Презентацияны құру 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Презентацияны  құру Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  Рower Point программасында презентация құруға, дайындалған презентацияларды безендіруге  үйрету; Дамытушылық:  Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа көшу тәсілдерімен, мәтін элементтерін безендіру кезінде таным белсенділіктерін арттыру; Тәрбиелік: Оқушыларды презентация жасауда компьютерлік сауаттылыққа, адамгершілікке, көркемдікке үйрету. Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың көрнекілігі...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: 28 Сынып: 6 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Презентацияны құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Рower Point программасында презентация құруға, дайындалған презентацияларды безендіруге үйрету;

Дамытушылық:

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа көшу тәсілдерімен, мәтін элементтерін безендіру кезінде таным белсенділіктерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды презентация жасауда компьютерлік сауаттылыққа, адамгершілікке, көркемдікке үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту.

VI. Қорытынды

VII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен амандасу

2) Оқушыларды түгендеу

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сұрақ-жауап

1.Power Point не үшін арналған бағдарлама

Презентация жасауға

2. Power Point-ты іске қалай қосуға болады?

Пуск-Все программы- MS Offise-MS Power Point

3. Слайд дегеніміз не?

Мәтінді,объектілерді,клиптерді іске қосатын күрделі объект

4. Презентация деп нені атайды?

Слайдтардың жиынтығын

5. Слайдтарды қалай қосуға болады?

Алдыңғы слайдты белгілеп,ENTER пернесін басып

6. Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?

Кестелер,диаграммалар,суреттер,бейнеклиптер

7. Жаңа презентация құру командасы?

Файл-Создать командасы арқылы

8. Презентацияны сақтау командасы?

Файл-Сохранить

9. Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?

F 5

2) Ақпараттық диктант. Сөйлемді толықтыр.

..... деп ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсынуды айтамыз.(презентация)

..... - көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.(слайд)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Түсіндіру. Баяндау

Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

1.Power Point-ті іске қосу.

Файл-Создать командасын таңдау.

2. Безендіру шаблонын жасау үшін

Файл-Создать-Шаблон-Оформления командасын қолдану

3.Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.

4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка

менюіне кіріп керекті опцияны таңдау.

5.Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін

Анимации-Настройка анимации командасын таңдау.

6.Құрылым тәртібіне өтіп,презентация жоспарын қарап шығу.

7.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,

Вид-Показ слайдов командасын орындау.

8.Презентацияны сақтау үшін Файл-Сохранить командасын

орындап,ат беріп,сақтау.

Презентацияны әзірлеу кезіндегі ережелер:


  • Презентацияны алдын ала жоспарлау қажет:мақсаты мен мазмұнын білу керек;

  • Слайдтағы ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;

  • Объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;

  • Слайдты безендіру үшін контрастілі және үйлесімді түсті таңдау керек,

  • Анимациялық ауысулар,бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады.

Презентацияны құру 6 сынып

IV. Жаңа сабақты бекіту.


  1. Компьютермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға «Менің

жанұям» және «Табиғат» тақырыбы беріледі. Сол тақырып төңірегінде Power Point программасында 2 беттен тұратын презентация жасайды.

V. Қорытынды.

1. Оқушылардың білімін бағалау.

2. Үй тапсырмасын түсіндіру.

VI. Үйге тапсырма: «Қазақстан қалалары» атты презентация жасау. «Презентация» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

© 2010-2022