Конспект урока на тему Екілік арифметика

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екілік арифметика


Г.Т.Токушева

Қарақамыс негізгі мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Екілік арифметика

Жалпы мақсаты: Оқушыларға екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

А. Оқушылар екілік арифметиканың ережелерін біледі.

В. Оқушылар екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды меңгереді.

Әдіс-тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Диалогтық оқыту, АКТ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының көзбен көретін айғақтар стратегиясы.

Тапсырмалар:

  1. Тренинг, топқа бөлу.

  2. Үй тапсырмасын қайталау.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Топпен кластер құру, қорғау.

  5. Практикалық жұмыс.

  6. Қорытынды. Бағалау.

  7. Рефлексия.

Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы (8-сынып), интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ресурстар, жүрекше, үлестірме парақтары, кластер, маркер, стикер.

Сабақтың барысы

Кіріспе:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Тренинг «Жүректен-жүрекке»

Бірлескен ынтымақтастық құру.

2. Топқа бөлу.

Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу.

3. Екі топқа бағалау парағы беріледі, топ басшысын сайлайды.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

«Домино» ойыны.

Тұсаукесер

Ой қозғау. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша топпен бірлесіп жауап береді.

  1. Информатика нені оқытады?

  2. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?

  3. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

  4. Санау жүйесі дегеніміз не?

  5. Позициялық санау жүйелері позициялық емес санау жүйелерінен қалай ерекшеленеді?

  6. Санау жүйелерінің негізі дегеніміз не?

  7. Цифр ретінде әріп символы қолданыла ма?

  8. Позициялық жүйенің ең кіші негізі қандай?

Негізгі бөлім

Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Екілік санау жүйесі не үшін қолданылады?

  2. Он алтылық санау жүйесі не үшін қолданылады?

  3. Санды екілік санау жүйесінен сегіздікке (он алтылыққа) және керісінше көшірудің ыңғайлы жолы қандай?

  4. Ондық бөлшекті және бүтін санды бір санау жүйесінен екіншісіне көшіру қалай ерекшеленеді?

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыппен жұмыс.

Әр топқа ресурстар тарату. Ресурстан мәтінді оқу.

Топтық жұмыс.

І топ: Қосу.

ІІ топ: Азайту.

Оқушылар:

  1. Ресурстан мәтінді оқып, өз түсінгендерін топта талқылайды.

  2. Кластер жазып, оны қорғайды.

  3. Топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті. Бейнежаттығу.

Қорытынды. Оқушы қызығушылығын арттыру. Практикалық жұмыс.

«Тау шыңына шығу» ойыны.

Тау шыңына шығу үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату.

1-деңгей. Қосуды орындаңыздар:

0110 + 0110 =

1101 + 0110 =

11001 + 10111 =

1010 + 0101 =

10001 + 01101 =

1000 + 1110 =

2-деңгей. Азайтуды орындаңыздар:

1010 - 110 =

1101 - 110 =

1001 - 111 =

1101 - 10 =

10001 - 1101 =

1000 - 101 =

3-деңгей. Амалдарды орындаңыздар:

1010 + 110 =

1011 - 101 =

1011 + 111 =

1001 - 11 =

10101 - 1101 =

Рефлексия. Кері байланысқа стикер тарату. Оқушылар өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

  2. Маған не ұнады/ұнамады?

Бағалау. Топтың белсенділігін бағалау:

1. Топтағы белсенділігі 1-3 балл

2. Диалогтық сұрақ-жауап 1-3 балл

3. Өзіндік жұмыс істеуі 1-3 балл

Сумативті бағалау. Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма. Екілік арифметика.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы,

Қарақамыс ауылы.

© 2010-2022