Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.01.2016 ж. Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Информатика. Пән мұғалімі: Токанова Н.О.

«Біле бер, қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле.»

Жүсіп Баласағұн

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері

Жалпы мақсаты

Microsoft Word мәтіндік процессорында дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады және мәтінді өңдей алады.

Оқу нәтижелері

Мәтінді мәтіндік процессорда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады;

мәтінді редакциялауды үйрене алады;

мәтінді өңдей алады.

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары;

интерактивті тақта,электрондық оқулық;

Деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі

ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с

Үй тапсырмасы

Уақыты: 5 мин

«Алтын қоржын» ойыны.

Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 10 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әрбір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.

1.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

2. Microsoft Word программасын іске қалай қосамыз?

3. MS Word процессорының мүмкіндіктері?

4. MS Word терезесінің элеметтері?

5. Жаңа құжатты қалай құрамыз?

6. Құжатты қалай сақтаймыз?

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)

Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин

Жаңа сабақ

ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу -екінші сауаттылық.
Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.
Пішімдеу - деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейін де жүргізуге болады.

Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып: әр түрлі қаріптерді пайдалануға; жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға; беттегі мәтінді туралауға болады.

Пішімдеу панелі:

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - стиль

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - шрифт

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - шрифтің размері

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - жартылай қарайтылған

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)- курсив

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - асты сызылған

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - ортасы бойынша туралау

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - оң жақ шеті бойынша туралау

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - оңжәне сол жақ шеті бойынша туралау

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - жолдарды нөмірлеу

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) - маркер қою

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)- солға шегініс жасау

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)- оңға шегініс жасау

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып) -қаріп түсін таңдау

Деңгейліктапсырмалар. Практикалық бөлім. Әр оқушыға тапсырмалар таратылады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға «Алтын барыс» суреті беріліп отырады. Компьютерге отырмастан бұрын электронды есептеуіш машиналарымен жұмыс кезіндегі ережелерге тоқталып, еске түсіреміз.

А-деңгей:

Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін курсивпен жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз.

Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.

В-деңгей:

Мына мәтінді теріп жаз, «Пішімдеу» сөзін түрлі түсті етіп ерекшеле және екінші сөйлемнің шрифтінің түсін қызыл етіп өзгерт. Мәтінді оң жақ шеті бойынша турала!

Пішімдеу - деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.

С-деңгей

Мына мәтінді алдына «маркер» қойып, ортасы бойынша туралап, курсивпен теріп жаз.
Алтын емле белбеу - алтын шапқан, әшекейленген белбеу.
Берен белбеу - қымбат металдан жасалған белбеу.
Гауһар кәмәр - гауһармен сәнденген белбеу
Зер белбеу - алтынмен әшекейленген белбеу.
Қамар белбеу - зерлі, әшекейлі белбеу.

Сергіту сәті (Сөзжұмбақ шеші жіне жаттығу)

Беркіту тапсырмасы:

sin_kaz электрондық оқулығы №6 модульдің 5 және 6 тапсырмаларды орындау.

Қорытынды

Уақыты: 6 мин

Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?


Үй тапсырмасы

Уақыты:

2 мин

Үйге: тақырыпты оқу. Пішімдеу және стандарты құрал-саймандар қатарының батырмаларын жаттау.

Бағалау

Уақыты:

2 мин

Формативті (қол белгісі арқылы, алтын барыс суреті арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.

Дерек көздер

Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика-6» оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012, sin_kaz электрондық оқулық, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары

















№2 Қосшы орта мектебі

Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері (6А сынып)



Тақырыбы:

«Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері»

Сыныбы: 6 «А»

Информатика пән мұғалімі: Токанова Н.О.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022