Электронды оқу жүйесіне көшу

Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Мектебімізде оқушылардың білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайында...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Электронды оқыту жүйесіне көшу.


Авторлар:

информатика пәні мұғалімі ІТ маманы

Жакипова Дария Серикказыевна


Электронды оқу жүйесіне көшу


Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Мектебімізде оқушылардың білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау болып табылады.

Оқу процесін автоматтандыру кезең-кезеңімен енгізіледі:

Бірінші кезең - 2011 - 2015 жылдар;

Екінші кезең - 2016 - 2020 жылдар.

-Білім беруді модернизациялау факторы ретінде мектептің ақпараттық білім ортасын құру;

-«Оқытуды басқару жүйесі (LMS)» ішкі жүйесінің қызметтеріне қойылатын талаптар;

-Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу бойынша эксперимент жүргізу әдістемесі;

-Электрондық басқару міндеттерін жүзеге асырудың шарты - психологиялық-мониторингтік жүйе ;

-Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар - тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру негізі;

Электронды оқыту жүйесі енгізілетін мектептер қатарына «№23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ 2012 жылдан бастап осы шара бойынша мектебіміз толықтай жұмыс істеуде. Жалпы мектебіміздегі сыныптарға 66 моноблок қойылды. Бір сынып толықтай 16 компьютер және интерактивті тақтасымен жабдықталды. Кітапханаға 6 компьютер, оқытушылар бөлмесіне 2 компьютер қойылып жұмыс істеуде. Бұдан бөлек мектебіміз 1 подиум, жылжымалы 2 экран, 16 ноутбукпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда мектептегі барлық оқушылардың тізімі мен ЖСН-і тіркеліп, сондай-ақ, мектеп мұғалімдері туралы да толық ақпарат электрондық оқыту жүйесінің базасына енгізілді, енді мұғалімдер өздерінің электронды күнтізбелік тақырып жоспарларын енгізуде. Электронды сабақ кестесі құрылды. Мектеп мұғалімдеріне арналған электронды оқыту жүйесі бойынша семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мұғалімдер өздеріне өте тиімді электронды кітапханамен қалай жұмыс істеу керек екенін үйреніп және электронды оқыту жүйесіндегі кейбір өзгерістермен танысты. Мектеп ұжымы компьютерлік сауаттылық курсын толықтай қамтамасыз етілді.

Қорыта келгенде "E-learning" білім жүйесінің болашағы нақты уақыт режімінде мұғалімдер, оқушылар, әкімшілікпен, ата-аналармен, ұйымдармен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін байланыс.

Электронды журнал жүйесі мынандай мүнкіндіктерді құрайды:

- әр сынып үшін сабақ кестесін жариялау;

- оқушының күнделігін енгізу;

- баға қою;

- үлгерім анализі (статистикалық график);

- үй тапсырмаларының жазылуы;

- қалдырған күндерді және ескертулерді тіркеу;

- ата-ананың sms байланысы;

- e-mail ата-анамен байланыс;

- мектептер арасындағы, оқушылардың ата-аналарымен

қарым -қатынасқа арналған форум.

Бұл жүйеде ата-аналарға оқушылардың сабақта алған бағаларын, апта бойынша бағаларын, сабақ мерзімін, тақырыбын көре алатын мүмкіндіктері беріледі.

Электронды оқу жүйесіне көшу Электронды оқу жүйесіне көшу

© 2010-2022