Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: Информатика

Сынып: 6

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені жəне дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft PowerPoint бағдарламасында слайдқа кесте, сурет, дыбыс енгізуді үйрету. Презентацияда объектілердің орналасуын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту, компьютерде жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу, компьютерлік сыныпта қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларға өз шешімін дұрыс орындауға баулу, компьютерге деген сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта,

Сабақтың өту барысы:

1.Қызығушылықты ояту

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Мағынаны тану.

5. Сабақты қорытындылау.

6. Ой-толғау

7.Үйге тапсырма беру.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (5-15 минут)

  • Microsoft Office PowerPoint бағдарламасында мәтін қалай құрылады?

  • Слайд неден тұрады?

  • Мәтін құру үшін қандай команда орындаймыз?

  • Слайдқа колонтитул қалай қоямыз?

  • Слайдтқа ағымдағы уақыт пен күнді қалай қоямыз?

3. Жаңа сабақ (5-7 минут)

Жаңа түсініктер:

Microsoft Office PowerPoint бағдарламасында слайдқа сурет, кесте, дыбыс, бейне енгізуге болады.

Слайдқа кесте кірістіру үшін: Кірістіру бетпарағында «Таблицы» бөлімін таңдауға болады.

Слайдқа сурет кірістіру үшін: Кірістіру бетпарағында «Бейне» бөлімінде әртүрлі объектілерді кірістіруге болады.

Кестелерді, суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Сабақ жоспары

  • Сурет,

  • Картина,

  • Үзінді(снимок)

  • фотоальбом

Слайдқа дыбыс кірістіру үшін: Кірістіру бетпарағында «Мультимедиа» бөлімін таңдауға болады. Бұл бөлімде дыбыс және видео кірістіруге болады.

Кестелерді, суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Сабақ жоспары

4. Мағынаны тану. (15-20 минут)

Компьютерде практикалық жұмыс орындау.

Слайдқа кесте, дыбыс, сурет, бейне кірістіру.

5. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру.

6. Үй тапсырмасын беру. Кестелерді, суреттерді, бейнені жəне дыбысты кірістіру.

7. Оқушыларды бағалау.

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Үй тапсырмасы. Сұрақтарға жауап беруі(интерактивті тақтамен жұмыс)

Орташадан төмен

Орташа

Толық жауап береді

Компьютерде практикалық жұмыс орындау

Бағдарламамен жұмыс істей алмайды.

Бағдарламамен жұмыс істей алады. Бағдарлама құралдарын қолдана алмайды.

Бағдарламамен жұмыс істей алады. Бағдарлама құралдарын қолдана алады.

Сабақты меңгеруі

Тек теориясын ғана түсінеді.

Тек бағдарламамен жұмыс істей алады.

Теорияны түсінеді, бағдарламамен жұмыс істей алады.

Ұпай сандарын есептеу.

2-3 ұпай - «3

4-5 ұпай - «4»

6 ұпай - «5»


© 2010-2022