7 cыныпқа арналған сабақ жоспары ХХІ ғасыр көшбасшысы

7 сынып« XXI ғасыр көшбасшысы»Танымды –интеллектуалдық ойын.Мақсаты: интеллектуалдық ойын-шоу арқылы информатика пәніне деген қызығушылығын дамыту және сыныптан тыс уақытта компьютерді қолдану үрдісінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Информатика және т.б. пәндерден алған білімдерін көрсете алу, жинақылық, талғамдық, өз позициясын дәлелдей алу, қасиеттерін дарыту. Міндеттері:1.Білім-білік дағдыларын арттыру; 2.Пәнге деген шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту; ...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып

« XXI ғасыр көшбасшысы»

Танымды -интеллектуалдық ойын.


Мақсаты: интеллектуалдық ойын-шоу арқылы информатика пәніне деген қызығушылығын дамыту және сыныптан тыс уақытта компьютерді қолдану үрдісінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Информатика және т.б. пәндерден алған білімдерін көрсете алу, жинақылық, талғамдық, өз позициясын дәлелдей алу, қасиеттерін дарыту.


Міндеттері:

  1. Білім-білік дағдыларын арттыру;

  2. Пәнге деген шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту;

  3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.



Құрал-жабдықтар: компьютерге жазылған сұрақтар, эмблема, слайдтар.

Әдіс-тәсілі: Танымды -интеллектуалдық ойын.


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі «XXI ғасырдың лидері» интеллектуалдық шоу ойыны математика, физика, информатика апталығына арналады.

Қуанышпен қол соғып «XXI ғасыр лидерлерін» қарсы алайлық!

(Қуанышты музыка)

Танысу

Ежелгі шығыс елінің

Аңсаған арман ойы бар

Кездескенде қауыммен

Танысу деген салты бар.

1-ші қатысушы ___________

2-ші қатысушы ___________

3-ші қатысушы ___________

4-ші қатысушы ___________

5-ші қатысушы ___________

6-ші қатысушы ___________

Жүргізуші :

Компьютер-сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демесің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де-

Ақпараттық заманның!

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып ХХІ ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

1 тур. Бәйге

Турдың шарты: жүргізуші сұрақ қояды, сигналды карточканы бірінші көтерген қатысушысы

сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.





Блиц-турнир.

  1. Ең алғашқы компьютер қай мемлекетте құрастылыды? (АҚШ)

  2. Компьютердің «миы» (процессор)

  3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ? (1 бит)

  4. Енгізу пернесі ? (Enter)

  5. Интернетпен байланыстырылатын құрылғы? (модем)

  6. Ең алғашқы программист -әйел? (Ада Лавлейс)

  7. СD дискінің көлемі қанша? (700Мв)

  8. Антивирустық программлардың түрлерін ата? (Dr. Web, Panda, Касперский)

  9. Файлды архивтеу программаларын ата ? (WIN-RAR, WIN-ZIP.)

  10. СD -Диск оқитын құрылғы ( СD-ROM)



2 тур. Полиглот

Тілдерді меңгеремін, тең көремін

Полиглот сайысында күшімді сынап көремін.

Полиглот-грек тілінен аударғанда көп тілді меңгеруші адам деген мағынаны білдіреді.

Компьютерде сұраққа жауап 3 тілде жазылады (қазақша, орысша, ағылшынша).Жауаптарын графикалық редактор Paint-та жазу.

Дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.

  1. Мектеп - кеме, білім - ... (теңіз, море, sea)

  2. Денсаулық - зор ... (байлық, богатство, richness)

  3. Білім - сандығы ... (кітап, книга, book)

  4. Желіге кіру үшін рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. (Пароль-Password)

  5. Баса қалсан сен оны, неше түрлі шығады

тапсырмалар көрініп, көрсеткіш боп тұрады (тышқан, мышка, mause)

  1. Әдепті бала - арлы ... (бала, ребенок, child)

  2. Жаңа заман талабы көп бөліктен тұрады,

Уақытынды үнемдеп көмек беріп тұрады (компьютер)

  1. Бала тілі ... (бал, мед, honey, sweet )

  2. Ашу дұшпан, ақыл - ... (дос, друг, friand)

  3. Үш алфавитті символдар баса қалсан шығады,

басқа да белгілер бар бір мәтінді құрайды (клавиатура, пернетақта)


3 тур. Ғажап жетілік

Қазақ үшін қасиетті жеті саны

Озаттар «Ғажап жетілікте» сайысады

Тапқыр, алғыр лидер ғана озады.

Берілген ұпайларды таңдап, сол ұпайға байланысты сұрақтарға жауап беру.


20 Елтаңбаның авторлары кімдер?

30 Қасиетті қала, кіші Мекке.

40 Тіл туралы бір мақал айт.

27 cыныпқа арналған сабақ жоспары ХХІ ғасыр көшбасшысы0 7 cыныпқа арналған сабақ жоспары ХХІ ғасыр көшбасшысы


30 Сандарды жазып, бейнелеу тәсілі (Санау жүйесі)

40 Оңдық санау жүйесіндегі санды екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелеріне алмастырыңыз.

78



  1. Жазылған ақпараттың ұзақ уақыт есте сақтай алатын қасиеті бар жұқа материалмен

қапталған дөңгелек пластина түрінде жасалған мәлімет жинақтауыш құрылғы. (диск)

30 Компьютер жады сыйымдылығын өлшеу бірлігі (Мбайт)

40 Оңдық санау жүйесіндегі санды екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелеріне алмастырыңыз.

61

4 тур Кім епті? Компьютермен жұмыс

Оқушы информатика пәні бойынша ең тиімді сауатты жолды пайдалану керек.

А. Word B. Power Point C. Excel

А. MS Word «Сайыс» құжатын ашу. Құжатты өз қалауы бойынша әсемдеу, оны форматтағанда құрамында мына элементтер болуы керек:

1.төменгі жағынан бет номері ;

2. маркер ;

3.жол астының интервалы;

4. мәтінді MS Wordтың мүмкіндіктерін пайдаланып, әсемдеңіз, өңдеңіз. (Clipart, автофигура, WordArt ) .

B. Power Point «Мектеп -білім ордасы» атты тақырыпта 5 слайдтан тұратын презентация жасаңыз. Презентацияда компьютердің барлық мультимедиялық мүмкіндіктерін қолданылғаны ескеріледі.

C. Excel программасын қосамыз, кестеге Х мәндерін -5 -тен 5-ке дейін енгізу. Y=x^2 функциясын есептеу, осы формуланы барлық ұяшықтарға көшіру. Нүктелі диаграмма құру.


5. XXI ғасыр көшбасшысың марапаттау.


Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!


© 2010-2022