Векторлық графика сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Векторлық графика сабақ жоспарыВекторлық графика сабақ жоспарыВекторлық графика сабақ жоспарыВекторлық графика сабақ жоспарыСабақ жоспары

Сабақ № 22

Пән аты: Информатика

Сыныптар: 7 «А», 7 «Ә» , 7 «Б»

Өткізілетін күні: 17.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға векторлық графика бағдарламасы, бағдарламаның қолданылуы, интерфейсі жөнінде толық мағлұмат беру; бағдарламамен жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық: векторлық графика туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, CorelDraw графикалық редакторы.

Сабақтың өту барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Мағынаны тану

  5. Ой толғау

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды программалар аттарымен (Векторлық, растрлық, фрактальды) арқылы топтарға бөліп аламын.Топ спикерлерін сайлау. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 минут)

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Компьютерлік графиканың түрлері қандай?

  3. Графикалық файлдардың қандай форматтары болады?

  4. Графикалық редактор түрлерін ата?

  5. Әр түрлі графика түріне мысал келтір.

Тапсырмалар орындау. Тапсырма интербелсенді тақтада көрсетіледі.

3. Жаңа сабақ (7-10 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Векторлық графиканы өңдеуге арналған бағдарламаның бірі - Corel Draw.

Corel Draw - векторлық графикалық редактор, Corel канадалық корпорациясымен өңделген CorelDRAW - программалық кешені, оның құрамына:

CorelPhotoPaint - растрлық графика редакторы;

CorelCapture - компьютер экранынан бейнені көшіріп алуға арналған бағдарлама;

CorelTrace - растрлық бейнені векторлық бейнеге айналдыруға арналған бағдарлама және т.б. кіреді.

CorelDRAW бағдарламасының жұмыстық құралдары болып, геометриялық фигуралар болып табылады: тіктөртбұрыш, эллипс, көпбұрыш және сызықтар.

CorelDRAW сызық құралын редакторлаудың әр түрлі мүмкіндіктерін ұсынады. Суретті бояудың әр түрлі әдістері -бағдарламаның ерекшелігі болып табылады. CorelDRAW бағдарламасында арнайы эффектілермен жұмыс істеуге болады.

Мәтінмен жұмыс істеу - бағдарламаның тағы бір ерекшелігі болып табылады. Мәтінге әр түрлі өзгертулер қолдануға болады. Бейнеге дайын растрлық бейнені енгізуге болады.

CorelDRAW бағдарламасының жұмыс терезесі:


Бағдарлама терезесінің құрылымы:

  • Тақырып қатары

  • Мәзір жолы

  • Стандартты панель

  • Қасиеттер панелі

  • Құрал-саймандар панелі

  • Жұмыс беті

  • Түстер палитрасы

  • Қалып-күй жолы

Мәзір жолының барлық командалары топтарға бөлінген. Әрбір мәзірде жеке топтардың командалары көрсетіледі.

Кез келген объектіні таңдау кезінде «қасиеттер терезесінде» оның негізгі қасиеттері туралы ақпарат болады.(өлшемі, түсі, бұрылуы және т.б.)

Экранның оң жағында орналасқан түстер палитрасы объектінің түсін тез өзгертуге мүмкіндік береді.

Төмендегі қалып-күй жолында курсордың ағымдағы орналасу координатасы, қандай объект ерекшеленгендігі туралы, объектінің түсі т.с.с. сияқты ақпарат көрсетіледі.

4. Мағынаны тану. (5минут)

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. CorelDraw графикалық редакторы не үшін арналған?

  3. Графикалық редактордың негізгі ерекшеліктері қандай?

  4. Жұмыс терезесі қандай элементтерден тұрады?

  5. Объектіге орындалатын операциялар қандай?

6. Ой толғау. Венн диаграммасы . Векторлық және Растрлық графиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

6. Үй тапсырмасын беру: Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.

7. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасына дайындалып келуі. (1-3 ұпай)

Жаңа сабақты толық меңгеруі. (1-5 ұпай)

Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (1-3 ұпай)

Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(1-3 ұпай)

Жалпы ұпай:

9-10 ұпай-«5»

7-8 ұпай -«4»

5-6 ұпай-«3»



тапсырма



ІІ тапсырма



ІІІ тапсырма




© 2010-2022