Презентация по информатике WordPad мәтіндік редакторы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі









Презентация по информатике WordPad мәтіндік редакторы







Тақырыбы:


Презентация по информатике WordPad мәтіндік редакторы








Пән мұғалімі: С. Жүзбергенов












Шетпе селосы 2015 жыл.

Бекітемін: _________

« ___» __________ 2015 ж.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және

Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың типі: Дүстүрлі ашық сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, электронды оқулық

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, компьютермен

жұмыс жасау, Activote құралымен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақ барысы:

1. Сынып оқушыларын түгендеу;

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру;

3. Жаңа материалды баяндау;

4. Тапсырмаларды орындау;

5. Сергіту сәті;

6. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау;

8. Үйге тапсырма беру;

9. Бағалау;

Бақылау сұрақтары:

1. Графикалық редактор дегеніміз не?

2. Пиксель дегеніміз не?

3. Өшігіш және оның қызметі мен түрлері?

4. Масштабтың қызметі?

5. Түстер палитрасында қанша түс болады?

6. Суретті баспаға шығару жолдары?

7. Салынған суретті сақтау жолдары?

Жаңа түсініктер:

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. Word Pad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ -да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьтерлер тек баспаларды басып, жазуға арналатын болса, аталған программалар жұмыс жасауымызға мүмкіндіктер беріп отырады.

Презентация по информатике WordPad мәтіндік редакторы

Практикалық жұмыс.

№1

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. «Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар» өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.

3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.

№2

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. «Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар» өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.

№3

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. Ер қанаты - ат,

Сөз қанаты - хат.

Мақал - мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

3. Мақал - мәтелді жаттап алып, мәтінді қызыл түске ауыстыр.

№5

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. «Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар» өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.

№4

1. WordPad мәтіндік редакторын ашып, «Жаңа жылдық» тілектер жаз.

2. Жазған тілекті ерекшелеп, оны астын сызып жазуға ауыстыр.

3. Тілектің соңына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Содан соң аты-жөніңді курсивті жазумен ауыстыр.

Сергіту сәті: Оқушылармен барлығы орнын тұрғызып қазақша, орысша, ағылшынша 4 ке дейінгі сандармен ойын ойнату.

Қорытындылау: Жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап алу.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысы мен белсенділігін ескеріп, білім деңгейі бойынша бағалау.

Үй жұмысы: WordPad мәтіндік редакторы


© 2010-2022