Сабақ жоспарыАқпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспарыАқпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ақпаратты енгізу манипуляторымен (маус, трекбол, терте, сканер) және принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру; Дамытушылык: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқульгқ, жүмыс дәптері,

электронды оқулық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сүрақтары:

  1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар, олардың атқаратын қызметін айтыңдар.

  2. Монитор, жүйелік блок, пернетақта

  1. Компьютер жадысының қандай түрлері бар?

  2. Ішкі және сыртқы жад. Ішкі жад - жедел жад немесе оперативті жадтайтын

құрылғы. Оның екі түрі бар: тұрақты жадтайтын, жедел жадтайтын құрылғы.

• Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар

ТЖҚ ақпаратты тұрақты сақтайды, компьютер өшірілген кезде ондағы апарат * бұзылмайды, ал ЖЖҚ ақпаратты уақытша сақтауға арналған, компьютерді өшіргенде апарат бұзылады.

Жаңа түсініктер:

Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - "Маус" манипуляторымен жабдықталған.

Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі: ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Сабақ жоспарыАқпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы (5 сынып)

Сабақ жоспарыАқпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы (5 сынып)

Сабақ жоспарыАқпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы (5 сынып)

Бір-біріне перпендиқуляр біліктер (валиктар)

Резеңке шарик





Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар:

- Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның
шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді
қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде колданынады.

  1. Пенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу
    мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.

  2. Инфрақызыл маустың әдетгегі маустан айырмашылығы - оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.

Компьютерлік ойындар үшін рычагты басу типті тертелер (джойстиктер), джойпадтар, геймпадтар және штурвалды-педальді құрылғылар қолданылады.

Маус - бұл манипуляторлык, типті енгізу қүрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде

жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуга (қозгалтуга) және объектілерді басқаруға арналган. Трекбол - бул маустңц функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданшатын құрылғы. Джойстик(терте) - кішкене рычагты манипуяятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.

Графикалык деректерді енгізу құрылғысы. Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.

  1. Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер
    материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.

- Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.

Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.

  1. Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады,

  2. Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі - оның негізгі параметрі.

  3. Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.

  4. Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.

БАСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Принтерлер - басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде колданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалык, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.

  1. Матрициалық принтерлер - бұл карапайым басу құрылғынары. Деректер қағазға инелгрдің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер турінде шығарылады.

  2. Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.

- Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінін нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді.Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.

Қандай ақпараттарды /. мәтіндік

принтерге 2. графіікалық

шығаруға болады? 3. кестелік

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Қандай ақпаратты енгізу манипуляторлары бар? Олардың айырмашылығы кандай?

  2. Қандай графикалық деректерді енгізу құрылғылары бар?

  3. Олардың айырмашылықтары қандай?

  4. Принтердің қандай түрлері бар?

  5. Олардың айырмашылықтары қандай?

Үйге тапсырма: оқулықтағы тақырыпты оқу, сөзжұмбақ дайындау


© 2010-2022