Информатика пәнінен Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері

Раздел Информатика
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-сабақ

Сыныбы: 4 «А, Б, В» Күні:

Мүғалімі: Хамзин А.Б. Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелері.

Сабақтың мақсаты:

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды қайталау.

Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

"Ақпарат және оның түрлерi" тақырыбын қайталау мен еске түсiру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн оқушылар қайталайды. Оқушыларға электр тогынан зиян шеккен немесе күйген жағдайда көрсететiн алғашқы көмек туралы әңгiме өткiзiледi. Көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығулар еске түсiрiледi және жұмыс дәптерi бойынша компьютердегi оқушылардың жұмыс iстеу орны талқыланады.

"Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн оқып-үйрену жалғастырылатыны жайлы айтылады.

"Ақпарат және оның түрлерi" тақырыбын еске түсiрiп, ақпарат ұғымы мен оның түрлерiн, алу жолдарын қайталау: дәм, көру, дыбыс, иiс сезу, сипап сезу. Сонымен бiрге адамның түрлi ақпараттарды қабылдауға мүмкiндiк беретiн сезiм мүшелерi мен ақпаратпен жұмыс жасау әрекеттерi (ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, беру) де қайталанады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бізді қоршаған орта дәм, иіс, дыбыс ақпараттарынан тұрады. Оларды адамдар заатардың қасиеттеріне қарай сезім мүшелері (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, т.б.) арқылы сезіп біледі.

Көру мүшесі арқылы айналадағы заттар туралы ақпарат алады. Олар кітаптар, мұражайдағы суреттер, географиялық карталар, жолда жүру белгілері, судың жылжып ағысы, бишілердің биі және т.б.

Есту мүшесі арқылы - біздің құлағымыз - заттар туралы дыбыстық ақпарат аламыз: сөз, телефон шырылы, әуен, аққан судың гүрiлi, т.б.

Қоршаған ортадан алынатын түрлi иістер де маңызды ақпарат болып табылады. Газдың иісін сезу арқылы біз бірден апаттан құтқару қызметiне телефон соғамыз.

Заттың дәмі жөніндегі мәлiмет тiлдiң сезгiштiк қасиетi арқылы алынады. Мұндай сезіміміз болмаса, не болатынын елестетіп көрейікші. Біз мерекелік торттың керемет дәмін ешқашан білмес едік.

Сипап сезу мүшелеріміз арқылы басқа да ақпарат алуға болады. Мысалы, заттың температурасы (ыстық па, әлде суық па), қоршаған орта жағдайы (ылғалды ма әлде, құрғақ па) туралы ақпарат алуға болады.

Біз «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты курсты жалғастырамыз. Түрлi мәлiметтердi ақпараттық процестің негізгі объектілерi ретінде қарастырамыз. Еске түсіріп көрейікші. Ақпаратты аламыз, есте сақтаймыз, өңдейміз және одан әрі жалғастырамыз.

Тапсырма.

Пернетақталық жаттығуды қайталау.

Кез келген мәтінді, жұмбақтарды, сергіту сәттеріне арналған тақпақтарды жұмыс дәптерінің соңғы беттеріне жазуға болады.

Екінші сыныптағы графикалық бөлімде берiлген тапсырмаларды қайталау қажет. Егер сабақ соңында уақыт қалып жатса, осы тапсырмалардың кез келгенін компьютерде орындауға болады. Сондықтан мұндай тапсырмалар жайлы әдістемелік нұсқауда айтылмаған.



© 2010-2022