Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:

Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:

Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта, Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, бағалау үшін қаршалар, үлестірмелі материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы.

Сабақтың әдісі:

Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, венн диаграммасы, ойын элементтері.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Практикалық жұмыс

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

ҮІІ. Үй тапсырмасы

ҮІІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.

5. Сабақ барысында дұрыс жауап берген, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қаршалар беріліп, сабақ соңында жинаған қаршаларының санына қарай бағаланатындығы туралы айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа қарша беріледі.

Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:

  1. «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?

  2. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.

  3. Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.


Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:

  1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.

  2. Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт, Ексабайт, Зеттабайт, Йоттабайт.

  3. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т.б.

Компьютер құрылғылары бөлімінің сұрақтары:

  1. Пернетақта пернелері неше топқа бөлінеді?

  2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыларды атаңыз.

  3. Компьютер жадының түрлері.

Компьютер құрылғылары бөлімінің жауаптары:

  1. Пернетақта пернелері бес топқа бөлінеді:

    1. Символдық пернелер;

    2. Функционал пернелер;

    3. Меңзерді басқару пернелері;

    4. Сандық пернелер;

    5. Арнайы көмекші пернелер.

  2. Тінтуір, джойстик, микрофон, сканер.

  3. Ішкі жады: Жедел жад, тұрақты жад, кэш-жады;

Сыртқы жады: иілгіш диск, оптикалық диск, флеш-жадтары.

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:

  1. «Paint» бағдарламасының ашылу жолы?

  2. «Paint» бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында қанша құрал және түстер палитрасында қанша түс бар?

  3. Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:

  1. Пуск  Все программы  Стандартные  Paint.

  2. 16 құрал және 28 түс бар.

  3. Рисунок  Отразить/Повернуть  Повернуть на угол  90º  ОК.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.

Оқушылардың редактормен қаншалықты таныс екенін зерттеу мақсатында редактордың іске қосылу жолы, терезе элементтері, құрал саймандардың қолданылу мақсаттары және құжатты сақтау жолы алдымен оқушылардан сұралады.

Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

Word Pad мәтіндік редакторы Пуск 

Все программы 

Стандартные 

Word Pad - командасы арқылы іске қосылады. Word Pad бағдарлама-сының ашылу жолы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін. Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

Терезе элементтері:

  • Тақырып жолы;

  • Меню жолы;

  • Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы;

  • Сызғыш;

  • Абзац шегінісі маркері;

  • Меңзер немесе енгізу нүктесі;

  • Жұмыс аймағы.

Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad  Сохранить как...  Сохранить - командасы орын-далады. WordPad  Сохранить как... командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.

Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск  Выход командасы орындалады.Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Өлең жолдарын дұрыс тауып компьютерде орында

Балалық шағың

Тіл жетпес тағы

Патшаның оны бағалап.

Көп өтпей жыл

Сағалап тек жүрмей

Біл күнді тек.

«Балалық шақ». М.Жұмабаев.

Дұрысы

Балалық шағың

Патшаның тағы

Тіл жетпес оны бағалап.

Көп өтпей жыл

Тек жүрмей, -біл

Ілгері күнді сағалап.

Тапсырма

1.Өлеңнің бірінші шумағының түсін жасыл түске ауыстырыңдар

2.Өлеңнің екінші шумағын қызыл түске ауыстырыңдар

3.Қаріптің Times New Roman ға, өлшемін 18 -ге өзгертіңдер.

4. «Балалық шақ» деген атпен сақтаңыздар.

5.WordPad қолданбасынан «файл => шығу» командасын орындап шығыңыздар.

Ү. Жаңа сабақты бекіту: «Футбол» ойыны:

Ойынның сұрақтары:

  1. WordPad бағдарламасын іске қосу жолы?

  2. Құжатты сақтау жолы?

  3. Мәтін түсін өзгерту командасы қай жолда орналасқан?

  4. Қаріпті өзгерту командасы қай жолда орналасқан?

  5. WordPad бағдарламасындағы негізгі элементтер

  6. WordPad бағдарламасын жабудың неше жолы бар?

(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Әр допта WordPad бағдарламасына сәйкес сұрақтар беріледі. Оқушы қалаған добын таңдайды және сұраққа жауап береді.)

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Венн» диаграммасы:

Оқушыларға «Венн» диаграммасы бар қағаздар үлестіріліп, Paint және WordPad бағдарламаларының ұқсастықтарын жазу тапсырылады.

Ашық сабақ информатика Мәтіндік редактор




ҮІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

  2. Үйден «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма жазып келу. (Шығарманы келесі сабақта компьютерге енгізіп, мәтінмен жұмыс жасалады.)

ҮІІІ. Бағалау.


«Бекітемін»

Мектеп әдіскері: Г.Б.Мукушева.


Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі








Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі».

5 «б» класс

2014-2015 оқу жылы





Өткізген: Сагынова И.Т.

© 2010-2022