерді қою

Мұғалімалдымен жинақтан суретті қосудың тәсілін, содан кейін файлдан сурет қосуды көрсетеді.

WortArt нысанын қою

Оқушылар өз бетімен берілген нысанды қосу мүмкіндіктерін оқып-үйренеді.

Векторлық графикалық бейнелеу

Оқушыларға жолақтың Суретпен жұмыс істеу пішімі тіреме парағының бұйрығын бөледі. Әр оқушы тапсырма алады: берілген бағанның қолдану аясы мен мүмкіндіктерін барынша зерттеу.

Тапсырмалар батырмасы:

  • Сызықтар салу;

  • Сызық қалыңдығы,

  • Сызық типі;

  • Бағыттарын салу;

  • Тікбұрышты салу;

  • Сопақша салу;

  • Автофигуралар;

  • Жазу;

  • Сызықтар түсі, бояу;

  • Мәтін түсі;

  • Көлемі мен көлеңкесін салу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады. Сол бойынша жаңа сабақта алған білімдерін пысықтаймыз.

№1 тапсырма.

Рабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сынып

Өзіңе ұнаған суретті таңда. Суретке байланысты әңгіме құрастыр. 2-3

сөйлемнен тұратын мәтін жаз және тақырып қой,мәтінді қызыл түске боя.


№2 тапсырма. Вставка-Фигуры командаларын орындап, осы фигураны таңда, көріп отырғаныңдай көлеңкелермен орналастыр.




№3 тапсырма. Құттықтау парақшасын өзің қалағандай безендір. Мәтін енгіз.

Айдана!

Туылған күніңмен!


V. Үйге тапсырма

Өз қалауларыңша графикалық объектілері бар құжаттар әзірлеңдер, оны электрондық нұсқада дайындап, мұғалімге көрсету.

VI. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.




Рабочие программы на тему Күнтізбелік жоспар. 11 сынып

№1 тапсырма.

Өзіңе ұнаған суретті таңда.

Суретке байланысты 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін жаз және

тақырып қой, мәтінді қызыл түске боя.





№2 тапсырма.

Вставка-Фигуры командаларын орындап, осы фигураны таңда, көріп отырғаныңдай

көлеңкелермен орналастыр.






№3 тапсырма.

Құттықтау парақшасын өзің қалағандай безендір. Мәтін енгіз.

Расул-Хамза!

2 жасың құтты болсын!




№4 тапсырма.

WordArt-ты пайдаланып ХАБАРЛАНДЫРУ сөзін жаз.







Класы: 11 «Б» Күні: 12.11.2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Деректерді ұсыну пішіні (кестелер, сұраныстар, есептер).

Сабақтың мақсаты: деректерді ұсыну әдістерін, кестелерде орналасу түрін, сұраныс жасау, есептеулер жүргізуді үйрету.

А) білімділік - оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция, практикалық.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер, дайын кестелік мәліметтер.

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. MS Access терезесі қалай іске қосылады?

  2. деректер қоймасының терезе элементтерін ата

  3. өріс, баған, ұяшыққа анықтама бер.

  4. Деректер қоймасының негізгі белгісі қандай?

  5. ДҚ не үшін тиімді?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access - мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

- кестелер арасында байланыстар орнату;

- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

- туынды объектілерді - пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль - құру, түрлендіру және қолдану.

әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде - оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол - жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.

Деректері өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны «объект - қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.

Сыныптағы оқушылар тізімі:

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы - кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар - жазбалар деп, ал бағандар - өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.

Өрістер типтері

Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық.

Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.

Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің типі-символдық).

Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.

Кесте 1 - "Қызметкерлер" қатынасы.

Анықтама. Реляциялық деректер қоры қатынастар жиыны деп аталады.

Анықтама. Реляциялық деректер қорының схемасы деректер қорына кіретін қатынастың тақырыптар жиыны деп аталады.

Бірақ кез келген қатынасты кесте түрінде кескіндеуге болады, қатынас кесте бола алмайды. Бұл жақын, бірақ ұқсас емес түсініктер. Қатынас және кесте арасындағы айырмашылықтар төменде қарастырылады.

Реляциялық деректер моделіндегі терминдер тиісті «кестелік» синонимдері бар:

Реляциялық термин

Тиісті "кестелік" термин

Деректер қоры

Кесте жиыны

Деректер қорының схемасы

Кесте тақырыбының жиыны

Қатынас

Кесте

Қатынас тақырыбы

Кесте тақырыбы

Қатынас денесі

Кесте денесі

Қатынас атрибуты

Кесте тік жолының аталуы

Қатынас кортежі

Кесте жолы

Қатынас дәрежесі (-арность)

Кестенің тік жолының саны

Қатынас қуаттылығы

Кестенің жолының саны

Домендер және деректер типі

Кесте ұяшығындағы деректер типі

ІV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында орындалатын практикум-тапсырмалар.

ДҚ құруда тиімді жұмыс үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлап табу керек, мысалы:

  • Өрістің аты: Тегі

мазмұны: Молдыбаев

  • Өрістің аты: Телефон

мазмұны: 25-89-56

  • Өрістің аты: Айы

мазмұны: сәуір

Деректер төмендегі түрде кестеде сақталған:

Тегі, аты, әкесінің аты

Үй телефоны

Жұмыс телефоны

Ескертпе

Сержанов Берік Қанатұлы

22-45-18

44-59-18

Үйленген, ұлы мен қызы бар, жұмыс істегеніне 12 жыл.

Мысал. "Қызметкер_нөмірі", "Фамилия", "Еңбек ақы", "Бөлім_нөмірі" домендеріндегі "Қызметкерлер" қатынасын қарастырамыз. Барлық домендер әртүрлі, онда қатынас атрибутының атын тиісті домен атымен атауға болады. Қатынас тақырыбы келесі түрде:

Қызметкерлер (Қызметкер_нөмірі, Фамилия, Еңбек ақы, Бөлім_нөмірі)

Осы кезде қатынас үш кортежден тұрады:

(1,Иванов, 1000, 1)

(2, Петров, 2000, 2)

(3, Сидоров, 3000, 1)

мұндай қатынастың нақты көрінісі келесі түрде болады:

"Қызметкер_нөмірі"

Фамилия

"Еңбекақы"

"Бөлім_нөмірі"

1

Иванов

1000

1

2

Петров

2000

2

3

Сидоров

3000

1

V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать - жаңа ДҚ құру

Открыть - бар ДҚ ашады

Сохранить - ағымдағы объектіні сақтайды

Печать - құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу - таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ - ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства - таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашады.

Схема данных - кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект - ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник - көмекші шақырады.

VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз мектебіңдегі 11-класс оқушыларының тізімін жасап, оларды туған айы бойынша іздейтін командаларды орында.

  2. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр

Класы: 11 «В» Күні: 24.10.2014

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Реляциялық деректер қоры. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ).

Сабақтың мақсаты: Реляциялық деректер қорын жобалау және реляциялық деректер қоры элементтерімен таныстыру.

А) білімділік - оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. MS Access терезесі қалай іске қосылады?

  2. деректер қоймасының терезе элементтерін ата

  3. өріс, баған, ұяшыққа аныықтама бер.

  4. Деректер қоймасының негізгі белгісі қандай?

  5. ДҚ не үшін тиімді?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Деректердің реляциялық моделі.

Реляциялық деректер қорын жобалау. Реляциялық деректер қоры: деректер типі, домен, қатынас схемасы, деректер қоры схемасы, кортеждер және қатынастар, қатынас қасиеті, кілттер.

Деректердің реляциялық модель негізі алғашқы рет 1970 ж Е.Кодд мақаласындаы мазмұндалды. Бұл жұмыс реляциялық модель өркендеу алған үлкен санды мақала және кітап үшін стимул болды. Деректердің реляциялық моделінің ең көп тараған трактовкасы К.Дейтке жатады. Дейттің атйқанына сәйкес реляциялық модель үш бөліктен тұрады:

 Құрылымдық бөлімнен.

 Тұтастық бөлімнен.

 Манипуляциялықө бөлімнен.

Құрылымдық бөлім, реляциялық модельде қандай объектілер қарастырылады, соны сипаттайды. Реляциялық модельде қолданылатын деректердің жалғыз моделі болып қалыпты n-арлы қатынас табылады.

Тұтастық бөлім кез келген реляциялық деректер қорында кез келген қатынас үшін орындалатын арнайы түрдегі шектеуді сипаттайды. Бұл мән тұтастығы және сыртқы кілт тұтастығы.

Реляциялық модельде қолданылатын деректер типі.

Негізінен, деректердің реляциялық моделі үшін деректердің қолданылатын типі қажетті емес. Деректер типі қарапайым деген талапты қалай түсіну керек. Реляциялық операцияларда деректердің ішкі құрылымы саналуы керек. Мынадай әрекеттер сипатталу керек, деректерді бір бүтін етіп қарау, мысалы, деректердің сандық типін қою, жол үшін конкатенация операциясы болады және т.б.

Деректердің реляциялық моделінің фундаменталды түсінігі болып қатынас түсінігі табылады. Қатынас түсінігін анықтау үшін К. Дейт кітабына сүйенеміз.

1 Анықтама. Қатынас атрибуты болып жұп түрі <Атрибут_аты :Домен_аты>.

Қатынас шегінде атрибут аттары ерекше болу керек. Жиі қатынастың атрибут аттары тиісті домен аттарымен ұқсас болады.

Қатынастағы атрибут санның қатынас дәрежесі (немесе-арность) деп атайды. Қатынас кортежінің көпмүше мәні қатынас қуаты деп аталады.Алдыңғы бөлімге енгізілген қатынастың математикалық түсінігіне қайта келіп, келесі шешімді жасауға болады:

Мысал. "Қызметкер_нөмірі", "Фамилия", "Еңбек ақы", "Бөлім_нөмірі" домендеріндегі "Қызметкерлер" қатынасын қарастырамыз. Барлық домендер әртүрлі, онда қатынас атрибутының атын тиісті домен атымен атауға болады. Қатынас тақырыбы келесі түрде:

Қызметкерлер (Қызметкер_нөмірі, Фамилия, Еңбек ақы, Бөлім_нөмірі)

Осы кезде қатынас үш кортежден тұрады:

(1,Иванов, 1000, 1)

(2, Петров, 2000, 2)

(3, Сидоров, 3000, 1)

мұндай қатынастың нақты көрінісі келесі түрде болады:

"Қызметкер_нөмірі"

Фамилия

"Еңбекақы"

"Бөлім_нөмірі"

1

Иванов

1000

1

2

Петров

2000

2

3

Сидоров

3000

1

Кесте 1 - "Қызметкерлер" қатынасы.

3 Анықтама. Реляциялық деректер қоры қатынастар жиыны деп аталады.

4 Анықтама. Реляциялық деректер қорының схемасы деректер қорына кіретін қатынастың тақырыптар жиыны деп аталады.

Бірақ кез келген қатынасты кесте түрінде кескіндеуге болады, қатынас кесте бола алмайды. Бұл жақын, бірақ ұқсас емес түсініктер. Қатынас және кесте арасындағы айырмашылықтар төменде қарастырылады.

Реляциялық деректер моделіндегі терминдер тиісті «кестелік» синонимдері бар:

Реляциялық термин

Тиісті "кестелік" термин

Деректер қоры

Кесте жиыны

Деректер қорының схемасы

Кесте тақырыбының жиыны

Қатынас

Кесте

Қатынас тақырыбы

Кесте тақырыбы

Қатынас денесі

Кесте денесі

Қатынас атрибуты

Кесте тік жолының аталуы

Қатынас кортежі

Кесте жолы

Қатынас дәрежесі (-арность)

Кестенің тік жолының саны

Қатынас қуаттылығы

Кестенің жолының саны

Домендер және деректер типі

Кесте ұяшығындағы деректер типі

ІV. Сабақты бекіту.

Компьютерде MS Access деректер қоймасын ашу, кесте құру, мәлімет енгізу арқылы жұмыстар жасау.

  1. Телефонды мекен-жайлық кітап

  2. Кітапханадағы оқулықтар жайлы

  3. Сынып оқушылары туралы мәлімет

V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать - жаңа ДҚ құру

Открыть - бар ДҚ ашады

Сохранить - ағымдағы объектіні сақтайды

Печать - құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу - таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ - ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства - таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашад.

Схема данных - кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект - ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник - көмекші шақырады.

VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр

  2. Көшеңдегі мектепке жасына дейінгі ер, қыз балалар тізімін жасап, олар туралы толық мәлімет жинап ДҚ құр.








Класы: 11 «Б», «В» Күні: 22.10.2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік).

Сабақтың мақсаты: MS Access деректер қоймасының жалпы мағынасын, тиімділігін, пайдалану жолдарын үйрету.

А) білімділік - оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. ОЖ дегеніміз? Ол не үшін қажет

  2. Қандай ОЖ лерді білеміз?

  3. Windows XP деген не?

  4. Жұмыс үстелі туралы не білеміз? Мысал келтір.

  5. ОЖ туралы не айта аламыз?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

MS Access реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасы - қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық ДҚ-да барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қоймасымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.

MS Access деректер қоймасы ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұратулар жатады.

MS Access деректер қоймасын құрудың екі тәсілі бар:

Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады.

Бос ДҚ-н құру

MS Access -ті іске қосқанда диалог терезесі ашылады. Мұнда ДҚ құру н/е бұрыннан барын ашу ұсынылады. Жаңа ДҚ таңдап ОК басамыз.

Шебердің көмегімен ДҚ құру

  1. Файл-Создать командасын орында.

  2. Ашылған «Құрылу» диалог терезесінде «Деректер қоймасы» таңбашасын таңда. Экранда шебермен ұсынылған ДҚ тізімі пайда болады.

  3. Тізімнен сәйкес келетін ДҚ үлгісін таңда, ОҚ батырмасын басып ДҚ құру шеберән орында.

  4. Жаңа ДҚ файлы диалог терезесінде ашылған. Қапшық тізімінен құрылатын ДҚ-на орналастыратын қапшықты таңдап, Создать батырмасын бас.

  5. Терезеде шебер өзі құрған ДҚ қандай ақпараттан тұратынын хабарлайды. Осы диалог терезесінің төменгі жағында мына батырмалар бар:

  • Отмена - шебер жұмысын тоқтатады.

  • Назад - шебер жұмысының алдыңғы қадамына қайта келеді.

  • Далее - шебер жұмысының келесі қадамына барады.

  • Готово - орнатылған параметрлерімен ДҚ на шеберді жібереді.

  1. Жұмысты жалғастыру үшін Далее батырмасын басыңыз.

ІV. Сабақты бекіту.

Компьютерде MS Access деректер қоймасының ашу, кесте құру, мәлімет енгізу арқылы жұмыстар жасау.

  1. Телефонды мекен-жайлық кітап

  2. Кітапханадағы оқулықтар жайлы

  3. Сынып оқушылары туралы мәлімет

V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать - жаңа ДҚ құру

Открыть - бар ДҚ ашады

Сохранить - ағымдағы объектіні сақтайды

Печать - құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу - таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ - ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства - таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашад.

Схема данных - кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект - ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник - көмекші шақырады.

VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр

  2. Көшеңдегі мектепке жасына дейінгі ер, қыз балалар тізімін жасап, олар туралы толық мәлімет жинап ДҚ құр.








Класы: 11 «А» Күні: 8.10.2014

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары. Вирустардан сақтау шаралары. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қалай оқу керектігін ұйымдастыра отырып, вирус және вирусқа қарсы құралдар мен компьютерді қорғаудың басқа құралдарымен вирус іздеудің әртүрлі әдістерін қалыптастыру.

А) білімділік - оқушыларға вирус, антивирус деген не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін ұғындыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: компьютер, тапсырма жазылған бетшелер

Құрал-жабдықтар: оқулық, дәптер, дербес компьютер, Windows операциялық жүйесі,

Пәнаралық байланыс: орыс - ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ақпарат сөзі не мағына береді?

  2. Ақпаратты қорғаудың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не? - Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

  4. Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз? - Ақпараттың құндылығы оның міндеттерді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай-ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланысты болып келеді.

  5. Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз? - Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп атайды.

ІІІ. Ой қозғау.

  1. ДК қашан пайда болды?

  2. ДК-дің вируспен зақымдану белгілерін ата

  3. Вирус деген не? Вирустар қалай тарайды?

  4. Вирус компьютерге қалай түседі?

  5. Егер компьютер вируспен зақымданса, не істеу керек?

  6. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирус - «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа.

Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустар қайдан пайда болды? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.

Жаңа вирустық прогр-ң саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады. Сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирус-ң жұғу әдісін және олардын қорғануды білуі керек.

Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі. Олар шартты түрде келесі белгілері бойынша кластарға бөлінеді.

Мекендеу ортасы бойынша:

  • Желілік, компьютерлік желі арқылы тарайтын.

  • Файлдық, орындалатын файлға кіретін;

  • Жүктейтін, қатқыл дискінің немесе дискеттің жүктейтін секторына кіретін.

Зақымдау әдісі бойынша:

  • Резиденттік, ДК жадына жүктелетін;

  • Резиденттік емес, Дк жадын зақымдамайды және активті қалпында ұзақ уақыт сақталмайды.

Мүмкіндіктері бойынша:

-зиянсыз , қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті

Компьютердің вируспен зақымданғанын дер кезінде анықтау үшін вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілерін білу қажет:

  1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

  2. Компьютердің баяу жұмыс істеуі;

  3. Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы;

  4. Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;

  5. Дискідегі файлдар санының көбеюі;

  6. Бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

  7. Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар.

Компьютер вируспен зақымданғанда келесі операцияларды орындау керек:

  1. Вирус өзінің бүлдіретін функцияларын орындауын жалғастырмауы үшін компьютерді өшіру керек.

  2. Антивирустық программа орнатып, оларды іске қосу керек.

  3. Барлық файлдарды кері көшіру және архивтік көшірмелерді пайдалану арқылы қалпына келтіру керек.

Антивирустық құралдар

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады. Вирусқа қарсы программалар - ақпаратты қорғау құралдарының бірі. Заманауи вирусқа қарсы программалар 100 мыңдаған вирустарды іздеп таба алады, бірақ ешқайсысы 100% қорғауды қамтамасыз етпейді. Үйдегі тұтынушылар үшін Microsoft компаниясы зақым әкелетін программалар мен вирустардан тиімді қорғану үшін - Microsoft Security Essentials программасын ұсынады.

Вирустан қорғану дегеніміз - тек вирусқа қарсы жақсы программа емес, сонымен бірге тұтынушының желідегі және өз компьютері алдындағы сауатты іс-әрекеті.

V. Сабақты бекіту.

  1. Үйлеріңде компьютер вируспен зақымданды ма?оны қалай анықтадыңдар?

  2. Компьютер қалай зақымдануы мүмкін?

  3. Зақымдану белгілері пайда болғанда не істеу керек?

  4. Компьютерлеріңде вирусқа қарсы қандай программа орнатылған?

  5. Вирус қалай тарайды?

VI. Сабақты қорытындылау.

Ақпараттық диктант

2004 жылы Германия оқушысы Sasser вирусын жазып шығып, іске қосты. Ол француздардың жаңалық агенттіктерінің жерсерік байланысын істен шығарып, Delta компаниясының бірнеше әуе рейсін ұшырмай қойған. Мұндай сән-салтанатты сыйлықты жасөспірім өзінің 18 жасқа толған мерейтойына жасаған.

Тарихтағы ең бірінші интернет вирус 1988 жылы пайда болды. Morris вирусы мыңдаған компьютерлерді зақымдады және шындығында ғаламтордың жұмысын бір күн бойына тоқтатып қойды.

Ең кең жарнамаланған вирус - ол CIH («Чих» немесе «Чернобыль»). Ол Тайваньнан 1998 жылғы маусым айында келген. «Чернобыль» файлдарды зақымдап, жедел жад арқылы көбейген және таралған. Ол BIOS микросызбаларын қайтадан жазып шықты және компьютерлерді істен шығарды.

V үлгісіндегі Sober вирусы ең қызықтырғыш және ең алдамшы вирус болып табылады. 2006 жылы Германияда өткен дүниежүзілік футбол додасына тегін билет алуға дәмелендіріп, зақымдаудың едәуір деңгейіне қол жеткізді. Абырой болғанда тұтынушылардың басым бөлігі сақтық танытқандықтан, вирус құрушы эпидемия тарата алмады.

Ең дөрекі вирус мәртебесіне еш күмәнсіз Cisum.A ие бола алды. Бұл вирус, зақымданған компьютерлердегі вирустан қорғану жүйелерін істен шығарып, тұтынушыға : «Сен ақымақсың» деген хабарлама жіберетін болған. Ол экрандағы кішкене терезеде көрініп қана қоймай, әрбі 5 секунд сайын компьютердің колонкаларынан дыбысталып отырған.

Ең сезімсіз вирус - ол Zar A.ол тұтынушыларды зақым әкелетін коды бар файлды ашуға мәжбүр ету үшін Азиядағы цунами нәтижесінде жәбір шеккендерге қайырымдылық көрсету тақырыбын пайдаланды.

Ең тез тарайтын вирус - ол әйгілі «Мелисса». Онымен бір күн ішінде, 1999 жылы 26 наурызда, бүкіл дүние жүзі бойынша 100 мың компьютер зақымданды. Бұл сол кездегі әлемдегі іскерлік компьютерлердің 20%-ын құрады. Melissa-ның электрондық пошта арқылы жылдам тарағаны соншалық, тіпті көптеген ірі корпороциялар, Intel және Microsoft компаниялары ішкі пошталарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

VIII. Үйге тапсырма беру

Өз беттеріңмен интернеттен вирусқа қатысты мәліметтер жинақтап, реферат жазып келу.






Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 8.10.2014

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды программа туралы түсінік беру, жүйелік программалардың негізімен таныстыру.

А) білімділік - оқушыларға компьютердің программалық жабдықтамаларының маңызын ұғындыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.

Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?- Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.

  2. Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі? - Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.

  3. Программалау жүйесі не үшін қажет?- Программалау жүйелері программалау тілдері мен арнайы программаларды құрайды. Олардың көмегімен құрылған программалар компьютердің жадына енгізіледі, ретке келтіріліп, тексеріледі және орындалады.

  4. Программалау тілдерін ата? - Паскаль, бейсик, Си, Фортран, Ассемблер. т.б.

ІІІ. Ой қозғау.

  1. Windows XP деген не?

  2. Жұмыс үстелі туралы не білеміз? Мысал келтір.

  3. ОЖ туралы не айта аламыз?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ОЖ- компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет.

ОЖ-бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

ОЖ пайдаланушымен диалог жасай алады, орындалатын басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жадты, дискідегі орынды және т.б.) бөледі.

Дербес компьютерді, демек, олардың операциялық жүйесін дүие жүзінде жүздеген миллион адам қолданады.

ОЖ-лер компьютерге арналған параметрлері бойынша ерекшеленеді.

  • Бірміндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.

Бірміндетті ОЖ-лер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде біз Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс жасаймыз.

Ол көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.

Ол тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл ОЖ деңгейінде кез келген операцияны Windows-тан шықпай-ақ орындауға болады.

Windows графикалық жүйе болып табылады. Пайдаланушы командаларды мәтіндік жолдар түрінде пернетақтадан енгізудің қажеті жоқ. Тек маусты пайд-п экраннан қажет командаға шертіп сәйкес батырманы шертіп қажетті операцияны таңдау керек.

UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.

Windows-ты баптау

Бас меню мен Міндеттер панелінен басқа Windows -тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі д.а. жүйелік қапшық арқылы орындалады. Қапшықты ашу үшін Пуск-Настройка-Панель управления орындау керек.

  • Күнді және уақытты баптау;

  • Оқиғаларға дыбыс тағайындау,

  • Жұмыс үстелі рееңінің өрнегін баптау;

  • Заставка (қыстырмалар);

  • Рәсімдеу схемаларын баптау;

  • Маус жүрісін баптау;

V. Сергіту сәті.

Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу


Ақпарат

Информация

Information

Терезе

Окно

Windows

Тышқан

Мышка

Mouse

Бос орын

Пробел

Proble

Сақтау

Сохранить

Save

Ашу

Открыть

Open

Баспаға беру

Печать

Print

Менің компьютерім

Мой компьютер

My computer

VII. Сабақты бекіту.

Компьютерде Windows баптауларын орындау арқылы бекітіледі.

VII. Сабақты қорытындылау.

ОЖ дегеніміз?

Ол не үшін қажет

Қандай ОЖ лерді білеміз?

VIII. Үйге тапсырма беру

  1. Өз ДК-де Windows -тың баптауларын орындап көру.

  2. Интернеттен ОЖ тақырыбына реферат дайындау.

  3. Тест тапсырмаларын дайындау









Класы: 11 «А» Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық Күні: 9.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер. Компьютерлік құқықбұзушылық түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау, қауіпсіздік саясатының негізгі эелементтерін таныстыру. Қорғаныш тәсілдерін, мақсатын, қорғаныш жүйесінің міндеттері туралы мағлұмат беру.

А) білімділік - оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік маңызын ұғындыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалан білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.

Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?

  2. Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі?

  3. Программалау жүйесі не үшін қажет?

  4. Программалау тілдерін ата?

ІІІ. Ой қозғау.

  1. Ақпарат сөзі не мағына береді?

  2. Ақпарат көздерін ата

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай күйі.

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізушілік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық)- саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік.

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.

Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, сондай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытыраңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы. (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпияя ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).

Қорғаныштың мақсаты - қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқа келтіруге бағытталған әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің бірыңғай жүйесін құру. Жүйе жұмысын қалыпты режимде көзделмеген осындай оқиғалардың біреуінің пайда болуы рұқсат етілмеген қатынас құру деп саналады.

V. Сергіту сәті.

Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу


Ақпарат

Информация

Information

Терезе

Окно

Windows

Тышқан

Мышка

Mouse

Бос орын

Пробел

Proble

Сақтау

Сохранить

Save

Ашу

Открыть

Open

Баспаға беру

Печать

Print

Менің компьютерім

Мой компьютер

My computer

VI. Сабақты бекіту.

  1. Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не? - Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

  2. Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз? - Ақпараттың құндылығы оның міндеттерді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай-ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланысты болып келеді.

  3. Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз? - Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп атайды.

VII. Сабақты қорытындылау.

Қорғаныш жүйесінің міндеттерімен таныс болайық:

  • Жасырын және өте жасырын ақпараттарды онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау.

  • Деректер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден қорғау.

  • Деректер мен программалардың бұзылуының салдарынан болатын шығынның көлемін азайту.

  • Есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын-алу және т.б.

Ақпаратты қорғау жүйесі - деп белгіленген қорғаныш мәселерін шешу үшін онда көзделетін барлық құралдар, әдістер және шаралардың ұйымдастырылған жиынтығын айтады.

VIII. Үйге тапсырма беру

  1. Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау тақырыбы бойынша интернеттен мәлімет жинақтау.

  2. Информатика пәніне байланысты термин сөздерді жинақтап сөздік құрастыру.



Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 1.10.2014

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды программа туралы түсінік беру, жүйелік программалардың негізімен таныстыру.

А) білімділік - оқушыларға компьютердің программалық жабдықтамаларының маңызын ұғындыру.

Б) дамытушылық - жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік - оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: карточкалар, қосымша мәліметтер

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, дәптер т.б.

Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері

І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ақпарат сөзі не мағына береді?

  2. Ақпарат көздерін ата

  3. Хабардың ақпараттық көлемі дегеніміз не?

  4. Ақпаратты кодтау дегенді қалай түсінеміз?

  5. Ақпарат құндылығы жайлы не білеміз?

ІІІ. Ой қозғау.

  1. Программа деген не?

  2. Қандай программаларды білеміз?

  3. Программалық тілдерді ата

IV. Жаңа тақырыпты түүсіндіру.

Программа - магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып, сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.

Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік программалардың ішіндегі ең негізгісі операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.

Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.

Қолданбалы программалар арнайы және әмбебап деп екіге бөлінеді.

Арнайы программаларға, бухгалтерлер (бухгалтерлік прог-р), жобалаушылар (автоматтандырылған жобалау жүйелері), дәрігерлер (медицина бойынша эксперттік жүйелер және т.б.)сияқты бір саланың мамандары пайдаланатын программалар тобы жатады.

Әмбебап программаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошта программалары, яғни пайдаланушылардың үлкен тобы қажет ететін программалар жатады.

Сонымен бірге бір-бірімен өзара байланысқан бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін, интегралданған пакет программалар бар. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Операциялық жүйе дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау негізін құрайды.

Драйверлер - операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т.б.) қарым-қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар.

V. Сергіту сәті.

Қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі шеберлігін анықтау, сөздіктерді табу


Ақпарат

Информация

Information

Терезе

Окно

Windows

Тышқан

Мышка

Mouse

Бос орын

Пробел

Proble

Сақтау

Сохранить

Save

Ашу

Открыть

Open

Баспаға беру

Печать

Print

Менің компьютерім

Мой компьютер

My computer

VII. Сабақты бекіту.

  1. Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?- Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.

  2. Қолданбалы программалардың тағайындалуы. Олар қалай жіктеледі? - Қолданбалы программалық жабдықтама мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар мен графикалық объектілерді құруға, есептеулер жүргізуге, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға болады.

  3. Программалау жүйесі не үшін қажет?- Программалау жүйелері программалау тілдері мен арнайы программаларды құрайды. Олардың көмегімен құрылған программалар компьютердің жадына енгізіледі, ретке келтіріліп, тексеріледі және орындалады.

  4. Программалау тілдерін ата? - Паскаль, бейсик, Си, Фортран, Ассемблер. т.б.

VII. Сабақты қорытындылау.


Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы

Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау


Қолданбалы жабдықтау

Бағдарламалар жүйелері

Жүйелі жабдықтау


VIII. Үйге тапсырма беру

  1. Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою тақырыбына қатысты іздену.

  2. Информатика пәніне байланысты термин сөздерді жинақтап сөздік құрастыру.


© 2010-2022