Қазіргі заманғы дербес компьютер

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға компьютерді пайдалану қазіргі заман талабы екені жайлы толық мәлімет бере отырып олардьщ ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. '

Сабактың түрі:

Сабақтың әдісі: түсіндіру,компьютерде көрсету, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дербес компьютер. түсінігі жайлы түсіндіремін. Информацияларды өндеу және нәтижелерін адамға ыңғайлы түрде ұсыну есептеу құралдарының көмегімен іске асырылады. Ғылыми-техникалық прогресс әртүрлі есептеу маппгааларын құруға алып келді. Олар ұйымдастыру құралдарымен және функциональды мүмкіндіктерімен өзгешеленеді. 1975 жылы АҚШ-та тұңғыш дербес компьютердің (ДК) көптеп шығарылуы адамзат қызметінің барлық саласында төңкеріс жасаған еді. Алғашқы ДК жеке тараптардан электронды есептеуіш машиналарын құрастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін электронды блоктар түрінде құрылды. Мұндай жиындар әуесқой электрон құрастырғыштарда үлкен табыспен қолданылды. Бірақ 1981 жылдан бастап модульды-блокты құрылымы бар ДК шығарыла бастады. Бұл машиналар есептеуші техника мен бағдарламалау саласында білімі жоқ түтынушыларға арналған, оны пайдалану қарапайым әрі біраз арзан. 70-жылдардың басында мини ЭЕМ-нің кең таралуы компьютерді қолданушыларға жақындату қажеттілігінен туындады.Үлкен ЭЕМ-ді қолдану экономикалық жғьнан тиімсіз болған мекемелерде және ұйымдарда тікелей мини ЭЕМ орнатылды.ДК микро ЭЕМ класына жатады және жеке қолдану машиналары болып табылады. Бұл - әртүрлі профильдегі мамандірдың жеке еңбегінің өнімділігін бірнеше рет арттыратын көпшілік қолданатын және әмбебап құрал-сайман. ДК қолданушымен диалогтық режимде автономиялық түрде жұмыс істеуге арналған. Көпшілік қолданатын ДК-ның бағасы төмен, шағын, оны қолдану жағдайларына да, қолданушының дайындық деңгейіне де арнайы талаптар қойылмайды.

Шетелдік ДК ішінде америкалық IBM фирмасының: 80286 (16 разрядты) микропроцессорлардағы IBM PC/XT, IBM PC/ AT IBM PS/2 8030 - PS/2 8080 (PS - Personal System) 16 разрядты PS/2 8080, 32 разрядты PS/2 8080 басқа барлық PS, 80386 және 80486 (32 разрядты) МП-дағы IBM PC, Pentium және Pentium-Pro (64 разрядты) МП-дағы IBM PC компьютерлерін атау керек. Сабақтың қорытындысы:

  • Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  • Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

Үйге тапсырма беремін

© 2010-2022