Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 9 сабақ Тексерілді:

Сыныбы: 6 Күні: Пән мұғалімі: Жанбаева М.А.

Сабақ тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алгоритм, атқарушы ұғымы, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмнің жазылу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жүйелікке, бірізділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Практикалық

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, проектор, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен амандасу.

ІІ. Жаңа сабақ.

Алгоритм дегеніміз - іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін - программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды.

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.

Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.

Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.

Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер - терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі - кең таралған әдіс. Бұл - жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.


Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Алгоритм басы

2

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Алгоритм соңы

3

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Есептеуіш әрекет

4

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5


Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып) жоқ иә

Шартты тексеру

6

Сабақ жоспары Алгоритмді жазу пішімі тақырыбында (6 сынып)

Байланыс бағытын көрсету

ІІІ. Бағалау.

IV. Уйге: Алгоитм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Болк-схемасы тақырыбын оқу.


© 2010-2022