Сұраныстарды ұйымдастыру. 11 сынып. сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:11.12.2015ж

Пәні: информатика

Сыныбы: 11а

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі

Сабақтың тақырыбы: Сұраныстарды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сұраныстар туралы, ол не үшін қажет, конструктор ұғымына кең тұрғыда мағлұмат беру;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ойлау қабілетін тәжірибелік жұмыстар арқылы дамыту;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-илюстративті, тәжірибелік;

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, Prezi-де жасалған презентация, автотест, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Оқушыларды ұйымдастыру. Сабаққа дайындығын қадағалап, түгендеу;
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Ақпараттық диктант толтыру.

Бірегей көрсеткіш - ________ ___________ көрсетікіш. Түйінді көрсеткіш - бұл жазбаны ___ ______ көрсеткіш.Байланыстың __ түрі бар: 1.___________________ 2._______________ 3.___________________Іс жүзінде мәліметтер қорында ________________ түріндегі кестелер байланысын қолданады.MS Access -те кестелерді байланыстыру "_____________ ___________" деп аталатын арнайы терезе арқылы іске асырылады. Байланыс ____________ ___________ көрсетіледі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сұраныстар

Сұраныстар - мәліметтер қорынан қажетті ақпаратты таңдау құралы болып табылады. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. Сұраныстың негізгі қызметі -кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу. Бұл жерде бірнеше кестедегі деректерді өзара байланыстыру мүмкіндігі туралы айтылады. Сонымен қатар деректерді таңдау барысында жаңадан қажетті мәліметтері бар уақытша кестелер құрылады. Бұл мақсат үшін MS Access-те сұраныстар қолданылады. Көптеген МҚБЖ сұраныстырдың келесі түрлері қолданылады:

  1. параметрлі бойынша сұраныс кестедегі деректерді өзеріссіз қалдырып, форма немесе кесте түрінде болады;

  2. қорытынды сұраныстар статистикалық есептердің нәтижелерін көрсету үшін арналған;

Ал енді біз ең күрделі тапсырмалардың бірін қарастыруға - таңдамаға сұраныстар (немесе қарапайым сұраныс деп те атауға болады) құруға кірісеміз.

Таңдамаға сұраныстарды қолдана отырып, деректер қорынан кестелік түрдегі деректердің бейнесін алуға болады. Сұраныстарға арналған деректер бір немесе бірнеше кестелерден, бұрыннан бар сұраныстардан немесе кестелер мен сұраныстардың комбинациясынан түсуі мүмкін. Деректерді алу үшін пайдаланылатын кестелер мен сұраныстар жазбалар көздері деп аталады.

Конструктор- күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып, Конструкторқатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторытерезесі және оған қосымша "Кестені қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұраныс не Сұраныс бланкісі деп те атайды.

Сұраныстарды ұйымдастыру. 11 сынып. сабақ жоспары

1-сурет. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері

2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу. Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді (1-сурет).

3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.

Жұмыс технологиясы.

1. Сұраныс-Конструктор командасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

2. "Кестені косу" терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне "Оқушылар" және "Пәндер" кестелерінің үлгілерін (өрістер тізімін) орнату. Олар автоматты түрде байланыстырып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған. Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек).

3. Сұраныс бланкісінің "Өріс" жолына "Оқушылар" кестесінен "Фамилиясы-Аты", "Пәндер" кестесінен "баға" атауын көшіру. (Егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді.)

4. "Іріктеу шарты" жолындағы "баға" өрісінің ұяшығына >=3 шарттық өрнегін енгізіп (30-сурет), терезені жабу.

5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезенің Иә батырмасын шерту.

6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезеге атау енгізіп (мысалы, "қанағаттанарлық"), ОК батырмасын шерту.

Ол деректер қорының Сұранысбөліміне жазылып қойылады (2-сурет).

Сұраныстарды ұйымдастыру. 11 сынып. сабақ жоспары

2-сурет. Сұраныс бланкісін толтыру

Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде дайындау да мүмкін.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

1.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

А деңгейі. Медицина қызметкерлері кестесінде "Жоғары" білімді дәрігерлерді іріктеуге сұраныс жасаңдар.

В деңгейі. Оқушылар кестесіне Тегі, Аты, Туған күні, Электронды пошта мәліметтерін экранға шығара отырып, Тегі өрісіне "А" әрпінен басталатын тізімді шығаратын сұраныс жасаңдар.

С деңгейі. Медицина қызметкерлері кестесінде 1976 жылдан бастап жұмысқа шыққан қызметкерлерді анықтайтын сұраныс жасаңдар.

V.Сабақты қорытындылау Автотест - Өзіңді тексер!

1. Сұраныс дегеніміз-

А. Мәліметтерді сақтауға арналған МҚ-ның нысаны

В. Мәліметтер қорынан қажетті ақпаратты таңдау құралы

С.Мәліметтерді шығаруға арналған нысан

D.Мәліметтерді енгізуге арналған нысан

2. Символдардың кез келген тобы үшін шаблон ретінде қандай символ қолданылады?

А. ? В. ! С.# D.*

3. Кез келген бір символ үшін шаблон ретінде қандай символ қолданылады?

А. ? В. ! С.# D.*

4. Мәліметтерге арналған шаблонның дұрыс жазбасын таңдаңдар: Астана,

Алматы, Атырау.

А. A? В.A??? С.>A D.А*

5. Таңдаудың берілген шарттары нәтижесінде қандай мәліметтер таңдалады:

А. А-П әрпінен басталатын барлық жазбалар

В. Р әрініен басталатын барлық жазбалар

С. Үш әріптен тұратын және Р әрініен басталатын барлық жазбалар

D. С-Я әрпінен басталатын барлық жазбалар

6.Сұраныс құру қандай командамен жүзеге асады?

А. Құру (Создание) - Кесте конструкторы (Конструктор таблиц)

В. Құру (Создание) - Сұраныс конструкторы (Конструктор запросов)

С. Құру -Форма конструкторы (Конструктор форм)

7. Кез келген цифр үшін шаблон ретінде қандай белгі қолданылады?

А. ? В. ! С.# D.*

8. Сұраныстағы іздеу критерийлері қайда жазылады?

А. Кесте атауына (Имя таблицы)

В. Экранға шығару (Вывод на экран)

С. Немесе (или)

D. Іріктеу шарттары (Условие отбора)

9.Таңдау шартында туған күнді беру сұраныстың қай түріне жатады?

А. Параметрлі сұраныс

В. Іріктеме сұраныс

С.Қорытынды сұраныс

10. Іріктеме сұраныс түрлерін көрсетіңдер:

А. Параметрлі сұраныс

В. Параметрлі сұраныс, қорытынды сұраныс

С.Қорытынды сұраныс

VI. Үй тапсырмасы

§11 оқу,12-146 бет, тақырып бойынша тест құру.

VII. Рефлексия - Көңіл күй картасын толтыру

Оқушыларды бағалау

© 2010-2022