Урок на тему Компьютерлік желілердің тағайындалуы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директорының оқу- ісі жөніндегі


орынбасары:_______________ Г. Аралбаева

30.11.15

2

186


07.12.15

2

185



















Сабақ жоспары № 12

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің тағайындалуы

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі: Компьютерлік желілердің тағайындалуы туралы жалпылай түсінік беру.

Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік желілерді қолдануға үйрету.

Тәрбиелік : Студенттерді ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, конспекті жазу

Пән аралық байланыс:Ағылшын тілі.

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Интернет желісі.

Құрал-жабдықтар: Компьютер


Сабақ/оқу барысы


Сабақ / оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша

білім деңгейлерін

тексеру(үй тапсырмасын

сұрау)

Венн диаграммасы


Ауқымды желі

Ортақ қасиеттері

Жергілікті желі


3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Жоспары:

  1. Желідегі қызмет түрлері.

  2. Негізгі түсініктер

Виртуальды байланыс туралы түсінік. Кәдімгі пошта арқылы екі адамның қарапайым мәлімет алмасуын қарастырайық. Егер олар бір-біріне тұрақты түрде хат жіберіп, хат алып тұратын болса, олардың арасында тұтынушы (қолданбалы) деңгейінде байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын өздері алып бармайды, пошта жәшігіне сала салады, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар көмегімен мәлімет алмасу түрін виртуальды (нақты болмағанымен елестетуге болатын) байланыс деуге болады. Мемлекеттік пошта қызметі де өз жұмысында осындай төменгі деңгейдегі байланыс арқылы жүзеге асырылады, мысалы, хат алмасу теміржолдың пошта-багаж қызметін ұйымдастыру жолымен атқарылады. Тек осы қызмет бабының жұмысына қарап, біз екі қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз.

Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі. ISO/OSI моделінде компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы орындалатыны айтылған болатын. Енді әртүрлі құрылықтарда орналасқан компьютерлер арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық.

  1. Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.

  2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

  3. Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

  4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.

  5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол адреспен толықтырылады.

  6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

  7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады.

Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жөнелткен сервер мен оны қабылдап алған клиент кмпьютері хаттамаларының әртүрлі деңгейлері бір-бірімен тікелей әрекеттеспей, олар тек физикалық деңгей арқылы байланысады. Мәліметтер бірте-бірте жоғары деңгейден төменгі деңгейге үздіксіз түрлене отырып, қосымша деректермен толықтырылады да, олар деңгейге сәйкес хаттамалар арқылы қадағаланып тексеріліп отырылады. Осындай тәсілмен екі компьютердің бір-бірімен виртуальды байланысы жүзеге асырылады.

Желідегі қызмет түрлері. Қазіргі Интернетті пайдалану қызметтерінің барлығы да осы виртуальды байланысқа негізделген. Мәліметтерді тасымалдау қызметі желілік деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

Виртуальды байланыс туралы түсінік.

  1. Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі

  2. Виртуальды байланыс ерекшеліктері

  3. Желідегі қызмет түрлері

5

Үйге тапсырма

Оқу (Компьютермен жұмыс жасау)

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Пән оқытушысы ___________ С.Кобекова



© 2010-2022