Поурочный план

Этот материал  поурочного плана в 6 классе по информатике. На тему: «Информатика және ақпарат»     Урок закрепления пройденного материала. С помощью различных типов заданий закрепить полученные знания. Традиционный урок с игровыми элементами. В начале урока класс делится на три группы с помощью сложения частей пазла.   На этапе закрепления группы выполняют три вида заданий на каждое задание по 7 минут, через 7 минут они меняются заданиями. В результате каждая группа выполняет все три вида задани...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сынып: 6

Пән мұғалімдері: Ильясова Ботакоз Орынбасаровна

Сабақтың тақырыбы: Информатика және ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың І тарау «Информатика және ақпарат» тақырыптарын жинақтап, әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау, бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, белсенділікке, ізденім паздыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: компьютермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ойлау, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі бекіту сабағы
Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ ойын элементтерімен
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, деңгейлік тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже: -топпен жұмыс жасауды біледі; сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады; өз пікірлерін білдіруге тырысты.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ҮІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

ҮІІ. Бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі.

ҮІІІ Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.

б) Сабақтың негізгі мақсатымен, жоспарымен оқушыларды таныстыру.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыздың ұраныПоурочный план

«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.!» деп аталады. Ыбырай Алтынсарин


Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта сіздер өткен тақырыпта алған білімдеріңізді үштайсыздар. Ол үшін 3 топқа бөлінейік. (компьютер құрылғыларының

сурет қиындыларын құрастыру арқылы)

1 топ - мауыс, 2 топ - пренетақта, 3 топ - монитор. Топ жетекшілерін сайлайық.

ІҮ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі. (15 мин)

1 сайысымыз «Жұмбақ шешу»

Сұрақтар:

а/ Қағаз бетінен алады, бірден компьютерге салады.-Жауабы: сканер.

ә/Компьютермен енеді, қағазға басып береді. - Жауабы: принтер.

б/ Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.- Жауабы: монитор.

в/ Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі.

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті.

Жауабы: пернетақта

г/ Өзі темір, жаны жоқ.

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан. Жауабы: процессор

Қорытындылау.

ҮІІ. Бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі. (22мин)

Үш топтың топбасшылары шығып әр түстегі парақта жасырылып тұрған тапсырмалардың біреуін таңдайды.

Қызыл парақтағы тапсырма: интербелсенді тақтамен жұмыс жасау: «Сиқырлы шарлар» кезеңі. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап тапса шар әуеге қалықтайды, ал егер дұрыс емес болса шар жарылып қалады.

Жасыл парақтағы тапсырма: оқулықпен жұмыс жасау - оқулықтың 22-23 бетіндегі «Өзіңді тексер!» тест тапсырмасын дәптерге орындайды.

Сары парақтағы тапсырма: компьютермен деңгейлік тәжірибелік жұмысты орындау.

Сергіту кезеңі. Интербелсенді тақта арқылы бейнефильм. Оқушылар орындарынан тұрып сергіту жаттығуын жасайды.

Сайыстарды қорытындылау. Марапаттау. Бағалау

ҮІІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі.(3мин)

Реферат «Ақпарат түрлері»


а/ Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады? - Жауабы: есту мен көрудің.

ә/ Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды? - Жауабы: суды.

б/ Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған? - Жауабы: суреттерді.

в/ Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз? - Жауабы: РАДИО.

г/ Ақпаратты сақтау үдерісін көрсетіңіз? - Жауабы: дәптереге жазу.

Мұғалім:

ҮІІ. Бекіту кезеңі. «Өзіңді тексер!»

ҮІІІ. Үйге тапсырма.



© 2010-2022