Әжейдің тәтті бауырсағы открытый урок для воспитанников мини - центра

20.10.14ж Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: Әжейдің тәтті бауырсақтары. Мақсаты: - заттарды үш көлемінде санауға және оларды топтастыруға,салыстыруға үйрету; - үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; - тыңдап,қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: ұзын және қысқа жолдың суреттері,суретке салынған әже мен атаның үйі,ата мен әженің суреттері,суретте немере қыз баланың ата-әжесіне бара жатқан кезі,түрлі түсті дөңг...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әжейдің тәтті бауырсағы открытый урок для воспитанников мини - центра20.10.14ж

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Әжейдің тәтті бауырсақтары.
Мақсаты:
- заттарды үш көлемінде санауға және оларды топтастыруға,салыстыруға үйрету;
- үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
- тыңдап,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: ұзын және қысқа жолдың суреттері,суретке салынған әже мен атаның үйі,ата мен әженің суреттері,суретте немере қыз баланың ата-әжесіне бара жатқан кезі,түрлі түсті дөңгелектер,үшбұрыш,шаршы,бауырсақ.
Билингвалды компонент: ата-дедушка,әже-бабушка,-қыз-девочка,үшбұрыш-треугольник.

Балалардың назарын тақтадағы ұзын,қысқа екі жолдың суретіне аударады,сұрақ қояды:
-Мына жолдар қандай?
-Бұл жолдар қайда апарады деп ойлайсындар?
Тақтаға 3 сурет іледі:

-үйдің ішінде отырған атай мен әжейдің суреттері;
-әжейдің бауырсақ пісіріп жатқан кезі;
-қыз-баланың ата-әжесіне бара жатқан кезі.

-Балалар,қызға атасы мен әжесіне тез жетуге көмектесейік.Олар немерелін сағынып отыр.

«Ұзын-қысқа» дидактикалық ойыны
Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсетіп,өлшемін анықтауды сұрайды.Жолақшаларды таратып беріп,үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма береді.
-Жарайсыңдар,балалар,сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар,немересі ата-әжесіне тез жетті.
Атасы мен әжесі,немересі бірге отырған суретті іліп,сұрақ қояды.
-Балалар,мына үйде қанша адам бар?
«Әдемі моншақтар» дидактикалық ойыны
-Немере қыз ренжіп тұр.Ол әжесіне әдемі моншақ сатып алған екен,байқамай үзіп алыпты.Келіңдер,немере қызға көмектесейік!
Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер,үшбұрыштар мен шаршылар таратылады.Тәрбиеші геометриялық пішінді кезек-кезек айтып отырады,балалар тізіп отырады.Соңында дайын үлгімен салыстырады,қателерін тауып,түзейді.
Тәрбиеші ойын барысында геометриялық пішіндердің түстерін,атауларын бекітеді.
-немере қыз қуанып қалды,сендерге рақмет айтады.
Сергіту сәті.
Ал балалар,тұрайық,
Әдемі шеңбер құрайық.
Ата мен әжеге болысып,
Тәтті бауырсақ жасайық.

«Қанша бауырсақ» ойыны
-Балалар,атай мен әжейге,немересіне бір-бірден бауырсақ берсек,сонда барлығы қанша бауырсақ болады?
Тәрбиешімен бірге бауырсақтарды санайды.
«Дұрыс орында» дидактикалық жаттығуы.
Тәрбиеші бауырсақтарды атай мен әжейге,немересіне таратып беруін сұрайды.
-Сен қанша бауырсақ алдың?
-Сен атайға қанша бауырсақ бердің?
-Сендерде бауырсақ бар ма?
-Кімде бауырсақ көп?
Сұрақтар қойып,тақырыпты бекітеді:
-Бүгін біз не жасадық?
Кімдерге көмектестік?
-Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
-Бауырсақтарды кімдерге бердік?
Атайдың үйінде қанша аадм тұрады?
Тәрбиеші балалардың қолын жуып келуін сұрайды,тәтті бауырсақтарды таратады.Балаларды мақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
нені білу керек:заттарды үш көлемінде санауды және оларды салыстыруды;геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуді.
Нені игереді: заттардың түстердің ажырата отырып,күнделікті өмірде дұрыс пайдалануды.
Нені біледі: тапсырманы дұрыс түсініп,орындауды.







ЖББ Кузнецов негізгі мектебі









Тақырыбы:

(ашық оқу іс-әрекеті)



Өткізген: А.К.Сейткалиева









2014 жыл

© 2010-2022