Жаңа оқытудың ақпараттық технологиялар

Жаңа ақпараттық технологиялар   Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады.[3,8]   Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға е...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру - бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.

І. Кіріспе бөлім.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

ІІ. Негізгі бөлім

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.


Коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web -сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық - бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;

3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың - шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу:
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:
- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау:
Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады:
- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру:
- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету:
- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.

Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?

Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.

Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.

Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.

Мұғалім - сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі

АКТ-ны қолданатын сабақ

Дәстүрлі сабақ

ақпаратты беру

оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады

мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы

жұмыс қарқыны

әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады

мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады

оқушымен кері байланыс

түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.

ағымдық бақылау

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:

1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;

2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;

3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:

· мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);

· компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;

· дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;

· тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);

· оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;

· осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.

АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді

Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.

Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.

Жаңа материалды игеру

1. Сыныппен фронтальды жұмыс.

Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Мұндай презентацияларға, әсіресе, геометрия сабақтарында стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта чертеж салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.

2. Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.

Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:

1) жаңа материалды игеру жоспарын;

2) аралық бақылау сұрақтарын;

3) толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады.

Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді.

Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру

1. Фронталды сұрақ-жауап.

Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы оны дыбыстайды.

2. Оқушының өздік жұмысы.

Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды игермей, келесіге көше алмайсың - компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге, нашар оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі бодады. Оқушының осы арадағы іс-әрекеті :

1) өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады;

2) сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды;

3) дәл осындай есепті дәптерде шығарады және шешуін компьютердегі «шпаргалканы» ашу арқылы тексереді;

4) мұғалім ұсынған осындай тапсырманы баға алу үшін орындайды немесе осындай есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді.

3. Практикум сабақтары.

1) оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады.

2) оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады, көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;

3) қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;

4) оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.

Оқушының өз бетімен жұмысы

1. Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі.

2. Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.

3. Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).

Білімді бақылау

Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады.

Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:

o математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;

o компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;

o оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;

o оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін қалыптастыру;

o білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;

o жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.

Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сыныптарда математика сабағында интерактивті тақтаны қолданып, сабақтарымды өткіземін. Математика сабағынан алған теориялық білімдерін оқушыларға интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып бекітуді ұсындым. (Кез келген тақырыпты )

Сабақты 3 кезеңге бөлем.

1-кезең

- бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді

- оны жаңа сабақпен байланыстырады

- пәнге деген қызығушылығын арттырады

2-кезең

- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді

- өз пікірлерін жеткізе алады

3-кезең

- оқушылар үйренгенін саралап өткізеді

- компьютер үдістері арқылы бір жобаға салады.

Осы кезеңнен кейін оқушылардың танымдылық іс-әрекетінің дамуының деңгейін анықтау кестесін қолданамын. Оқушылардың есеп шығару барысында қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріліп қиындығы әртүрлі есептер берген жөн.

Мысалы, Геометриялық прогерессия тақырыбын алсақ. Формула бойынша есептеп шығарған кезде оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынуға болады.

- бірінші мүшесі мен еселігі берілсе n-ші мүшесін қалай табуға болады?

- тізбек берілсе n-ші мүшесін қалай табамыз?

- еселігі мен n-ші мүшесі берілген болса бірінші мүшесін қалай есептеуге болады?

Осы сұрақтарды талдау нәтижесінде -

, ,

Формуланы пайдалану керектігін айтып көз жеткіземіз.

Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың ақыл-ойымен іс-әрекеттерін шығармашылықпен дамитынын көрсетеді. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында әр-түрлі есептер дайындап келулерін ұсынамын. Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келуге тиіс. Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын. Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.

Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың ,не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды білімге қызығушылығын , ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

ІІІ.Қорытынды:

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші - мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл

3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4. «математика және физика » журналы №4, 2007 жыл

5. . Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Жарияланды 8-01-2013, 16:48 Категориясы: Ағылшын тілі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп - интернат ағылшын тілі пәнінің
оқытушысы Н. Аманова

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев

«Инновациялық» деген сөз - латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.
Ақпараттық технология

Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір - бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

Шығармашылық іс - әрекет
Зейін
Есте сақтауы
Интеллектісі
Ойлауы

Оқытудың компьтерлік технологиясы - оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Мен өзімнің тәжірибемде:
- дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).
- компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).
- Интернет - технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e - mail - ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.) жиі пайдаланамын.

Компьютерлік оқыту технологиясы - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі - білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.
Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Мен өзімнің сабақтарымда:
Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.

Қолданылған технологиялар: жобалау, компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын, топтық т. б. элементтерін қолданамын.
Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай - ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық - анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:
- компьютер - оқушы білімін бағалау құралы;
- компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;
- мультимедиа - технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;
- Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;

1. Компьютер - оқушы білімін бағалау құралы;
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд - фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
«Компьютер көрнекі - бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым - қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады»

2. Электрондық оқулық - оқушыны осы оқулықпен таныстыру.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін өте маңызды әрі мағыналы жұмыс. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын туындаған проблемаларға аударамын. Мысалы: 10-шы сыныпқа арналған электрондық оқулықта әр тақырыпқа сай толық мәлімет берілген.

3. Мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал.
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.

4. Интернет желісімен жұмыс жасағанда:
- Жобалардың презентацияларын дайындау.
- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.
- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.
- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.
- Өзін - өзі бағалау.

5. Интерактивті тақтаны пайдалану:
- Интерактивті тақта - басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
- Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
- Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

М. М. Елекешева

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті,

З. Р. Мурзабекова

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,

Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

 Тұтынушының қолдану сапасында;

 Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

 Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

 Материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

 Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

 Компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

 Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

 Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

 Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

 Ақпарат іздеу жүйесі;

 Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

 Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

 Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

 Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер - бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп - жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

 әр түрлі форматты файлдар;

 мәліметтер қоры;

 бағдарламалық модульдер;

 жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар - бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде "Human - Computer Interface" - «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

 ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып,Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

 жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

 оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

 білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

 сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

 Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

 желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

 оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

 қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

 іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;

 қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

Әдебиеттер

1. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. - Алматы, 2001.

2. Информационные технологии. - Москва, 2005.

Жаңа ақпараттық технологиялар

Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады.[3,8]

Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға елеулі үлес қосқан.Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі.[4,6]

Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды.[5]

М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.[9,5]

Білім берудегі тез қарқынмен компьютерлендіру өзектілігі мына факторлармен түсіндіріледі.[10]

- Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

- Оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.

- Компьютер жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату.[13]

Қазіргі кезде танымдық қажетсіну ол- жаңа ақпаратты қажетсіну дейміз. Ендеше компьютерлік, ақпараттық техника мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандау кезенінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге себін тигізеді.[26,17,20]

Оқу әдістемелік құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу процесіне енгізу басты шарттың бірі. Ғылыми әдебиеттерде технология түсінігіне уақыт өткен сайын әр түрлі анықтамалар беріледі. Оның ішінде «Технология-бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдармен түсіндірілетін объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын процесс »

Қазіргі кезде оқу ақпаратының ең ауқымды кең тараған формасы (технология деп те атаймыз) - Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу.[23,29]

Зерттелінген ғылыми-педагогикалық, техникалық әдебиеттерден «Компьютер» ұғымына төмендегідей анықтама берілген. Б.Бөрібаев «Компьютер» есептеуіш (computer түбірі лат.compute-санау, есептеу), компьютер,вычислитель есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Компьютер -ЭЕМ- нің ғылыми жәнеғылыми көпшілік әдебиеттерден (негізінен ағылшын тілінде) қабылданған атауы. Компьютерлендіру-computeruzation- компьютеризация, компьютерлік қызмет көрсету өнеркәсібінің даму процесі және оны қоғамда кеңінен пайдалану кәсіпорындарда мекемелерді және оқу орындарын компьютерлік техникалармен жабдықтау және оны қолдану саласында тұрғындарға жалпы білім берудің деңгейін арттыру.[11,19]

Технология терминінің түсіндірмесі әрқилы. Егер қазіргі кездегі баспасөз материалдарына жүгінсек, бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген екен. Олар: қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдірілген технологиялар, баламалы технологиялар, дамыта оқыту технологиялары және авторлық мектептер. Олардың әрқайсысы ғылыми тұжырымдамаларға негізделген мазмұны мен әдістемесінде ерекшеліктері бар, үрдістің мәнін түсіндіре алатындай құралған.Педагогикалық технологиялардың құрылымы мынандай болуы тиіс:

а) Тұжырымдық негізі;

ә) Оқытудың мазмұндық бөлімі:

Оқытудың мақсаттары жалпы және тікелей;

Оқу материалының мазмұны;

Б) Іс әрекет (үрдістік) бөлімі технологиялық үрдіс:

Оқу үрдісін ұйымдастыру;

Оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;

Мұғалімнің материалды меңгерту үрдісін басқарудағы іс әрекеті;

Оқу үрдісінің диагностикасы.[2,4,10]

Ал, технологияға қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынандай болуы тиіс:

Концептуалдық (тұжырымдамалығы) белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену.

Жүйелілігі үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы біртұтастылық.

Басқаруға икемділігі диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсаты мен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту.

Тиімділік конкуренция жағдайында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі.

Қайта жаңғырту басқа бір білім беру мекемелерінде басқабір адамдардың қолдану мүмкінділігі.[19,21]



© 2010-2022