Тарау бойынша 10-шы сыныптарға арналған тест жинағы

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары

АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз:

  1. ақпарат;

  2. мәлімет;

  3. информатика;

  4. ресурстар;

  5. жүйелер.

2. Ақпараттың берілуі:

  1. нүкте, таңба;

  2. дыбыс, таңба;

  3. таңба, сигнал;

  4. пиксел, таңба;

  5. сигнал, дыбыс.

3. Ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, түрлі белгілер бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер:

  1. операциялық жүйелер;

  2. ақпараттық жүйелер;

  3. программалық жүйелер;

  4. порталдар жүйесі;

  5. ресурстар жүйесі.

4. Ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайтын жүйелер:

  1. ақпараттық кеңес беретін;

  2. ақпараттық қадағалаушылар.

  3. бағыныңқы жүйелер

  4. ақпараттық - анықтамалық;

  5. ақпараттық қамтамасыз ету.

5. Ақпараттың қарастыру деңгейлері:

  1. қолдану, жеткізу, өңдеу;

  2. синтаксистік, семаникалық, кибернетикалық;

  3. математикалық, географиялық;

  4. тезарус, таңба, сигнал;

  5. философиялық, ақпараттық.

6. Ақпараттық кеңес беретін жүйелер:

  1. ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайтын;

  2. нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады;

  3. мәліметтер адамның қатысыуынсыз енгізіліп, басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты түрде реттеледі;

  4. ақпаратты өңдеу кезінде адамның да техниканың да қатысуын қамтамасыз етеді;

  5. қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі;

7. Мәліметтер адам қатысуынсыз енгізіліп, басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты реттелу жүйесі:

  1. ақпараттық кеңес беретін;

  2. бағыныңқы жүйелер

  3. ақпараттық - анықтамалық;

  4. ақпараттық қадағалаушылар;

  5. ақпараттық қамтамасыз ету.

8. Ақпараттық қамтамасыз ету:

  1. ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайтын;

  2. нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ақпараттық технологияғақажетті элементтерінің бірі басқарылатын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелеу;

  3. ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады;

  4. мәліметтер адамның қатысыуынсыз енгізіліп, басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты түрде реттеледі;

  5. ақпаратты өңдеу кезінде адамның да техниканың да қатысуын қамтамасыз етеді;

9. Қоғамдық өндірістің әртүрлі салаларындағы басқарылатын нысанды сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру:

ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті;

  1. ақпараттық жүйелер мақсаты;

  2. автоматты қамтамасыз ету түрлері;

  3. программалық қамтамасыз ету міндеті;

  4. математикалық қамтамасыз ету негізі.

10. Ақпараттық жүйенің жұмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені:

  1. ақпараттық қамтамысз ету;

  2. математикалық қамтамасыз ету;

  3. программалық қамтамасыз ету;

  4. техникалық қамтамасыз ету;

  5. автоматты қамтамасыз ету.

11. Ақпараттық ресурстар деген:

  1. есептеу техникасын қолдану арқылы мәліметтер алу;

  2. құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы;

  3. оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алу;

  4. ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі қызметі;

  5. ақпаратты өңдеу кезінде адамның да техниканың да қатысуын қамтамасыз етеді.

12. Нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша құжаттама:

  1. ақпараттық жүйелер мақсаты;

  2. ақпараттық кеңес;

  3. ақпараттық жүйенің жобасы;

  4. ақпараттық қадағалаушылар.

  5. бағыныңқы жүйелер.

13. Бағыныңқы жүйе деген:

  1. қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі;

  2. есептеу техникасын қолдану арқылы мәліметтер;

  3. ақпаратты өңдеу кезінде адамның да техниканың да қатысуын қамтамасыз етеду;

  4. ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындау;

  5. ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі қызметі.

14. Семантикалық деңгейдегі ақпарат:

  1. мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді;

  2. ақпаратты қабылдаушыға тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасты қарастырады;

  3. оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алу;

  4. есептеу техникасын қолдану арқылы мәліметтер алу;

  5. ақпаратты өңдеу кезінде адамның да техниканың да қатысуын қамтамасыз етеді;

15. Ақпарат, нысанның жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оларды қолданушылар арасындағы қатынс ретінде қарастыру:

  1. кибернетикалық деңгей;

  2. математикалық деңгей;

  3. синтаксистік деңгей;

  4. графикалық деңгей;

  5. семантикалық деңгей;

16. Білім берудің ақпараттық ресурстары:

  1. басқару үдерісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылады;

  2. белгілі сайт адресі бойынша іздестіру жолдары;

  3. оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнім;

  4. оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алу;

  5. ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі қызметі;

  6. есептеу техникасын қолдану мәліметтері;

17. Білім беру ресурстарын табуға болады:

  1. компьютерден, кітаптан;

  2. журналдан, газеттен;

  3. кітапханадан, интернеттен;

  4. файлдан, бумадан;

  5. құжаттан, желіден.

18. Шапшаң қатынас құруға, дамыған пайдаланушылық интьерфейске және алуан түрлі мәліметтің, қызметтер мен сілтемелердің кең ауқымына ие болатын желілік телеқатынастық торап:

  1. портал;

  2. жүйе;

  3. сайт;

  4. программа;

  5. мәлімет;

19. Ресурстарды үлестіру:

  1. пайдаланушылардың әр түрлі санаттарының қолдары жететіндей порталды біршама деңгейлерге бөлудің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

  2. ақпараттық артық жүктеуді болдырмауға мүмкіндік беретін пайдаланушының жұмыс істеу орны;

  3. адамның порталды пайдалану басында тағайындалатын порталды тұлғаландыру үшін маңызды сипаттама;

  4. мәліметтер қоймасынан ақпаратты бейнелеу және белсенді қатынас құру;

  5. керекті адамдар мен ақпаратты оқшаулау және табу.

20. Порталдың негізгі құндылығы:

  1. контенттер;

  2. ақпараттар;

  3. сілтемелер;

  4. ресурстар;

  5. жаңалықтар.




КОМПЬЮТЕР-АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛЫ

1. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға бөлінеді:

  1. жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері;

  2. басқарушы, ойын программалары;

  3. операциялық жүйелер және программалары;

  4. қарапайым және көпдеңгейлі программалар;

  5. амалдық және қалыпты программалар.

2. Хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.

  1. есептеу;

  2. жүйелеу;

  3. реттеу;

  4. программалау;

  5. сақтау.

3. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты:

  1. аппаратты құралдармен басқару;

  2. программа жазу;

  3. құрылғылар орнату;

  4. өңдеу жұмыстарын орындау;

  5. мәліметтерді тасымалдау;

4. Белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.

  1. операциялық жүйе;

  2. программалық жасақтама;

  3. қалыпталған программалар;

  4. құрылымды программалар;

  5. желілік жүйе.

5. Программалау тілдерінің бөлінуі:

  1. процедуралық, процедуралық емес;

  2. операйиялық, құрылымдық;

  3. стандартты, құрылымдық;

  4. бір деңгейлі, көп деңгейлі;

  5. жүйелік, қолданбалы.

6. Программалық конфигурация деген:

  1. амалдық жүйе құрамы;

  2. жүйелік программалық жасақтама;

  3. компьютердегі программалық жасақтама құрамы;

  4. аспаптық программалық жасақтама;

  5. программалау тілдері.

7. Процедуралық тілдер жіктелуі:

  1. төмен және жоғары;

  2. қарапайым және күрделі;

  3. декларативті;

  4. нысанға бағытталған;

  5. логикалық.

8. Процедуралық емес тілдердің жіктелуі:

  1. төмен және жоғары;

  2. декларативтік, нысанға бағытталған;

  3. қарапайым және күрделі;

  4. логикалық,

  5. функционалдық.

9. Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады:

  1. қарапайым, күрделі, қызметтік;

  2. жүйелік, салыстырмалы, негізгі;

  3. негізгі, қолданбалы;

  4. негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы;

  5. жүйелік, негізгі, салыстырмалы.

10. Қызметші (сервистік) программалар

  1. әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы;

  2. қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері;

  3. әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалар;

  4. белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;

  5. хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.

11. Компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері.

  1. жалпы мақсаттағы программалар;

  2. аспаптық программалық жасақтама;

  3. қызметші программалар;

  4. мәселелік бағытталған программа

  5. программалық жасақтама.

12. Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жасақтама:

  1. әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалық құралдар енеді;

  2. есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;

  3. белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;

  4. хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы;

  5. әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

13. Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жасақтама:

  1. әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы;

  2. қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері;

  3. әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалар;

  4. хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы;

  5. белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;

14. Хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы:

  1. программалық жасақтама;

  2. программалау;

  3. айнымалылар;

  4. процедуралар;

  5. жиымдар.

15. Құрылымдық программалау идеясының пайда болған жыл:

  1. 30-жылдары;

  2. 40-жылдары;

  3. 80-жылдары;

  4. 70-жылдары;

  5. 90-жылдары.

16. Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілі:

  1. модульдік программа;

  2. нысанға бағытталған программалау тілі;

  3. құрылымдық программалау;

  4. программалық жасақтама;

  5. байланысқан программалар;

17. Программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі:

  1. құрылымдық программалау;

  2. модульдік программалау;

  3. нысанға бағытталған программалау;

  4. сервистік программа;

  5. серверлік программа.

18. Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданатын, компьютерге түсінікті арнай тіл:

  1. программалау тілі;

  2. программалық жасақтама;

  3. процедуралар;

  4. байланысқан программалар;

  5. құрылымдық тіл.

19. Программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі:

  1. модульдік программалау;

  2. нысанды программалау;

  3. нысанға бағытталған программалау;

  4. ішкі программалар;

  5. төменнен-жоғарығы программалау.

20. Нысанға бағытталған программалау тілі:

  1. нысандарға арналғант шаблон және нысанды айнымалылар типтері;

  2. қажетті әрекетті орындаушы операторлар жинағы;

  3. көлемі жағынан орташа программалар;

  4. өзара байланысқан негізгі нысандардан тұрады;

  5. әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешеді.







АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ

1. Объектілі-бағдарланған бағдарламалау жүйелері:

  1. Word, PowerPoint, Excel

  2. WinRAR, WinZIP

  3. Visual Basic, Delphi, С+ +, Visual С+ +;

  4. Paint, WordPad, блокнот, калькулятор.

  5. Activstudio Professional Edition, Media Player Classic.

2. Интегралданған IDE (Integrated Development Environment) өңдеуші ортасы:

  1. объектімен орындалатын әрекет;

  2. қосымша интерфейсін құруға болатын құрауыштардан тұрады;

  3. объектінің сипаттамасын анықтайтын объект атрибуты

  4. бағдарлама құруға қатысатын құралдар жиыны және жұмыс орны;

  5. объектімен анықталатын әрекет, оны шерткендегі жағдайын бағдарламалау;

3. Транслятор:

  1. аудармашы программа;

  2. дыбыс жазу программасы;

  3. мәтін көшіретін прграмма;

  4. мұрағаттау программасы;

  5. мәтін тану программасы;

4. Компилятор:

  1. программаның бүкіл мәтінін машина тіліне аударып, ЕХЕ файлы түрінде сақтайды;

  2. барлық әдістерді, оқиғаларды, қасиеттерді сипаттайды;

  3. нысанның күрделі механизімін шешеді;

  4. файлды бірнеше рет іске қосуын қамтамасыз етеді;

  5. графикалық өрістермен жұмыс атқарады;

5. Трансляциядан кейін операторлардың бірден орындалуын қамтамасыз ететін жоғары деңгейдегі тіл трансляторы;

  1. компилятор;

  2. оператор;

  3. интерпретатор;

  4. қасиет;

  5. процедура

6. Интерфейс деген;

  1. айнымалыны хабарлау;

  2. шартты операторлар арқылы мәтінді тексереді;

  3. барлық әрекеттерді тез есте сақтайды;

  4. компьютерде сақталған және қолданушының енгізген ақпараттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолданбаның сыртқы бөлігі;

  5. програмалық жасақтама.

7. Бағдарлама интерфейсін құру кезінде бағдарламашы арнайы терезені қолданады. Төмендегілердің қайсысы?

  1. объект;

  2. пішін;

  3. файл;

  4. терезе;

  5. бума.

8. Бағдарламаның орындалушы файлын жасау үшін компилятордың пайдаланатын файлдар жиынтығы

  1. нысан;

  2. файл;

  3. жоба;

  4. қапшық;

  5. терезе.

9. Объектімен орындалатын әрекет

  1. әдіс;

  2. әрекет;

  3. объект;

  4. файл;

  5. тәсіл.

10. Оқиға дегеніміз-...

  1. объектімен орындалатын әрекет;

  2. объектінің сипаттамасын анықтайтын объект атрибуты;

  3. объектімен анықталатын әрекет, оны шерткендегі жағдайын бағдарламалауға болады;

  4. қосымша интерфейсін құруға болатын құрауыштардан тұрады;

  5. алдағы уақытта жасалатын қосымша терезесі, онда әр түрлі басқару элементтері орналасады.

11. Қасиет деген...

  1. объектімен анықталатын әрекет, оны шерткендегі жағдайын бағдарламалауға болады;

  2. қосымша интерфейсін құруға болатын құрауыштардан тұрады;

  3. алдағы уақытта жасалатын қосымша терезесі, онда әр түрлі басқару элементтері орналасады;

  4. объектінің сипаттамасын анықтайтын объект атрибуты;

  5. объектімен орындалатын әрекет.

12. Қосымша интерфейсін құруға болатын құрауыштар:

  1. айнымалылар берілгені;

  2. оқиға түрлері;

  3. элементтер тақтасы;

  4. қасиет кестесі;

  5. пішімдеу тақтасы.

13. Пішін:

  1. объектімен анықталатын әрекет, оны шерткендегі жағдайын бағдарламалау;

  2. алдағы уақытта жасалатын қосымша терезесі, онда әр түрлі басқару элементтері орналасады;

  3. объектімен орындалатын әрекет;

  4. қосымша интерфейсін құруға болатын құрауыштардан тұрады;

  5. объектінің сипаттамасын анықтайтын объект атрибуты.

14. Процедура дегеніміз ...

  1. уақыттық шаманы сақтауға арналған жад аймағын белгілейтін шама;

  2. бірден бірнеше мән сақталатын жад аймағы;

  3. Sub және EndSubтүйінді сөздері арасында жасалған және өз аты бар бағдарламалық кодтың блогы;

  4. мәндер тізімін бейнелеу үшін қолданылады;

  5. бағдарламада немесе оған бағдарлама есептерінің нәтижелерін шығару үшін қолданылады.

15. TextBox (мәтіндік өріс) жұмысы:

  1. қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент;

  2. программаны іске қосу және тоқтару үшін қолданады;

  3. сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді;

  4. элементтің қасиетін өзгертуге, жылжытуға болады;

  5. программада код мәтіндерін енгізеді.

16. ListCount:

  1. тізімдегі қатарлар санын береді;

  2. батырмаға жазу орнатады;

  3. батырма жұмыс жасап тұрағанын анықтайтын қасиет;

  4. сөздердің орналасуын береді;

  5. пішінді өзгертеді.

17. Тізімді бірнеше бағандарға бөліп көрсетеді

  1. Query;

  2. Format;

  3. Pointer;

  4. ListCount;

  5. Column;

18. BackColor-

  1. батырмаға жазу орнатады;

  2. қатардың нөмірін анықтайды;

  3. батырманың түрін орнатады;

  4. батырмаға түс береді;

  5. қатарды тізімін көбейтеді;

19. Ішкі терезелерді немесе олардың таңбаларын MDI пішінінің сыртқы терезесіне қатарымен орналастыратын әдіс:.

  1. Arrange;

  2. ListCount

  3. Add-Ins

  4. Format;

  5. Column

20. vb ArrangeIcons- тұрақтысының сипаттамасын көрсетіңдер:

  1. ашық тұрған ішкі пішін терезелерін горизонталь бойымен орналастырады;

  2. ашық тұрған ішкі пішін терезелерін вертикаль бойымен орналастырады;

  3. жиылып тұрған пішін таңбаларын рет-ретімен орналастырады;

  4. ашық тұрған ішкі пішін терезелерін каскад түрінде орналастырады;

  5. бірнеше терезелерді ішкі пішінге жинақтайды.

21. Project мәзірінде ...

  1. жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады;

  2. алмасу буферімен ойып алу, көшірмелеу және кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады;

  3. әртүрлі құрауыштар мен инструменттерді қарау режимдері қосылады;

  4. жобалардың әртүрлі құрауыштары немесе құраушылары: пішіндер, бағдарламалық модельдер, пайдалану-басқару элементтері, ActiveX құрауыштары қосылып және жойылып отырады;

  5. ашық тұрған ішкі пішін терезелерін горизонталь бойымен орналастырады.

22. Қосымша жасауда қолданылатын файлдармен жұмыс жасауға болатын мәзір:

  1. EDIT;

  2. FILE;

  3. VIEW;

  4. PROJECT;

  5. FORMAT.

23. Проектілермен жұмыс істеуде қолданылатын мәзір:

  1. EDIT;

  2. FILE;

  3. VIEW;

  4. PROJECT;

  5. FORMAT.

24.Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір:

  1. RUN;

  2. FILE;

  3. VIEW;

  4. PROJECT;

  5. FORMAT.

25. Мәтіндік, сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент:

  1. POINTER;

  2. FRAME;

  3. LABEL;

  4. CHECK BOX;

  5. IMAGE.

26. Жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент:

  1. POINTER

  2. CHECK BOX;

  3. COMBO BOX;

  4. IMAGE;

  5. POINTER;

27. Түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент

  1. PICTURE BOX;

  2. SHAPE;

  3. IMAGE;

  4. POINTER;

  5. CHECK BOX.

28. Графиктік өріс шығаратын компонент

  1. PICTURE BOX;

  2. SHAPE;

  3. IMAGE;

  4. COMBO BOX;

  5. POINTER.

29. Түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент

  1. TIMER;

  2. OLE;

  3. SHAPE;

  4. COMBO BOX;

  5. POINTER.

30. Сызық салу үшін қолданылатын компонент

  1. LINE;

  2. DATA;

  3. SHAPE;

  4. CLICK;

  5. POINTER.




АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. Тиісті жағдайларда қандай да бір мақсат үшін нысандар, субъектілер, санат, қарым-қатынас, әрекеттер, еліктеу көмегі арқылы міндетті немес болуы мүмкін құбылыстар:

  1. Еліктеу;

  2. Виртуал;

  3. Геймер;

  4. Программалаушы;

  5. Нысан.

2. Компьютерлік техниканың негізінде кеңістік -уақыттық адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі:

  1. виртуалды шындық;

  2. модельдеу;

  3. үшөлшемді модель;

  4. графикалық модель;

  5. математикалық модельдеу.

3. Үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты:

  1. 3D анимация;

  2. 3D модельдеу;

  3. 3D көрініс,

  4. 3D мультимедия;

  5. 3D виртуал;

4. Үшөлшемді графика құратын прграммалар:

  1. Samsung Kies, Word;

  2. Paint, WordPad;

  3. 3D max, Blender 3D, K-3D;

  4. WinRAR, WinZIP

  5. Visual Basic, Delphi, С+ +, Visual С+ +;

5. Үшөлшемді графиканың атқараты жұмысы:

  1. ғылыми есептеулер, инженерлік жобалар, және физикалық нысандарды компьютерде үлгілеу;

  2. математикалық есептеулер, геометриялық нысандарды құру үшін арналған программа;

  3. математикалық модельдеу жүйесі;

  4. компьютерлік графиканы құратын программалар жиынтығы;

  5. физикалық әлемле, ұқсастықтар қоршаған ортаны танып-білу;

6. Blender програмасы:

  1. компьютерлік графиканы құратын программалар жиынтығы;

  2. шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі;

  3. компьютерлік графиканы құруға, анимаци және интерактивті қосымшалар жасауға арналғанпрограмма;

  4. ғылыми есептеулер, инженерлік жобалар, және физикалық нысандарды компьютерде үлгілеу;

  5. физикалық әлемле, ұқсастықтар қоршаған ортаны танып-білу.

7. Сахнадағы нысандар:

  1. текше, шам, камера;

  2. мәзір қатары, көрініс терезесі, батырмалар панелі;

  3. тақырып жолы, құралдар тақтасы;

  4. мәзір жолы, есеп тақтасы;

  5. жұмыс аймағы, мәзір жолы.

8. Терезедегі көрініп тұрған нысан:

  1. шам;

  2. камера;

  3. осьтер атауы;

  4. текше;

  5. 3D атауы.

9. Blender програмасындағы жұмыс режимдері:

  1. Edit Mode, Object Mode;

  2. ADD, Render;

  3. Extrude, Object;

  4. Region, Extrude;

  5. Subdivide.

10. Blender програмасында келесі құрылғымен жұмыс істеу тиімдірек:

  1. пернетақта;

  2. тінтуір (мышка);

  3. монитор;

  4. принтер;

  5. сканер.

11. Бірнеше нысанды ерекшелеу:

  1. Shift батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту керек;

  2. Alt батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту керек;

  3. Ctrl батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту керек;

  4. Tab батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің cол жақ батырмасын шерту керек;

  5. Shift батырмасын басып тұрып, нысандарға кезекпен тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту керек;

12. Керекті нысанды таңдау мәзірі:

  1. File;

  2. Help;

  3. ADD;

  4. Render;

  5. Game.

13. Редакторлау режимнен жай режимге ауысу үшін және керісінше әрекет ету үшін қолданылатын перне:

  1. Alt;

  2. Ctrl;

  3. Tab;

  4. Shift;

  5. End.

14. Нысанның қабырғаларын, биіктігін, көлемін өзгертуге қолданылатын батырмалар;

  1. G, S, R;

  2. Q, W, E;

  3. A, G, H;

  4. G, S, H;

  5. S, R, A.

15. Бірнеше нысанды біріктіру үшін қолданылатын пернелер комбинациясы:

  1. Ctrl+J;

  2. Ctrl+I;

  3. Ctrl+A;

  4. Ctrl+E;

  5. Ctrl+G.

16. Нысандарды өзгерту арқылы басқа нысанды жасап шығару:

  1. текшелер;

  2. батырмалар;

  3. примитивтер;

  4. суреттер;

  5. құжаттар.

17. Нысандарға әртүрлі өзгертулер жасау құралдары:

  1. Spin;

  2. Screw;

  3. Beauty;

  4. Extrude;

  5. Noise.

18. Subdivide құралының атқаратын қызметі:

  1. қырларды немесе қабырғаларды бөліктерге бөледі;

  2. нысандардың көшірмесін алады;

  3. қабырғаларды қосады;

  4. қырларын жояды;

  5. нысандарды қозғалтады.

19. Модификатор деген:

  1. бірнеше нысанды ерекшелейді;

  2. нысандарды өзгерту арқылы басқа нысанды жасап шығарады;

  3. нәтижесінде нысанның қасиеті өзгеретіндей, нысанға арналған іс-әрекет;

  4. қайталанатын формадағы жинақ жасау;

  5. нысанға кейбір өзгерістер енгізеді.

20. Нысанның дубликатын айналы кескін ретінде жасайтын модификатор:

  1. Mirror;

  2. Wave;

  3. Mask;

  4. Curve;

  5. Boolen.



© 2010-2022