Тарау бойынша 8-ші сыныптарға арналған тест жинағы

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары

АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Санау жүйесі дегеніміз ...

  1. сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы;

  2. мәтін өңдеу, графикалық жұмыстар ;

  3. сандардың берілу әдістері;

  4. сандардың орналасу ережелері;

  5. Сандарды түрлендіру әдісі.

2. Санау жүйелерінің топтары:

  1. негізгі, қосымша;

  2. программалық, математикалық;

  3. күрделі, қарапайым;

  4. позициялық, позициялық емес;

3. Позициялық санау жүйесі:

  1. бұл санды жазу (елестету) әдісі;

  2. сандық мәнi оның орнына байланысты болады;

  3. сызықтық комбинацияны құрайтын сандардың өсу реті;

  4. әрбiр сандық мән оның алатын орнына байланысты емес;

  5. белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы;

4. Позициялық емес санау жүйесі:

  1. бұл санды жазу (елестету) әдісі;

  2. сандық мәнi оның орнына байланысты болды;

  3. сызықтық комбинация құрайтын сандардың өсу реті;

  4. санның әрбір мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты емес;

  5. белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы.

5. 11+10 екілік санау жүйесіндегі сандардың қосындысын тап:

  1. 110;

  2. 101;

  3. 111;

  4. 11111;

  5. 10011;

6. Екілік санау жүйесіндегі 11 санын ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:

  1. 2;

  2. 10;

  3. 3;

  4. 20;

  5. 4.

7. Ондық санау жүйесінен 24-ті, екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз:

  1. 11011;

  2. 10111;

  3. 11000;

  4. 10001;

  5. 11101.

8. Ондық санау жүйесінен 49-ды, сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз:

  1. 25;

  2. 16;

  3. 72;

  4. 61;

  5. 37.

9. Екілік санау жүйесінде қосу амалын орындаңыз: 1101+101

  1. 10011;

  2. 10010;

  3. 11100;

  4. 10100;

  5. 11000.

10. Екілік санау жүйесінде көбейту амалын орындаңыз: 1101*101

  1. 1000001;

  2. 1010001;

  3. 1010001;

  4. 1110000;

  5. 1100000.

11. Екілік санау жүйесінде алу амалын орындаңыз: 10010-101

  1. 1010;

  2. 1001;

  3. 1101;

  4. 1000;

  5. 1110

12. Пікір дегеніміз:

  1. мақұлданатын немесе терістелінетін хабарлай айтылған сөйлем;

  2. мақұлданатын немесе терістелінетін қозғаушы сөйлем;

  3. мақұлданатын хабарлай айтылған сөйлем;

  4. терістелінетін хабарлай айтылған сөйлем;

  5. сөйлеу фрагменті.

13. Дизъюнкция деп ...

  1. логикалық көбейтінді;

  2. шегеру;

  3. логикалық қосынды;

  4. терістеу;

  5. логикалық бөлу.

14. Конъюнкция деп ...

  1. логикалық көбейтінді;

  2. шегеру;

  3. логикалық қосынды;

  4. терістеу;

  5. логикалық бөлу.

15. "ЕМЕС" жалғаулығы қандай логикалық операцияда пайдаланылады?

  1. логикалық қосу;

  2. логикалық азайту;

  3. логикалық көбейту;

  4. логикалық терістеу;

  5. логика.

16. Логика ...

  1. адам сөйлеуінің заңдылықтары;

  2. есептердің шешілу ережелері;

  3. пікірлердің топтасуы;

  4. адам ойлауының түрлері мен заңдары;

  5. адамда болатын қасиеттер.

17. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау:

  1. пікір;

  2. логика;

  3. ақпарат;

  4. ғылым;

  5. ереже.

18 Берілген айнымалылар мәндерінің барлық мүмкін комбинацияларынан тұратын және әр комбинацияның ақиқат мәні көрсетілген логикалық функцияларды сипаттайтын кесте...

  1. диаграмма кестесі;

  2. ақиқат кестесі;

  3. мәтіндік кесте;

  4. электронды кесте;

  5. графикке арналған кесте.

19. Жалған пікірді көрсет:

  1. вирус компьютердің жұмысын баяулатады;

  2. вирус компьютердің файлдық жүйесін зақымдайды;

  3. вирустан құтылуға болады;

  4. вирус қолданушының жұмысын жақсартады;

  5. антивирустық бағдарламалар вирустан емдейді.

20. Компьютердің регистрлерінде екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтайтын электрондық схема:

  1. кесте;

  2. триггер;

  3. ақиқат кестесі;

  4. терістеу кестесі;

  5. Санауыш.









КОМПЬЮТЕР-АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛЫ

1. Компьютердің архитектурасы - бұл:

  1. компьютер құрылғыларының техникалық сипаттамасы;

  2. ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының сипаттамасы;

  3. тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалыққұралдар жинағы;

  4. компьютермен жұмыс істеудегі бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасы;

  5. жұмыста жиі қолданатын ақпаратты сақтау құрылғысы;

2. ЭЕМ архитектурасының негізгі идеялары қай кезде және кімнің көмегімен тұжырымдалды:

  1. ХХ ғасырда 40-шы жылдар аяғында Джон фон Нейман;

  2. XVII ғасырда 40-шы жылдары Блез Паскаль;

  3. XХ ғасырда 40-шы жылдараяғында Лейбниц;

  4. 40-шы жылдары беббидж;

  5. XХ ғасырда 30-шы жылдары Лебедев.

3. Компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға ммүмкіндік беретін принцип:

  1. модульдік;

  2. стандартты;

  3. қарапайым;

  4. басқару;

  5. қызметтік.

4. Процессор дың ішіндегі жады ұяшығы:

  1. драйвер;

  2. адаптер;

  3. регистрлер;

  4. транслятор;

  5. компилятор

5. Мәліметтерді өңдеуге арналған:

  1. басқару құрылғысы;

  2. интерфейстік жүйе;

  3. ішкі жады;

  4. микропроцессор;

  5. арифметика-логикалық құрылғы.

6. Операциялық жүйеде сыртқы құрылғылардың нақты түрімен өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын бағдарлама:

  1. драйвер;

  2. адаптер;

  3. транслятор;

  4. компилятор;

  5. басқару құрылғысы.

7. Компьютерге суреттер, мәтін түрінде берілген бейнелер, фото-суреттер енгізуге арналған құрылғы:

  1. факс-модем;

  2. сканер;

  3. принтер;

  4. тінтуір;

  5. бейнеадаптер.

8. Сыртқы құрылғылар - бұл:

  1. компьютердің бағдарламалық-құрылғысы;

  2. ақпаратты сыртқы өңдеуі үшін арналған құрылғы;

  3. мұрағаттаушы-бағдарлама,

  4. берілген тапсырма бойынша компьютердің құрылғысын басқару;

  5. қолданушыдан машинаға ақпаратты беру.

9. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блок арқылы өзара әрекеттеседі, ол:

  1. магисталь;

  2. процессор;

  3. контроллер;

  4. компилятор;

  5. интерпритатор;

10. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блок арқылы өзара әрекеттесуі:

  1. магисталь;

  2. драйвер;

  3. ажыратқыш;

  4. контроллер;

  5. тасымалдаушы.

11. Қосалқы құрылғылардың атқару жұмысы:

  1. ақпаратты сақтау;

  2. ақпаратты өңдеу;

  3. компьютер жұмысын басқару;

  4. ақпаратты енгізі-шығару;

  5. ақпаратты жүктеу;

12. Компьютере ақпарат өңделетін құрылғы:

  1. жүйелік тақташа;

  2. сыртқы жады;

  3. дисплей;

  4. процессор;

  5. ішкі жады.

13. Ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы:

  1. жылдам жады;

  2. сыртқы жады;

  3. тұрақты жады;

  4. ішкі жады;

  5. ұзақ жады.

14. Мәліметтер жиберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған:

  1. Басқару шинасы;

  2. Адрес шинасы;

  3. Интерфейс;

  4. Порттар;

  5. Мәліметтер шинасы.

15. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы:

  1. сканер;

  2. модем;

  3. принтер;

  4. тінтуір;

  5. контроллер.

16. Мәліметті шығару құрылғыларына жатады:

  1. сканер, монитор, дисковод;

  2. тышқан, принтер, сканер;

  3. принтер, клавиатура, монитор;

  4. принтер, графопосторитель, монитор;

  5. клавиатура, монитор, тышқан.

17. Ақпаратты енгізу құрылғыларына жатады:

  1. клавиатура, монитор, тышқан;

  2. тышқан, клавиатура, сканер;

  3. принтер, клавиатура, монитор;

  4. процессор, клавиатура, тышқан;

  5. трекбол, флоппи-диск, сканер.

18. Мультимедияға жататын құрылғылар:

  1. математикалық сопроцессор;

  2. енгізу шығару құрылғылары;

  3. тіке жадты қатынау контролері;

  4. бейне және дыбыстық тақша;

  5. акустикалық баған.

19. Компьютердің пернетақтасы-бұл...

  1. Алфавиттік-сандық ақпараттарды енгізуге арналған құрылға;

  2. Графикалық ақпараттарды енгшізуге арналған құрылға;

  3. Алфавиттік-сандық және графикалық ақпараттарды шығаруға арналған құрылғы;

  4. Еркін қатынасуға болатын мәліметтерді сақтауға арналған құрылғы;

  5. Әр түрлі таңбашалар мен пернелер орналасқан құрылғы.

20. Жүйелік блок-...

  1. Компьютердің негізгі функционалдық элементтері орналасқан корпус;

  2. Мәтін және графикалық ақпараттарды сақтауға арналған құрылғы;

  3. Аналық плата, дыбыстық, желілік картасы орналасқан;

  4. Сканерлеуді, сақтауды және басып шығаруды қамтамасыз ететін құрылғы;

  5. Жалпыға арналған қолданбалы пакет.








АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ

1. Бұл алгоритмінде көбіне арифметакалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі:

  1. сызықтық;

  2. тармақтық;

  3. циклдық;

  4. көмекші;

  5. бағдарламалық.

2. Шартты тексеру операторы:

  1. ARRAY;

  2. FOR….TO….DO;

  3. IF….THEN…..ELSE;

  4. GOTO;

  5. FOR.

3. IF[шарт]THEN[1-серия]...

  1. Шартсыз көшу операторы;

  2. Шартты көшу операторы;

  3. Баспаға шығару операторы;

  4. Операторды енгізу операторы;

  5. Goto.

4. IF (шарт) THEN (1-серия) ELSE (2-серия):

  1. Шартсыз көшу операторы;

  2. Шартты көшу операторы;

  3. Баспаға шығару операторы;

  4. Шартты тексеру операторы;

  5. Шартты орындау операторы.

5. Тармақталу операторында IF түйінді сөзінің аудармасы:

  1. ЕГЕР;

  2. ОНДА;

  3. ӘЙТПЕСЕ;

  4. ЕНГІЗУ;

  5. ШАРТ.

6. Шартты операторда THEN көмекші сөзінің аудармасы:

  1. ЕГЕР;

  2. ОНДА;

  3. ӘЙТПЕСЕ;

  4. ЕНГІЗУ;

  5. ШАРТ.

7. ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттар:

  1. шартты оператор;

  2. мәліметтер берілуі;

  3. құрама шарттар;

  4. циклдік дене;

  5. сызықты оператор.

8. Программаның белгілі бір бөлігін орындалуын бірнеше рет қайталау:

  1. шартты оператор;

  2. циклдік оператор;

  3. тармақталу командасы;

  4. сызықтық операторлар;

  5. мәліметтер типі.

9. FOR…TO… DО бұл оператор:

  1. шартты көшіру;

  2. шартсыз көшіру;

  3. циклдің шартты ауысуы;

  4. қайталану циклінің алдын-ала белгілі саны;

  5. қайталау циклі.

10. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын оператор:

  1. циклдің денесі;

  2. шарт;

  3. циклдің басы;

  4. циклдің соңы;

  5. әзір.

11. Паскаль тіліндегі шартты алдын ала тексеру операторы ...

  1. WHILE;

  2. FOR;

  3. REPEAT;

  4. DOWN TO;

  5. Goto.

12. REPEAT операторының программада қолданылуы:

  1. шартқа байланысты болғанда,

  2. қайталану саны белгісіз болғанда;

  3. алдын ала берілген шарт бойынша;

  4. шарт ақиқат болғанда;

  5. бірінің ішіне бірі орналасса.

13. WHILE операторының алгоритмдік тілдегі сәйкес командасы:

  1. циклдің денесі;

  2. шарт;

  3. циклдің басы;

  4. циклдің соңы;

  5. әзірше.

14. DO операторының алгоритмдік тілдегі сәйкес командасы:

  1. орында;

  1. шарт;

  2. циклдің басы;

  3. циклдің соңы;

  4. әзір.

15. Паскаль тілінде графикалық режимге ауысу процедурасы

  1. DRIVERS;

  2. USES GRAPH;

  3. INITGRAPH;

  4. DETECT;

  5. WHILE.

16. Суреттің ағымдағы түсін беретін функция:

  1. MOVETO;

  2. CLEAR;

  3. DETECT;

  4. SETCOLOR;

  5. BKCOLOR;

17. Графикалық режимнен шығу:

  1. GETGRAPH;

  2. CLOSE;

  3. CLOSEGRAPH;

  4. COLOR;

  5. GETGRAPH.

18. Экранға шеңбер сызу процедурасы:

  1. CIRCLE(X,Y);

  2. ARC(X,Y);

  3. ELLIPS(X,Y);

  4. FLOODFILL(X,Y);

  5. SETFILLSTYLE(X,Y).

19. LINE(x1,y1,x2,y2:integer) әрекетінің қызметі:

  1. түзу сызық сызу;

  2. төртбұрыш сызу,

  3. шеңбер сызу,

  4. доға сызу;

  5. эллипс сызу.

20. Тұйық облыстың ішін боя:

  1. GETCOLOR;

  2. BICOLOR;

  3. FLOODFILL;

  4. PALETTE;

  5. COLOR.








АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

1. Нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету:

  1. модельдеу;

  2. модель;

  3. прототип;

  4. шешім қабылдау;

  5. фото.

2. Модельдің қасиеттеріне қарай топталуы:

  1. статистикалық және динамикалық

  2. материалдық және ақпараттық

  3. оқу, тәжірибе, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық

  4. компьютерлік және компьютерлік емес;

  5. қолдану аймағы, уақыт факторы, білім саласы, модельді көрсету.

3. Объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі өзгеруі:

  1. статистикалық,

  2. динамикалық;

  3. таңбалық;

  4. вербальдық;

  5. ақпараттық.

4. Вербальдық модель деген ...

  1. арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген модель,

  2. уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін беретін модель;

  3. ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель;

  4. программалық орта көмегімен іске асатын модель;

  5. нысанның қасиеттерін сипаттайтын модель;

5. Тарату тәсіліне қарай модельдердің топталуы:

  1. компьютерлік және компьютерлік емес;

  2. статистикалық және динамикалық;

  3. материалдық және ақпараттық;

  4. вербальдық және таңбалық;

  5. ақпараттық және табиғи.

6. Объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылатын модель:

  1. компьютерлік;

  2. статистикалық;

  3. материалдық;

  4. ақпараттық;

  5. графикалық модель.

7. Компьютерлік модель деген ...

  1. алдын ала нәтижелері белгілі болатын бастапқы мәліметтердің жинағы;

  2. программалық орта көмегімен жүзеге асатын модель;

  3. иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар;

  4. графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар;

  5. түпнұсқаның физикалық қасиеттерін көрсету.

8. Ақпараттық модель түрлері:

  1. компьютерлік және компьютерлік емес;

  2. статистикалық және динамикалық;

  3. материалдық және ақпараттық;

  4. вербальдік және таңбалық;

  5. ауызша және жазбаша.

9. Есептің қойылуы, формальдау, компьютерлік модельді құру, эксперимент, нәтижесін талдау:

  1. модельдің қасиеттері;

  2. модельдеу кезеңдері;

  3. модельдеу мақсаты;

  4. модельді талдау;

  5. модельді зерттеу

10. Модельдеудің барлық кезеңдері байланысты болады:

  1. мақсатына;

  2. міндетіне;

  3. жүйелігіне;

  4. зерттелуіне,

  5. құрылуына.

11. Модельді тестілеу:

  1. дұрыс құрылуын тексеру үдерісі;

  2. зерттеу жүргізу;

  3. нысан қасиетін анықтау;

  4. есепті формальдау;

  5. нысанды талдау.

12. Модельдеу мақсаты:

  1. нысан мен оның қасиеттерін зерттеу;

  2. компьютерлік эксперимент жасау жолдары;

  3. нысанға әсер етету нәтижесінде оның сипаттамасының өзгерісі;

  4. нысанның көптеген көрсеткіштерінен маңыздылығын бөліп алу;

  5. есепті табиғи тілде жазу.

13. Нақты модельденетін нысан мен оның қасиеттерін анықтау кезеңі:

  1. нысанды талдау;

  2. тестілеу;

  3. эксперимент;

  4. қайта тексеру;

  5. нысанды зерттеу.

14. Компьютерлік эксперимент сатыларының түрлері:

  1. талдау және зерттеу;

  2. модельді тестілеу және зерттеулер жүргізу;

  3. формальдау және тестілеу,

  4. нысанды талдау және берілуі;

  5. модельді талдау және тестілеу.

15. Нысанның маңызды қасиеттері мен көрсеткіштерін белгілеу:

  1. формальдау;

  2. нақтылау;

  3. тестілеу;

  4. талдау;

  5. мақсаттау.

16. Модельді тестілеу:

  1. нысанның көптеген көрсеткіштерінен маңыздылығын бөліп алу;

  2. модельдің дұрыс құрылуын тексеру үдерісі;

  3. арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсету;

  4. уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету;

  5. иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттау.

17. Компьютерлік экспериментте модельді тестілеу қадамы сәтті өткенде және зерттеу моделі нақты құрылғанына сенімді болганда ғана жасауға болады:

  1. модельді тестілеу;

  2. модельді формальдау;

  3. модельді талдау,

  4. модельді құру;

  5. модельді зертте.

18. Модельдеудің осы кезеңнің нәтижесі бойынша зерттеу жұмыстары жалғастырылатындығы немесе аяқталатыны шешіледі:

  1. нәтижені талдау;

  2. модельді зертте

  3. есептің берілгені;

  4. формаға салу;

  5. эксперимен жасау.

19. Жүйенің өзгеру мен даму процестерін көрсететін модель:

  1. ақпараттық;

  2. статикалық;

  3. динамикалық;

  4. материалдық;

  5. формальдау.

20. Қойылған мақсатқа нәтижесі сәйкес келетін модельдеу процессінің кезеңі:

  1. модельдің мақсатын қою;

  2. модельді өңдеу;

  3. компьютерлік эксперимент;

  4. модельдің құрылымы;

  5. модельдеу нәтижесін талдау.








АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. Кестелік процессордың атқаратын негізгі қызметі:

  1. суреттік мәліметтерді өңдеу;

  2. мәтіндер жасау және түзету;

  3. кестелік мәліметтерді автоматты түрде өңдеу;

  4. көлемді информация жиындарын басқару;

  5. сурет салу.

2. Кестелік процессор:

  1. Microsoft Office Excel;

  2. Microsoft Office Access;

  3. Microsoft Office Word;

  4. Microsoft Office PowerPoint;

  5. Microsoft Office Publisher.

3. Жұмыс кітабын:

  1. тікбұрышты жол және баған кестені құрайтын тор;

  2. кітап қасиетін сақтайтын орын;

  3. бірнеше жұмыс парақтарын құрайтын файл;

  4. кесте элементі;

  5. жеке файл.

4. EXCEL-де мәтіндік түрдегі деректер мәні қалыпты жағдайда ұяшықтың ішінде орналасуы:

  1. сол жақ шеті бойынша;

  2. ұзындығы бойынша;

  3. оң жак шеті бойынша;

  4. ені бойынша;

  5. центрі бойынша.

5. Excel-де ерекшеленген ұяшықтардың мазмұнын тышқанның көмегімен жаңа орынға көшіру:

  1. тышқанды ерекшеленген блоктың шекарасына қойып, Ctrl пернесін басып келесі орынға тасымалдау керек;

  2. тышқанды ерекшеленген блоктың шекарасына қойып, келесі орынға тасымалдау керек;

  3. тышқанды ерекшеленген блоктың шекарасына койып, Ctrl және Shift пернесін басып келесі орынға тасымалдау керек

  4. формат - столбец - ширина командаларын орындау;

  5. тышқанды ерекшеленген блоктың шекарасына қойып, Shift пернесін басып келесі орынға тасымалдау керек.

6. EXCEL-де ұяшық ішінде болмайтын мәліметтер түрі:

  1. мәтіндік;

  2. сандық;

  3. адрес (сілтеме);

  4. формула;

  5. диаграмма.

7. MS Excel электрондық кестеде темендегі мәліметтерді автоматты толтыруға болады:

  1. апта күндері, сандар, диаграмма аттары;

  2. айлар, апта күндері және сандар;

  3. айлар, апта күндері, диаграмма аттары;

  4. формулалар, диаграммалар;

  5. студенттер аттары және студенттердің үлгерім бағалары.

8. Excel-де формуланы кірістіру:

  1. Формат-Функция;

  2. Вставка-График;

  3. Правка-Функция;

  4. Вставка-Функция;

  5. Вставка-Диаграмма.

9. "####" символдарының ұяшықта шығуының мәні:

  1. оның ішіндегі сан өте үлкен және де толық бейнелене алмайды;

  2. мәтін ұяшыққа симайды;

  3. ұяшық құрамы жасырулы;

  4. ұяшық қорғалған;

  5. формулада қате бар.

10. Жұмыс кітабының атын өзгерту үшін:

  1. файл менюінен "сохранить как" командасын таңдау керек; *

  2. беттің ярлыгына шерту керек;

  3. бағыттауышты құжат терезесінің жолына жылжытып жаңа атты теру керек;

  4. жабу пернесін басу керек;

  5. правка менюінен "Переименовать" командасын тандау керек;

11. EXCEL. «=» белгісінен басталатын символдар тізбегі қалай аталады:

  1. сандар;

  2. диаграмма;

  3. формула;

  4. функция;

  5. мәтін.

12. А1 ұяшығында 9 саны, ал В1 ұяшығында 2 саны жазылған болсын. Егер С1 ұяшығында =А1+В1 формуласы жазылған болса, оның мәнінің теңдігі:

  1. 4,5;

  2. 18;

  3. 14;

  4. 11;

  5. 81.

13. =Н8+Н14 формуласы не орындайды:

  1. Н14 ұяшығының құрамын Н8 ұяшығының кұрамынан шегереді;

  2. Н14 және Н8 ұяшықтарындағы шамаларды көбейтеді;

  3. Н8:Н14 ұяшықтарын қамтитын диапазон жасайды;

  4. Н8 және Н14 ұяшыктарының мәндерін қосады;

  5. Н8-Н14 ұяшықтар блоктарының құрамын көрсетеді.

14. Ұяшықтар блогының дұрыс жазылуын көрсет:

  1. А1:С5;

  2. АЗ:СЕ;

  3. LN1:AE5:

  4. H5xA13:

  5. 11:8L.

15. Көрші ұяшықта орналасқан деректер бірыңғай тұтас түрде формулаға сілтеуге болады. Ол деректердің атауы:

  1. кесте;

  2. диапазон;

  3. редактор;

  4. диаграмма;

  5. ұяшық.

16. MS Excel. D2 ден D7-гe дейінгі ұяшықтар диапазонын қосындылау формуласы қалай жазылады?

  1. =CУMM(D2; D7);

  2. =CУMM(D2, D3,D7);

  3. =CУMM(D2, D7);

  4. =CУMM(D2 - D7);

  5. =CУMM(D2:D7);*

17. Келтірілген формулалардың 30-шы жолдағы 1-ші бағаннан 6-шы бағанға дейінгі ұяшықтардың қосындысын есептейтін формуланы көрсет:

  1. = СУММ(А1:А6);

  2. Sum(A30:F30);

  3. = Sum(l:6);

  4. Sum(10,l:4);

  5. = СУММ(АЗО:ҒЗО);

18. Excel-дегі «минимальді мәнді» есептейтін функция:

  1. МИНА;

  2. МИН;

  3. ЗНАЧМИН;

  4. МИНЗНАЧ;

  5. МАКС.

19. Ұяшықтың аралас адресі - бұл:

  1. басқа параққа тек кана формуланың орнын ауыстырғанда өзгеретін ұяшық адресі;

  2. деректер немесе формула құрайтын ағымдағы ұяшық;

  3. формуланы көшіргенде немесе орнын ауыстырғанда автоматты өзгеретін ұяшық адресі;

  4. басқа параққа формуланы көшіргенде өзгеретін ұяшық адресі;

  5. ұяшық адресі, адрестің бір параметрі өзгереді, екіншісі өзгермейді.

20. Ұяшыктың салыстырмалы адресі:

  1. бағана және қатар номерлерінен құрылған ұяшықтардың белгіленуі;

  2. формуланы көшіргенде сілтеме өзгермейді;

  3. формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді;

  4. бағананың номерлерінен құрылған ұяшықтар;

  5. латын әріптерінен құралған ұяшықтың белгіленуі.

21. Ұяшыктың абсолют адресі:

  1. басқа параққа тек кана формуланың орнын ауыстырғанда өзгеретін ұяшық адресі;

  2. формуланы көшіргенде сілтеме өзгермейді;

  3. формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді;

  4. бағананың номерлерінен құрылған ұяшықтар;

  5. латын әріптерінен құралған ұяшықтың белгіленуі.

22. Н5 ұяшығына жазылған =B5*$V$5 формуласын H7 ұяшығына көшіргенде қандай формула алынады:

  1. = B7*$V$5;

  2. = B5*$V$7;

  3. = B5*$V$5;

  4. = B7*$V$7;

  5. = H7$V.

23. Формуласы бар ұяшықтардың орынын ауыстыру кезінде:

  1. Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді;

  2. Аргументтер ұяшығының координаталары өзгермейді;

  3. Формуланы ауыстырғанда жол аты сақталады;

  4. латын әріптерінен құралған ұяшықтың белгіленуі;

  5. формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді

24. Ұяшықтар аумағын форматтау үшін:

  1. таңдау керек;

  2. оларды белгілеу керек;

  3. формула енгізу керек;

  4. көшіру керек;

  5. оларды жою керек

25. Диаграмма деген ...

  1. Кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі;

  2. латын әріптерінен құралған ұяшықтың белгіленуі

  3. бағана және қатар номерлерінен құрылған ұяшықтардың белгіленуі;

  4. кестеде мәліметтерді толықтырып көрсету;

  5. сызба түріндегі мәліметтер.

26. Бірнеше шаманы бірнеше нүктеден салыстыру үшін қолайлы диаграмма түрі:

  1. дөңгелек;

  2. гистограмма;

  3. график;

  4. конус;

  5. сызықтық.

27. Барлық жағдайдағы ақпараттың нақтылығын көрсете алмайтын диаграмма түрі:

  1. дөңгелек;

  2. гистограмма;

  3. график;

  4. конус;

  5. сызықтық.

28. Excel - де диаграмма шеберінде бірінші параметрлердің тағайындалуы:

  1. Диаграмма типін таңдау;*

  2. Диаграмма бейнеленетін мәліметтер аралығын енгізу;

  3. Диаграмма аңызының орналасуын орнын анықтау;

  4. Диаграмманыњң орналасатын орнын көрсету;

  5. Диаграмманың қосымша түсініктемелерін енгізу;

29. Диаграмма құрғанда енгізілмейтін элементтер:

  1. диаграмма атауы;

  2. диаграмма аңызы.

  3. мәліметтер жазылымы;

  4. осьтер мен тор сызықтар.

  5. графикалық объектілер.

30. Гистограмма мен график диаграммаларының айырмашылығы:

  1. бағандардың биіктігі салыстырылған шамалармен анықталады.

  2. баған орнына олардың биіктігі белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен белгіленеді;

  3. бірнеше шаманы бірнеше нүктеден салыстыру карастырылады;

  4. шамаларды салыстыруға ыңғайлы нүктелері бар;

  5. әрбір енгізілетін мәлімет бағанда көрсетіледі.





ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

1. Байланыстың жалпы мағынасында қолданылмайтын, бір-бірінен қашық орналаспаған түйінділі желі:

  1. сервистік;

  2. функционалдық;

  3. жергілікті;

  4. ауқымды;

  5. желілік.

2. Ауқымды желі неден тұрады:

  1. кез келген ауқымды желі басқа ауқымды, жергілікті желілерден, және де оларға жеке қосылған компьютерлерден (алыстатылған компьютерлерден) немесе жеке қосылатын енгізу/шығару құрылғыларынан тұруы мүмкін;

  2. ауқымды желі басқа ауқымды желілерден тұруы мұмкін;

  3. функционалдық желілерден тұруы мүмкін;

  4. кез келген ауқымды желі жергілікті желілерден тұруы мүмкін;

  5. кез келген ауқымды желі басқа жеке қосылған компьютерлерден (алыстатылған компьютерлерден) немесе жеке қосылатын енгізу/шығару құрылғыларынан тұруы мүмкін.

3. Желінің топологиялары:

  1. сақина, асимметрия, жұлдыз;

  2. шина, асимметрия;

  3. сопақ түріндегі;

  4. шина, сақина, жұлдыз;

  5. сервистік.

4. Желінің ең қарапайым топологиясы:

  1. сақина;

  2. шина;

  3. асимметрия;

  4. сопақ түріндегі;

  5. жұлдыз.

5. Компьютерді жергілікті желіге қосу келесілердің көмегімен жүзеге асырылады:

  1. сервердің;

  2. желілік топологиясының;

  3. желілік адаптердің;

  4. желілік фильтрдің;

  5. кабелдің.

6. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен мәлімет алмасатын құрылғы:

  1. стример;

  2. сканер;

  3. модем;

  4. плоттер;

  5. принтер.

7. Жергілікті желіде ерекшелінген-сервер болса. Ол:

  1. иерархиялық желі;

  2. ауқымды желі;

  3. біртекті желі;

  4. компьютерлік желі;.

  5. желілік адаптер.

8. Желі типологиясының негізгі мақсаты:

  1. Желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіреді;

  2. Желінің функциональдық элементтерінің қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді;

  3. Желілердің негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды;

  1. Тұтынушыға қажетті ақпаратты жеткізу;

  2. Желілік ортаны сауатты пайдалану.

9. Internet дегеніміз:

  1. жергілікті желі;

  2. корпоративті желі;

  3. ауқымды желі;

  4. регионалды желі;

  5. ұлттық желі.

10. Сайт дегеніміз:

  1. есептеулер жүргізетін электрондық кесте;

  2. кәдімгі текстік және графикалық информациямен қатар, басқа құжаттарға жасалған сілтемелері бар құжат, және бұл сілтемелер берілген құжаттың текстік фрагменттеріне немесе графикалық объектілеріне қойылған;

  3. бір адам немесе ұйым дайындаған, қандай да бір web-серверде орналасқан web-беттері жиынтығы;

  4. сурет, мәтін, гиперсілтемесін қамтитын .doc кеңейтілуі бар файл;

  5. жергілікті - есептеу желісі арқылы хабарлама беретін жұмысшы топ.

11. Домен дегеніміз:

  1. интернеттегі компьютерлер тобының ортақ бөлігі, ол компьютердің орналасқан жерін және сол ұйымның категориясын анықтайды;

  2. пайдаланушының чаттарда қолданатын арнайы аты;

  3. программаның жұмыс істеуіне қажетті берілгендерді беретін компьютер;

  4. жеке адамға немесе ұйымға тиісті қандай да бір web-серверде орналасқан web- беттер жиыны;

  5. web - беттер.

12. Іздеу серверлері мыналардан тұрады:

  1. интернеттегі компьютерлер тобының ортақ бөлігі, ол компьютердің орналасқан жерін және сол ұйымның категориясын анықтайды;

  2. қолданушыныњ чаттарда қолданатын арнайы аты;

  3. құжаттардың, сайттардың, беттердің адрестері және сипаттары;

  4. мәтіндер, суреттер, сайттар;

  5. Интернеттің арнайы қызметтері.

13. Провайдер дегеніміз - ол:

  1. қолданушы есімі;

  2. жүйе аралық протоколдармен берілетін ақпараттың өлшем бірлігі;

  3. өзінің клиенттерін жүйеге қосуды қамтамасыз ететін коммерциялық қызмет көрсету;

  4. цифрлық телефондық жүйе түйіні,

  5. жүйелік администратор.

14. Ресуростарды тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі:

  1. бранмауэр;

  2. желілілік адаптер;

  3. провайдер;

  4. компьютерлік желі;

  5. интернет

15. Жергілікті желі:

  1. ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі;

  2. әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі;

  3. саны шектеулі компьютерлердің байланысы;

  4. өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістік;

  5. желідегі барлық компьютерлердің бірігуі.

16. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен геометриялық байланысу тәсілі:

  1. браузер;

  2. топология;

  3. сервер;

  4. шлюз;

  5. адрес.

17. Электрондық пошта:

  1. компьютердегі html пішімі түріндегі web - құжаттарды оқуға арналған программа;

  2. дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуі;

  3. бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру;

  4. компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі;

  5. желіде ерекшеленген компьютерлер тобы.

18. Браузер деген ...

  1. компьютердегі html пішімі түріндегі web - құжаттарды оқуға арналған программа;

  2. дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуі;

  3. бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру;

  4. компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі;

  5. желіде ерекшеленген компьютерлер тобы.

19. Мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа WEB - парақтардың жергілікі адресімен байланысып, ерекшеленгене бөлігі:

  1. жаңалықтар тобы;

  2. маршрутизатор;

  3. гипермәтіндік сілтеме;

  4. байланыс құру;

  5. деректер базалары.

20.Сервис - провайдерлер:

  1. Интернеттен телефон желісі бойынша қызмет жеткізуші;

  2. Интернет қызметін беретін ұйым;

  3. Пошталық жәшік;

  4. Домендік атауын сандық түрлендіруді қамтамасыз ететін сервер адресі;

  5. Жергілікті желіліер.


© 2010-2022