На казахском языке Информатика дарабозы7 класс

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

На казахском языке Информатика дарабозы7 классСабақ №12 Класс 7 Күні 26 11 2015 Бекітемін________

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»


Сабақтың мақсаты: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін арттыру және өз білімдерін дамытуға, бір-бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекіліктер: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекіліктер: Слайд презентация, смайликтер, дербес компьютер
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.

(Сынып оқушыларын түгендеу, сабақты таныстыру, смайликтер арқылы оқушы тандау, 6 оқушы өз еркімен шығады, шыққан оқушыларды смайликтер бойынша екі топқа үш-үш оқушыдан бөлінеді.

Жарыс кезеңдері:

І. "Бәйге" (Сайыскерлерге 15 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 15 ұпай беріледі).

  1. Алгоритм нешеге бөлінеді?

  2. Ақпараттық тасымалдаушы құрылғылар?

  3. CD-ROM мен DVD-R дискілердің айырмашылығы?

  4. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?

  5. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан?

  6. Пернетақтада неше пернесі болады?

  7. Алғашқыесептеуқұрылғысы?

  8. Компьютердің миы болып табылатын құрылғы?

  9. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы

  10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас?

  11. Вирустың кері әсерін жоятын программа, түрлерін ата?

  12. Pascal -да айнымалы атауы қандай тілмен беріледі?

  13. Айнымалының мәнін меншіктеу үшін қолданылатын амалдар?

  14. Қосымша құрылғы сканердің қызметі қандай?

  15. Офистік программаларға ........... жатады?

ІІ. «Көкпар" кезеңінің тапсырмалары

Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? - 3 стакан
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
(15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары-
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? - шырпы-
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? - 8.
ІІІ. "Адасқан әріптер" кезеңінің тапсырмалары

Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табады

IV. «Кім жылдам?» кезеңінің тапсырмалары

Екі топ бір тақырыпта, яғни алда келе жатқан Елбасы күніне шағын ғана слайд құрады. Слайдты құрып-аяқтау уақыты 1 күй тыңдалып болғанша

Ескерту:

слайдтың барлық мүмкіндігін пайдаланамыз

VI. "Байқағыштығыңды байқат" кезеңнінің тапсырмалары

Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 4 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты ұпай қосылады. Ең жоғарғы ұпай - 10 ұпай.

На казахском языке Информатика дарабозы7 классНа казахском языке Информатика дарабозы7 классНа казахском языке Информатика дарабозы7 класс

На казахском языке Информатика дарабозы7 класс На казахском языке Информатика дарабозы7 класс На казахском языке Информатика дарабозы7 класс

VI. Марапаттау

Оқшылардың 5 кезең бойынша жинаған ұпайларын қосып, жеңген топ анықталады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



© 2010-2022