Циклдік алгоритмді қайталау 7 сынып

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-шы сыныптар

11/12.11.2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Циклдік алгоритмді қайталау

Сілтеме

9-сыныпқа арналған әдістемелік нұсқау Ғаламтор

Сабақтың мақсаты

Циклдік алгоритм тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі қайталанып келетін әрбір оқиғаның цикл болатынын айта келіп циклдік алгоритімді құра білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды.Циклдік алгоритмдерді пайдалану, оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін ажыратады.

Сабақта қолданылатын әдістер

СТО бағдарламасының элементтері. Пікірлесіп - түсіндіру.

Сабақ кезеңдері

1.Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй жұмысы

2.Жаңа тақырып мазмұны ;

3.Қорытынды;

4.Бағалау ;

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасы ,түгендеу. Сабақтын мақсатты мен міндетін айту.

1«Ойлану баспалдағы»

бойынша

Дайындығыңыз қалай?

1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?
2. Тармақталу операторының толымды түрі?
3. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?
5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі

Жаңа сабақ

Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:
-арифметикалық цикл - FOR;

-шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE;
-шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT;

Егер есепте қайталау саны алдын ала белгілі болса, FOR операторы қолданылады. FOR операторын-параметрлі цикл операторы деп атайды. Есептегі орындалатын әрекеттер цикл ішінде параметрдің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бір қадаммен өзгереді.

Жалпы жазылу түрі:

FOR < айнымалы>:= n1 TO n2 DO

<оператор>;

FOR<айнымалы>: = n2 DOWNTO n1 DO

<оператор>;

Мұндағы n1 және n2-цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер

FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;

параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда ТО немесе DOWNTO (DOWN-төмен,TO-дейін, DOWNTO-кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 - гетең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

FOR операторының орындалу блок-схемас

k:= S1, S2,

<оператор>

Мысалдар

Оператор

Нәтижесі

FOR i:=1 TO 6 DO WRITE(i:2);

1 2 3 4 5 6

FOR i:=6 DOWNTO 1 DO WRITE(i:2);

6 5 4 3 2 1

FOR C:='A' TO 'E' DO WRITE(C:2);

A B C D E

FOR C:='E' DOWNTO 'A' DO WRITE(C:2);

E D C B A

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (әзірше) және DO (орындау) түйінді сөздері қолданылып жазылады.

Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер ақиқат болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше жалған болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.

Егер, ең басында өрнектің мәні жалған болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.

Жоқ while <шарт> do

begin

иә <1-оператор;>

оператор

<2-оператор;>…

End;

REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.

Бұл оператор Repeat (қайталау) және Until (дейін) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.

Repeat операторының блок-схемасы

Оператор

Repeat

<оператор 1>;

<оператор 2>;

жоқ ......

<оператор n>

иә UNTIL < шарт >

Оқушылар жаңа сабақ тыңдайды

ә)компьютермен жұмыс

№1 тапсырма. Жеке тапсырма.

1-ден n-ге дейінгі сандардың 1-ден n-ге дейінгі сандардың

қосындысын табыңыз. Ол үшін қосындысын табыңыз. Ол үшін

төмендегі схеманы пайдаланыңыз төмендегі схеманы пайдаланыңыз

Prog…….esep01;

v…..integer;Prog…….esep02;

b…… v…..integer;

s:=0; b……

w….. s:=0; i:=1;

read…. W….. ('');

For……… r…..

b….. while i<=n …

s:=……. b……

end; s:=s+I; i:=i+1;

w…….. e…

e….. w

e…..

1-ден n-ге дейінгі сандардың қосындысын табыңыз. Ол үшін

төмендегі схеманы пайдаланыңыз

Prog……esep03;

v…..integer;

b……

s:=0; i:=0;

w…('');

r…..

repeat

s:=s+I; i:=i+1;

until (i>n);

w……

e…..

.

Практикалық жұмыс

Оқулықтан жаттығуларды орындау

Қорытынды.

Жұмыс дәптерінде берілген тест сұрақтарына жауап беру

Бағалау

Жұмысты ұжымдық талқылау.Жұмыстарды біріктіру.Талқылау.Бағалау

Үйге

Циклдік алгоритм» тақырыбын оқып келу.




© 2010-2022