Открытый урок на темуТерис сандарды косу

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.ИсмагуловаСыныбы: 6 «в» Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуСабақтың мақсаты: Білімділік:Теріс сандар ұғымымен таныстырып, теріс сандарды есептер шешуде қосуды үйрету. Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау, пәнге қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты, сыйластықты ояту, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:. Т...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на темуТерис сандарды косуКүні: 30.10.2014ж Бекітемін:_____________

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары М.Исмагулова

Сыныбы: 6 «в»

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Теріс сандар ұғымымен таныстырып, теріс сандарды есептер шешуде

қосуды үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, деңгейлік

тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау, пәнге қызығушылығын

арттыру

Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты, сыйластықты ояту,

шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:.Теріс сандар ұғымымен танысады, теріс сандарды қосуды үйренеді.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, «Қоңыраулы сұрақ»,«Серпілген сауал» әдістері, Постер қорғау, «Математикалық домино», «Баскетбол», «Нысана көздеу» ойындары, кеңейтілген тапсырма.

Көрнекілігі: асtivstudio флипчарт беттері, дидактикалық таратпа материалдар,постер, маркерлер.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

-Сандар арқылы топқа бөлу.

1-топ «Оң»

2-топ «Теріс»

3-топ «Бөлшек»

4-топ «Модуль»

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Балалар сендер спорттық ойындарды жақсы көресіңдер ме?

-Осы сабақта спорттық ойындар ойнағыларың келе ме?

-Олай болса бүгінгі сабағымызды спорттық ойындармен байланыстырып өтеміз.

Үй тапсырмасы:

Ережелер «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып тұрып сұрақ қояды, ал оқушылар допты қағып алып, жауап береді.

-Координаталық түзу дегеніміз не?

-Санақ басы қандай нүктемен белгіленеді?

-Оң сандар дегеніміз?

-Теріс сандар дегеніміз?

-Қарама-қарсы сандар дегеніміз?

-Бүтін сан дегеніміз?

-Рационал сан дегеніміз?

-Санның модулі дегеніміз?

-Теріс санның модулі неге тең?

-Оң санның модулі неге тең?

-Нөл санының модулі неге тең?

-Қарама-қарсы сандардың модулі?

«Қоңыраулы сұрақ» әдісі. Кітапта үйден жаңа тақырыпқа дайындалып келу үшін берілген тапсырма. Үйге берілген есеп тексеріледі.

Жаңа сабақ. Оқулық бойынша топтық жұмыс. Постер қорғау.

1-топ Теріс сандарды қосуды термометрдің көрсетуі арқылы түсіндіреді.

2-топ Екі теріс санды қосу ережесін пайдаланып, теріс сандарды қосуды мысалмен

түсіндіреді

3-топ Қосу амалының ауыстырылымдық және терімділік қасиетін рационал

сандарды қосуда орындап, мысалдармен түсіндіреді.

4-топ Теріс сандарды қосуды координаталық түзу арқылы түсіндіреді.

Есептер шығару: №420 есеп (ауызша). «Баскетбол» ойыны

Баскетбол добындағы жазылған есептерді шешу, егер дұрыс тапса, допты себетке түсіргені.

1 дұрыс жауап -1 ұпай

-4+(-6)=-10 -8+(-6)=-14 -0,7+(-0,3)=-1

-1+(-7)=-8 -3+(-11)=-14 -1,2+(-1,5)=-2,7

-3+(-15)=-18 -2+(-6)=-8 -9,1+(-0,9)=-10


Жұптық жұмыс. «Математикалық домино» ойыны. Оқушылар жұптасып, берілген доминоларды құрастырады. Жауаптарының дұрыстығын интерактивті тақтадағы дұрыс орналастырылған доминоларға қарап тексереді.


-26+(-8)=-34 -96+(-101)=-197

-43+(-21)=-64 -36+(-15)=-51

-56+(-71)=-127 -62+(-19)=-81


Сабақты бекіту: Жеке жұмыс «Нысана көздеу» ойыны.


«Нысана көздеу» 3 ұпай

Қосуды орындаңдар.

1

-127+(-8)

3

-9,3

2

-800+(-150)

5

-8,2

3

-9+(-0,3)

1

-135

4

-3+(-0,91)

6

-67,31

5

-6,03+(-2,17)

2

-950

6

-21,61+(-45,7)

4

-3,91











«Нысана көздеу» 5 ұпай

Қосуды орындаңдар.

1) -3+(-8)+(-7)=-18

2) -29+(-46)+(-21)=-96

3) Открытый урок на темуТерис сандарды косуОткрытый урок на темуТерис сандарды косу-4/5
4) -103+(-72)+(-28)=-203

5) Открытый урок на темуТерис сандарды косуОткрытый урок на темуТерис сандарды косу-6/7



«Нысана көздеу» 10 ұпай

1) -75,31+(-19,65)+(-24,69)+(-30,35)=-150

2) -0,14+(-7,25)+(-3,75)+(-2,86)= -14

3) Открытый урок на темуТерис сандарды косуОткрытый урок на темуТерис сандарды косу-10/8

4) -8,1+(-10,9)+(-1,9)+(-4,1)=-25

Үйге тапсырма: Теріс сандарды қосу тақырыбын оқу. №423, №430, №432

Бағалау: Критерий белгілеу арқылы, баллдық жүйемен бағалау, мадақтау, кері байланыс.































Қызылорда облысы, Арал ауданы,

Жақсықылыш кенті №19 орта мектеп













Открытый урок на темуТерис сандарды косу





Сабақтың тақырыбы: «Теріс сандарды қосу»

Сыныбы: 6 «в»

Өткізген: Математика пәнінің мұғалімі

Баймырзаева Шынар













2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022