7 - сынып Тармақталу командасы

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу командасыСабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер түрлері туралы толық түсінік алу. Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету; Есептер түрлерін көрсету, есептер шығару, Алгоритм тілінде есептер көрсету, блок - схема құра алу. Блок – схеманы MS Word программасында сызып үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу командасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер түрлері туралы толық түсінік алу. Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету; Есептер түрлерін көрсету, есептер шығару, Алгоритм тілінде есептер көрсету, блок - схема құра алу. Блок - схеманы MS Word программасында сызып үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Алгоритм тілінде тапсырмалық есептер шығара алу.
Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережесін сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың білімміне қойылатын талаптар: Оқушылар тармақталу командасының жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге бағдарлама құра білуі тиіс

Сабақтың әдістері: түсіндіру - көрсету, іздену, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар,, сабақта қолданатын программаларды қолдану, кітап, дәптер және қосымша заттар т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін қысқаша сұрақтар беріледі:

Сабақ жоспары:
1. Миға шабуыл
2. Жаттығу кезеңі
3. Компьютерде жұмыс
4. Қорытынды "Ойлан, тап", "Полиглот"
5. Бағалау. Үй тапсырмасы.
ІІ. Миға шабуыл

● Алгоритм дегеніміз не?
● Алгоритм тіл дегеніміз не?
● Программа дегеніміз не?
● Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
● Алгоритм тілі дегеніміз не?
Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
І. Қызығушылықты ояту
"Алгоритм"сөзі 21 ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу - algorithmi - қалпынан шыққан. Алгоритм қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз.
Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекетінің алгоритмдік мәнін қаншалықты басым дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек, әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез - келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылғанын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзеледі, есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процессінің мәні алгоритм құру екені көрінеді.
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм - мақсатқа жету жолындағы орындаушыға берілетін амалдар, іс - әрекеттер, нұсқаулар жүйесі.
Алгоритмнің командалары? Жай және құрама
Алгоритм мен программаның қандай айырмашылықтары бар?
Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Программа - командалар тізбегі.
Алгоритм жазылу түрі неден тұрады?
Алгоритм жазылу түрі: 1. Басы 2. Алгоритм командалары (серия) 3. Соңы
Тармақталу операторы? Егер, онда, әйтпесе
Енгізу, шығару операторлары? Аргумент, нәтиже
Операторлар бөлімі қандай түйінді сөздердің ортасында орналасады?
Басы соңы
Бүтін типтердің жазылуы? Нақты
Программа қай тілде жазылады? Ағылшын
Алгоритм тілінде абсолют шаманың жазылуы? ABS (х)
Алгоритм тілінде түбір белгісінің жазылуы? SQR (X)
Паскаль тілінде квадрат дәреже қалай жазылады? X^ 2
Нақты типтердің жазылуы? Нақты
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.
Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.

Сұрақтары:

  1. Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? (3: программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)
    2. Div және Mod функцияларын не үшін қолданылады? (Div бүтін, Mod бүтін қалдық)
    3. Var операторының қызметі қандай? (айнымалыларды сипаттау)
    4. Const операторының қызметі қандай? (Тұрақтыларды сипаттау)
    5. Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді енгізу)
    6. Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)
    Program esep1;
    Var x: integer; (x айнымалысы бүтін типті мәндер қабылдайды)
    BEGIN
    Read (X);
    Y:=SQR(X);
    Write (Y);
    End. (Х-тің квадратын есептеу)

9. Қай операторлар дұрыс жазылмаған:
program qq;
var a, b: integer;
x, y: real;
begin
a := 5; 10 := x; y := 7,8; b := 2.5; x := 2*(a + y); a := b + x; end.

10. Программа үзіндісінің міндеті қандай?
BEGIN
Read (X);
Х:=SQRТ(X);
Write (Y);
End. ( Х-тің квадрат түбірін есептеу)


Тармақталу алгоритмдері:
Есеп. Екі бүтін сан енгізіп, олардың үлкенін тап.
Шығару амалы: бірінші сан екінші саннан үлкен болса, біріншісін, ал егер кіші болса екіншісін экранға шығару.
Ерекшелігі: атқарушының әрекеті кейбір шарттардың орындалуына байланысты болады (егер …әйтпесе …).
Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталу алгоритмдері деп атайды.
Блок - схема (37 беттен қараңыз кітаптан)
Есеп. Екі бүтін сан енгізіп, олардың үлкенін тап.
Шығару амалы: бірінші сан екінші саннан үлкен болса, біріншісін, ал егер кіші болса екіншісін экранға шығару.
Ерекшелігі: атқарушының әрекеті кейбір шарттардың орындалуына байланысты болады (егер …әйтпесе …).
Есеп. Фирма 25 пен 40 жас арасындағы қызметкерлерді жұмысқа алуда. Адамның жасын енгізіп, оны фирмаға алуға болатындығы немесе болмайтындығы туралы мәлімет шығару («болады» немесе «болмайды» деген жауап шығару).
Ерекшелігі: екі шарттың бір мезгілде орындалатынын немесе орындалмайтынын тексеру.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: «Ойлан тап» ойыны
IX ғасырда Орта Азия ұлы математигі ....... қолайлы латынша жазылу түрін ұсынған болатын.
Алгоритм тілінің жалпы көрінісі тұрады:
.......
Кез келген алғашқы алгоритмдік жолы............ сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.
Одан кейін программаның ішкі объектілерінің жазылады...........
Тармақталу операторы...............
Полиглот ойынын ойнау: Сөздерді қазақша, орысша, ағылшын тілінде аудару.
Алгоритм........ Алгоритм
Басы.............. Начало - begin
Енгізу............. Ввод данных - read
Шығару.......... Вывод данных- write
Егер............... Если - IF
Онда.............. Тогда -THEN
Әйтпесе.......... Иначе -ELSE
Соңы.............. Конец - END

Үйге тапсырма: Сызықты және тармақталған алгоритмдер туралы оқу, түсіну, логикалық есептер шығарып келу.
Есеп. Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты жүріп келеді. Ол 300 м қашықтықты қанша уақытта жүріп өтетінін анықтау керек.
Оқушылардың білімін бағалау.
• Қателерін тексеру
• Әр оқушы қай дәрежеде толық жұмысты жасағанын көру
• Қателерін айтып, өздеріне қатесін түзет.

© 2010-2022