Конспекты по информатике на тему Менің педагогикалық ұстанымым

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Менің педагогикалық ұстанымым
















Асылбаева Ж.Б.

Ұстаз болу-батырлық

Ұстаз болу -ақындық

Ұстаз болу -абырой

Ұстаз болу -жарқындық

Ұстаз болу-мереке

Ұстаз болу-береке

Қуанышты жарқын боп

Құттықтаймыз

Ұстаздарым, ұстаздарым

Ұстаз -ана , аялайды барша жан

Ұстаздарым, ұстаздарым

Жақсы көрем арнаймын жақсы ән

Армысыздар ұстаздар асыл жандар

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын

Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым - маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қандай арман болсын.
Менің педагогикалық ұстанымым:
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам


Өзімнің алдағы 6-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.

Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отырамын. Бүгінгі таңда ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін.

Қазіргі заманға сай білімді, жан-жақты оқушы тәрбиелеу үшін, мұғалім өте жоғарғы біліммен қарулануы тиіс.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру мақсатында менің оқушыларым осындай жетістіктерге қол жеткізді:

* 2009-2010 оқу жылында аудандық олимпиададан ІІІ орын иегері

* 2011-2012 оқу жылында аудандық олимпиададан І орын иегері;

* 2011-2012 оқу жылында облыстық олимпиададан ІІ орын иегері.

*2009-2010 оқу жылында би үйірмесінен бас жүлде иегері;

*2010-2011 оқу жылында би үйірмесінен ІІ орын иегері;

Бұл мен үшін, әрине, үлкен қуаныш, әрі жетістік.

Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта әрине Менің педагогикалық ұстанымым:
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» демекші болашақта Республикалық олимпиадаларға, халықаралық жарыстарға қатысам деген мақсаттарым орындалады деп сенемін.


© 2010-2022