Сабақ жоспары Атақты саяхатшылар (6 сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

05.03.2015жыл

Пәні:

Ағылшын тілі, информатика

Сабақ тақырыбы

Атақты саяхатшылар

Мақсаты

«Атақты саяхатшылар» туралы білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау.


Міндеттері

  • Саяхатшылар туралы оқушылардың білімдерін кеңейту;

  • Ғаламторды пайдалана отырып, әйгілі саяхатшылар туралы мәлімет жинақтау;

  • Алынған мәліметтер негізінде оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуіне жағдай жасау;

  • Оқушыларды ұжымдылыққа, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  1. Оқушылардың саяхатшылар туралы білімдері тереңдейді;

  2. Оқушылар ғаламторды тиімді пайдалана алады;

  3. Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуі артады.


Көрнекі құралдар:

Бағалау парағы, саяхатшылар суреттері, стикер, түрлі түсті қаламдар, интер белсенді тақта, компьютер, тапсырмалар, қатты қағаз.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топтастыру немесе кластер стратегиясы, АКТ, бірін-бірі бағалау.

Сабақты ұйымдастыру формалары:

Lesson Study

Пән аралық байланыс:

Ағылшын тілі, информатика



Сабақтың сатысы

Іс-әрекет

Стратегия

Талдау

Мұғалім

Оқушы

I

Қызығушылықты ояту. 2 мин.

Ұйымдастыру. 2 мин.





Үй тапсырмасын сұрау. 5 мин.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Оқушылар, алдарыңда тұрған суреттерді көрдіңіздер ме, бұл кімдер деп ойлайсыздар?

Бұл әлемнің атақты саяхатшылары - Христофор Колумб, Фернандо Магеллан, Джеймс Кук, Васко да Гама.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз осы саяхатшылар жөнінде болмақ. Сабақты бастамас бұрын, суреті бар жасырылған пазлдарды алып, әр саяхатшының суретін құрастырып, топқа бөлінейік. Топ басшысын айлаңыздар.

  • Оқушыларды психологиялық сабаққа дайындау;

Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсырмалары беріледі.

Миға шабуыл: Видеоролик көрсетіледі.(1,5 минут)

Сұрақтары:

1.What about is this video?

2. Do you like to travel around the world?

Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларын еркін жеткізеді.

Оқушылар топқа бөлінеді, өздерін таныстырады.


Жайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру, сұрақ қою арқылы диалогқа түсу, топқа бөлу



Саяхатшылар суреттелген пазлдарды (6 бөлікке қиылған) алып, топқа бөліну.

II

Мағынаны табу.

27 мин.

Мәтінмен жұмыс(3 минут). Топтастыру 4 минут. Қорғау 8 минут.

Мәтіндер:

  • 1-топ -Christopher Columbus

  • 2-топ -Captain James Cook

  • 3-топ -Fernando Magellan

  • 4-топ -Vasco da Gama

Сергіту сәті - 1,5 минут

Сабақты бекіту - 10 минут

Компьютерде практикалық жұмыс. Ғаламтордан мәліметтер іздеп(3 минут), Microsoft Word бағдарламасында кестеге енгізу(4 минут).

Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылар тапсырмаларды өздері бөліп алып, топты қорғауда өз тапсырмаларын айтады.


Блум таксаномиясы.

Білу, түсіну, қолдану, талдау,

Оқушылар ойды жинақтайды, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастырып, ассосациялайды. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындалады.

Кластермен әр топ тақтаға шығып талдайды

Топ басшылары бағалау парақтарындағы критерийлерге сай басқа топ мүшелерін бағалайды.

III

Ой толғаныс

5мин.

Бағалау

2 мин.

Үй тапсырмасы

2 мин.

Сабақты қорытындылау -7 минут. Тапсырма(адасқан сөйлемдер)- 5 минут.

Тапсырма: адасқан сөздерді орнына қою. Келесідей мәтіндер беріледі:

Үй тапсырмасы:

  • Эссе жазу.

  • Саяхатшылар туралы презентация жасау.

  • Қазақ халқының саяхатшылары туралы мәлімет жинақтап, кесте толтыру.

Рефлексия: Ал енді оқушылар сіздерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіріңдер.



Интербелсенді тақтамен берілген тапсырманы орындайды.

Топ басшылары бағалау парақтарындағы критерийлерге сай басқа топ мүшелерін бағалайды.

Үй тапсырмасы тақырыпқа сай беріледі.





















Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ









Ашық сабақ

Тақырыбы: «Атақты саяхатшылар»







Ағылшын тілі пән мұғалімі: Мешел Кулзира

Информатика пән мұғалімі: Балтабекова Айтолқын







Теміртау қаласы, 2014 жыл

© 2010-2022