Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

№  21 Ашық сабақ  жоспары Пәні: Кәсіптік компьютерлік бағдарлама Топ Д-121 Сабақтың өткізілетін күні 11.02.2015 Сабақтың тақырыбы:  Жаңа макрос жазбасы Сабақ түрі: Тәжірибелік Сабақ типі: Тәжірибелік сабағы Сабақтың мақсаты: Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алысуды репродуктивті және тәжірибелік тәсілдермен, түйінді мәселе қою арқылы жүргізу Тәрбиелік: Оқушыларды Photoshop бағдарламасында макрос жазбасы қолдануды  үйретіп жұмысқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу Дамытушылық: Білімін өз бетінше дамытуға дағдысын үйрету Оқытудың формасы мен жүйесі: Тәжірибелік әдіс Көрнекілік құралдар: компьютерлер, сызбала... Action – терезесімен жақынырақ танысайық.   1. Action-дарды жинақтап, топтастыруға арналған папка. 2. Фотошоптың стандартты Action-дар тізімі. 3. Жазу (запись) 4. Тоқтату (Стоп) 5. Play 6. Жаңа папка ашу 7. Жаңа Action құру 8. Жою Осымен теорияны доғарып, тәжірибеге көшейік. Топты екі топқа бөлейік 1 топ:  Дизайнерлер 2 топ:  Суретшілер Жаңа суретті  ашамыз.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық - педагогикалық колледжі









«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________ А.К. Мамбетова

«___»_______________ 2015ж.


Ашық сабақ









Тақырыбы: Жаңа макрос жазбасы








Пәні: Кәсіптік компьютерлік бағдарлама

Мұғалім: Қ.С.Базарбаев

Топ: Д-121










Ақсукент-2015ж

№ 21 Ашық сабақ жоспары

Пәні: Кәсіптік компьютерлік бағдарлама

Топ

Д-121

Сабақтың өткізілетін күні

11.02.2015

Сабақтың тақырыбы: Жаңа макрос жазбасы

Сабақ түрі: Тәжірибелік

Сабақ типі: Тәжірибелік сабағы

Сабақтың мақсаты: Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алысуды репродуктивті және тәжірибелік тәсілдермен, түйінді мәселе қою арқылы жүргізу

Тәрбиелік: Оқушыларды Photoshop бағдарламасында макрос жазбасы қолдануды үйретіп жұмысқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу

Дамытушылық: Білімін өз бетінше дамытуға дағдысын үйрету

Оқытудың формасы мен жүйесі: Тәжірибелік әдіс

Көрнекілік құралдар: компьютерлер, сызбалар.

ТОҚ:-

Әдебиеттер: ADOBE Photoshop 7.0.Бэйн С. Тайц А.А.

ADOBE Photoshop 7.0., официальный учебный курс, разработанный фирмой ADOBE, +CD-ROM, -М, «КубК-а», 1998. Д. Ларченко, А.Келле - Пелле «Интерьер. Дизайн и компьютерное моделирование» М. 2009г

Пән аралық байланыс: Сызу, Киім жобалау

Сабақтың мазмұны мен барысы

І. Ұйымдастырушылық бөлімі: Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Photoshop бағдарламасын баптау қалай жүзеге асырамыз?

  2. Photoshop бағдарламасындағы құрал саймандары?

  3. Макрос қалай жұмыс істейді?

ІІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау: Жаңа макрос жазбасы

Action - Photoshop бағдарламасының стандартты құралы. Бұл құрал суреттерге өңдеу әрекеттерін (операций), және алдын ала жазылып қойған әрекеттерді, амалдарды, басқа суреттерге бір батырма басу арқылы қайталап бере алады. Мысалмен түсіндірейін. Сізде екіжүзқырықбес сурет бар делік, сіз сол екіжүзқырықбес суреттің барлығының көлемін 400x250px қа дейін кішірейтіп, сурет астына Д -121 тобы деп жазуыңыз керек болады. Сіз барлық екіжүзқырықбес суреттерді ашып, сансыз қайталанатын амалдарды қайта қайта жасамай ақ, сол жасалу керек амалдарды Action-ға жазып қойып, бір батырманы басу арқылы барлық суретті бірнеше минут ішінде өңдеп шыға аласыз.

Ол қандай құрал? Қай жерде орналасқан?

Ол құрал керемет болғаны соншалықты, сіз күнде қасынан тінтуіңізбен қасынан өтіп кетсеңіз де байқамайсыз, не мән бермейтін боларсыз. Ол құрал мына жерде орналасқан.
Менде ол жерде жоқ, қайдан табамын?

Құралдар арасында жоқ болса мына жерден шығарып ала - аласыз.
Window - Action (немесе Alt + F9)

Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Action - терезесімен жақынырақ танысайық.

1. Action-дарды жинақтап, топтастыруға арналған папка.
2. Фотошоптың стандартты Action-дар тізімі.
3. Жазу (запись)
4. Тоқтату (Стоп)
5. Play
6. Жаңа папка ашу
7. Жаңа Action құру
8. Жою

Осымен теорияны доғарып, тәжірибеге көшейік.

Топты екі топқа бөлейік

1 топ: Дизайнерлер

2 топ: Суретшілер

  1. Жаңа суретті ашамыз.

диииоиоиAdobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру




Ашылған диалогты терезеден керекті суретті тандаймыз

Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

2. Ашылған суретті дубликатын жасаймыз.
Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құруAdobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Осымен сурет жасау аяқталды, енді Action жазуды бастаймыз.

Жаңа папка ашып, және жаңа Action құру.

3. Action жазып бастамас бұрын, алдымен өзіміздің Action-дар жинақталып тұратын папка ашып алайық. Папканың атын «Өзім жасадым» деп ашамыз Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

4. Action-құруды бастаймыз.
Ол үшін Жаңа Action құру батырмасын басамыз. Action құжаттың атын «Бірінші экшін» деп жазамыз, оны «Өзім жаздым» папкасына салып қоямыз Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру Жазу батырмасы басылғаннан кейін сіздің сурет өңдеудегі әр-бір жасаған амал-әрекеттеріңіз Action-ға жазылатын болады.


Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Action-ға жазу.

Жазу батырмасы басылғаннан кейін жазылу керек амалдарды орындаймыз.

Біздің бұл Action-ды құрғандағы мақсатымыз не? Соны анықтап алайық:

Бұл Action Орындау батырмасын

5. Ал енді кеттік соны жазайық. Сонымен Жазу батырмасын басқаннан кейін

Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Байқасаңыз Action терезесінде жаңа жасаған операцияңыз жазылып қалды.

6. Енді суреттерге түрлі түстерін редакторлармыз және түстерін өзгертеміз.

7. Суреттін түстерін өзгертіп болғансон Ентер пернесін басамыз.

8. Суреттерді өңделгенін бір қабатқа жиямыз. Осымен Action-да жасалуы керек әрекеттерді жасап болдық.

9. Енді Тоқтату батырмасын басу арқылы Action-ді тоқтатамыз. Құттықтаймын. Сіз өзіңіздің алғашқы Action-ыңызды жаздыңыз.
Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

10. Енді Play пернесін әр басқан сайын жаңадан қойылған суреттерге осы әрекеттерді орындауға болады, осы Action нің көмегімен жүздеген сүреттін түстерін бір мезетте өзгертуге қол жеткізуге болады.
Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Ерег де сіз бұндай суретті өз қолыңызбен Action-сыз жасайтын болсаңыз, бәлен сағат уақытыңыз кетіп, суретті сан мәрте түстерін өзгертуге тұра келер еді. Енді Action-ның көмегімен бір батырманы шерту арқылы жүзеге асырылды Adobe Photoshop бағдарламасында Жаңа макрос құру

Action-мен жасалған басқа да формалар мысал ретінде

ІV. Сабақты қорытындылау мен бағалау:

  1. Action-ның көмегімен не жасауға болады?

  2. Суреттерге қалай түс беруге болады?

  3. Суреттерді қалай өңдейміз?

  4. Photoshop бағдарламасындағы штамп инструменті қандай жұмыс атқарады?

V. Сұрақтарға толық және нақты жауаптар бойынша, есептер бойынша, белсенділіктері бағаланады.

VІ. Үй тапсырмасы:

Photoshop бағдарламасындағы Action-ның көмегімен түрлі геометриялық фигураларды қолданып Action-ды жасап келу

Пән бірлестігінің төрағасы ___________ К.К. Убаев

Оқытушының қолы ___________ Қ.С. Базарбаев


© 2010-2022