Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен

танысуды жалғастыру;

  1. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра

отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын

арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы

бейнелеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, практикалық жұмыс парағы.

Пән аралық байланыс: бейнелеу, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Сурет салам - гүл саламын,
«Гүлге толып тұрса алаңым».
Сурет салам күн саламын,
«Күндей күліп тұрса маңым».
Сурет салам - қала салам,
«Болсын барлық баласы аман».
Сурет салам - Адам салам,
«Қорған болсын маған, саған».

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Графикалық редактор не үшін қажет?

  2. Paint графиктік редакорын қалай іске қосамыз?

  3. Paint графиктік редакорының терезесінің негізгі элементтерін ата?

  4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?

  5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?

  6. Мәтін түсін қалай өзгертеміз?

  7. Сурет салу тәсілі қандай?

  8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?

Өткен сабақты қорыту:
Сұрақтар: (ерекшелігі: жауаптары тек қана ағылшын әріптерімен жазылады. Барлық сұрақтар пернетақтаның пернелеріне байланысты қойылады).

1. Меңзерді бір бетке жоғары жылжыту пернесі. (PageUp)
2. Бұл пернені бір рет бассаңыз біріңғай үлкен әріптер, екінші рет басылса
біріңғай кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне? (CapsLock)
3. Енгізу пернесі. Бұл пернемен әріпті қатар бассаңыз үлкен әріппен,
басылмаса кіші әріппен жазылатын пернесі. (Shift)
4. Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі. (End)
5. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. Қандай перне? (Delete)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақ туралы түсінік.

Графикалық редактор графикалық редакторының құралдары туралы қысқаша түсіндіру.

  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында негізінен 6 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары 5 класс

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

IV. Қосымша тапсырма: А, В, С деңгей тапсырмаларын орындаймыз.
Практикалық жұмыс №1
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосыңдар
2. Сүйікті ойыншығыңның суретін салыңдар.
3. Салған ойыншығыңның түсін бояңдар.
4. Суретті ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Қар бүріккіштер бейнесін қосыңдар.
С деңгейі:
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Суретке мәтін қосыңдар.
3. Суретті ойыншық деген атпен «jpeg»
пішінде сақтаңдар.
Практикалық жұмыс №2
А деңгейі:
1. PAINT графикалық редакторының іске қосамыз.
2. Аққаланың суретін саламыз.
3. Салған суреттің мөлшерін үлкейтеміз.
4. Ашық көкке аққаланы, басындағысын қызылға, мұрынын сары түске бояймыз.
5. Суретті аққала деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
В деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Аққаланың қасына шыршаның суретін саламыз.
3. Шыршаның түсін бояп, әдемілеп ойыншықтарын саламыз.
4. Суретті жаңа жыл деген атпен «bmp» пішінде сақтаңдар.
С деңгейі:
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. «Жаңа жылқы жылы жақсылыққа жеткізсін» мәтінін
жазамыз.
3. Суреттің астына аты жөніңді сыныбыңды жазып
қойыңдар.
4. Суретті құттықтау деген атпен «jpeg» пішінде сақтаңдар.
Енді балалар шаршап қалған шығармыз, олай болса көз жаттығуын жасап алайық.
Көз жаттығуы:
 Бір нүктеге 2-3 минут көз алмай қарап тұрамыз.
 Көзіміздің қарашығын жоғары, төмен, оңға, солға қозғалту арқылы көзімізді жаттықтырып аламыз.
V. Шығармашылық тапсырма.
№1 «Қарақшы» тапсырмасы
а) Қарақшының суретін саламыз.
1. Дөңгелек, төртбұрыш, түзу сызық фигураларын пайдалана отырып сурретті саламыз.
2. Таңдап алып, салып отырған фигуралардың барлығын қанық түспен бояймыз.
ә) Қарақшы суретінің көшірмесін жасаймыз.
б) Көшірмесінің көлемін үлкейтеміз.
№2 «Суретші» тапсырмасы
Бұл суретті үшбұрыш, төртбұрыш, түзу сызық фигураларының көмегімен саламыз.

Сабақты бекіту сұрақтар:

  1. Графикалық редакторының құралдарының бір -бірінен айырмашылығы;

  2. Қисық сызықты қолданғанда қандай ережені есте сақтау керек;

  3. Paint графиктік редакторының мәтін енгізу жолы;

  4. Біз қандай тапсырмалар орындадық және неше құралды қолдандық;

Бағалау

Үйге тапсырма: Компьютерде графикалық редакторды сақтау,ашу тақырыбын оқып келу.




© 2010-2022