- Преподавателю
- Информатика
- XXI ғасыр көшбасшы зияткерлік сайысы
XXI ғасыр көшбасшы зияткерлік сайысы
Раздел | Информатика |
Класс | - |
Тип | Презентации |
Автор | Кунтуарова А.А. |
Дата | 29.12.2015 |
Формат | rar |
Изображения | Нет |
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастакуға рұксат етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып қол көтерген оқушылар жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі қол көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпай есептеледі.
2 кезең «Дода» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезең қорытындысы бойынша 4 оқушы ойыннан шығады.
3 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 3 кезең қорытындысы бойынша ойыннан 2 оқушы шығады.
4 кезең «Жүйрік» балы жоғары 2 оқушылар қалып сайысқа түседі. «Жүйрік» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Ойынға 8 оқушылар қатысады.
«Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 кезең БӘЙГЕ
-
Аты бар байттар тізбегі? (файл)
-
Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
-
Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? (терезе)
-
Дүниежүзілік желі? (интернет)
-
Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
-
Зиянкес программа? (вирус)
-
Тышқанның неше батырмасы бар? (3)
-
Дискідегі ақпаратты сығу программалары? (архиваторлар)
-
Операциялық жүйенің түрлері? (Windows XP, Windows 7, Windows 8)
-
Белгілі тақырып бойынша жасалған слайдтар жинынтығын не деп атайды? (Презентация)
-
Келесі жолға өту пернесі? (enter)
-
компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
-
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Беббидж)
-
Екілік жүйенің сандары (0 және 1)
-
Интернет желісіне қосылу үшін қажет құрылғы? (Модем)
-
Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
2 кезең Дода
Математика
Қазақ тілі
Информатика
10
10
10
20
20
20
30
30
30
Математика
10 - Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш? (Квадрат)
20 - Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (бес бұрыш)
30 -300 санының 25%? (75)
Қазақ тілі
10 -«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын айт? (тыныштық заман)
20 - Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі? (есімше)
30 - Неологизм сөздер дегеніміз не? (Тіліміздегі жаңа заманға байланысты пайда болған жаңа сөздер)
ИНФОРМАТИКА
10 -Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 -Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
30 -Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды (XIX)
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілді құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
3 кезең Полиглот
-
Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір - бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8,сегіз, восемь, eight)
-
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы? (тышқан, мышь, mouse)
-
Компьютерге ақпарат егнізетін құрылғы? (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
-
Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет - корзина - basket)
-
Түйе құс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады, ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (12, он екі, двенадцать, twelve)
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
4 кезең Жүйрік 1 оқушыға сұрақтар:
-
Компьютердің миы. (Процессор).
-
Слайд-фильм жасауда қолданылатын арнайы графикалық офистік программа? (Power Point)
-
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
-
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
-
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
-
Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
-
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
-
Баспа құралы. (Принтер)
-
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
-
.*doc(*docx) кеңейтілуімен сақталатын файл? (мәтіндік)
2 оқушыға сұрақтар:
1.Сегіз биттен тұратын топ ( байт )
2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
3. Объектілер қоймасы? (қапшық)
4. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар? (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
5. Слайдтарды көрсетуді аяқтау пернесі? (ESC)
6. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? (Декодтау)
7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)
8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін рахмет айтамыз.
Шетпе лицейі мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы:
«XXI - ғасыр көшбасшысы»
Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі
Кунтуарова Айдана
2015-2016 оқу жыл