Қарапайым графикалық редакторы Paint тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Мұғалім - Аканова М.Х.

5 «А», «Ә», «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды компьютерлік графиканың бағыттарымен таныстыру;

оқушыларға расторлық бейнені Paint графикалық редакторында сақтау

тәсілдерін, суреттің түстерін өзгертетін екі саптағы палитралрды

пайдалануды үйрету;

оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ынтымақтылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайд, ЭО

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау.

  1. Буманы, файлды, таңбашаны құрудың қандай тәсілдерін білесіздер?

  2. Олардың атауын өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Қоржын не үшін қажет? Жұмыс үстеліндегі нысандарды жою тәсілдері.

  4. Нысандармен тағыда қандай әрекеттер орындауға болады? Сол әрекеттерді орындау тәсілдерін айтыңыздар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады (слайд).

Адамзат есептеу техникасының арқасында графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға қол жеткізді. Ал компьютерлік графикда 2 бағыт бар - бейнелерді құру және бар бейнені өңдеу. Графикалық редакторлардың түрі көп, олардың бірі сурет салу үшін, екіншісі - 3D-графика құру үшін қолданса, үшіншілері - күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді (слайд).

Графикалық редакторды таңдау мен жұмыс істеу мақсаты компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандартты программа - Paint графикалық редакторы жеткілікті, ол программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді (слайд).

Бейнелерді сканерден, фотоаппараттан, Web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыздар.

Расторлық бейнелерді Paint стандартты программасында өңдеуге болады. Расторлық бейнелердің ең кішкендай элементі - пиксель.

Paint графикалық редакторының Палитрасында 20 түс көрсетілген. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.

IY. Пысықтау: Электрондық оқулықпен жұмыс.

Ү. Бекіту (тәжірибелік жұмыс).

  1. ДК-де оқулықтың 123-124 беттеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  2. Орындаған жұмыстарын мұғалімге көрсету.

YІ. Үй тапсырмасы: оқулықтың §14 оқу, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

YIІ. Қорытынды:

  • оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын тексеру, оларға баға қою;

  • сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою;

  • оқушылардың бағаларын айту.


© 2010-2022