Диаграммалар құру сабақ жоспары

Күні:12.05 – 7«Б», 16.05- 7«Ә», 7«В», 17.05- 7«А» Мұғалімі: Архарова А.Сабақтың тақырыбы: Диаграммалар құруМақсаты:Міндеттер:Excel электрондық кестесінде диаграммаларменжұмыс жасау. Дамытушылық: диаграммалардың түр-түріменжұмыс жасау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақ түрі: дәстүрліСабақ типі: жаңа сабақты меңгертуСабақ әдісі:Баяндау,көрсету, практикумСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Internet.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй та...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.05 - 7«Б», 16.05- 7«Ә», 7«В», 17.05- 7«А» Мұғалімі: Архарова А.

Сабақтың тақырыбы: Диаграммалар құру

Мақсаты:

Міндеттер: Excel электрондық кестесінде диаграммалармен жұмыс жасау.

Дамытушылық: диаграммалардың түр-түрімен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Internet.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграмма - бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
1. Диаграмманы құру үшін: Қою менюдегі Диаграмма командасын таңдау
2. Стандарт аспаптар тақтасындағы
Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның
бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
Диаграмма құрудың екінші қадамы - мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі - жеке бетке орналастыру, екіншісі - кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.
Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма: Диаграммалар құру

2)Оқушыларды бағалау


© 2010-2022