Excel бағдарламасында диаграммалар құру

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: Информатика

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы

Excel бағдарламасында диаграммалар құру

Сабақтың мақсаты

MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру.

Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

Теорилық білімдерін практикада ұштастыра алуға дағдыландыру.

Оқытудың нәтижелері

MS Excel программасында диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптасады.

Компьютерлік сауаттылықтары артады.

Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Негізгі дерек-көздер

Плакаттар ,маркер, стикерлер, интербелсенді тақта

Модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басару және көшбасшылық.

Сабақтың барысы

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Кіріспе

2 мин


2 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.


Топқа бөлу: Стикердің көмегімен топтарға бөлу.

«Шаттық шеңберін» құрып, бір-бірлеріне тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Стикерлер арқылы 5оқушыдан 4 топтарға бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.



5 мин

Үй тапсырмасын бекіту:

«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

«Топтастыру» стратегиясы бойыншаүй тапсырмасын бекіту.

Сұрақтарға жауап беру арқылы миға шабуыл жасап, жауап береді.

Естерінде қалған ұғымдарды постерге түсіріп қорғайды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіреді. Жадыларын дамытады.

Жаңа сабақ таныстырылымы

15 мин

Жаңа тақырыпқа сәйкес Блум түймедағын жасату.

Интербелсенд тақтадан

кесте түрінде берілген мәліметті көрсетіп, Блум таксаномисы бойынша сұрақтар қоямын.

Мына кесте жайлы не ойлайсыңдар?

Неге олай ойлайсыңдар?

Осы мәліметті кесте түрінен басқаша ұсынуға бола ма?

Бұлай ойлауларына не себеп болды?

Сенімді дәлелдерің бар ма?

Осы дәлелдемелеріне сенімдісіңдер ме?

Интербелсенді тақтадан мәліметтерді көріп, сұрақтарға жауаптарын түймедақ күлтежапырақшаларна жазады. Дәлелдеді. Қорғайды.

Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Топтасып жұмыс істеше қалыптасады. Бір-бірлерінің пікірін тыңдауға үйренеді. Сенімді дәлелдер ұсынады.

Жаңа сабақты қолдану

10мин

«Құндылықтарды анықтау» стратегиясын қолданып диаграмма құру жолдары қате жазылған парақтарды таратып, ешқандай өшіру құралын пайдаланбай диаграмма құру жолдарын ретімен орналастыруларын тапсыру.

Алған білімдерін қолданып, жауаптарды қырқып басқа параққа дұрыс ретімен жапсыру арқылы орындайды.

Тапсырманың құндылығын анықтайды.

Жаңа сабақты қорытындылау

7 мин

Сабақты қорытындылау:

Сабақтың негізгі бөлімін пысықтау кезінде Блум таксономиясымен сұрақ қоюдың «қайсысы дұрыс?» деген сұрағын қолдану арқылы пікір талас өткізу.

мәліметтерді кесте түрінде ұсынған дұрыс па, әлде диаграмма түрінде ме? деген сұрақ қою.

Екі топ екі пікірді қолдайтындарын айтып жауаптарын дәлелдеді.

Пікір таласады. Сабақты қорытындылайды.

3 мин

Рефлексия: Түрлі-түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып шығады.

Оқушылар өздерінің ойларын стикерге жазады.

Өз пікірлерін білдіреді.

2 мин

Бағалау: Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, сыныптасын бағалату.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Бағалау критерийлерін құра алады. Әділ бағалауға үйренеді.

1 мин

Үйге тапсырма беру: Тест құрастырып келу.

Күнделікке жазады

Үй тапсырмасын жазып алады.



© 2010-2022