Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

0107000 "Технология" мамандығы бойынша  "Қолөнер" және "Компьютерлік графика" пәндерінен "Оригами. Кадрлық анимация" тақырыбында біріккен сабақ жоспары берілген.  АКТ, интерактивтіктехнологиясы, ГТЦ элементтері  қолданылып, онлайн-режимде өткізілді. Сабақ барысында топтық және жұмыс, пинвайндпен және интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізілді. Практикалық жұмыс барысында Macromedia Flash бағдарламасында және қағазбен әр нысанның жасалу жолын көрсету,  оның анимациясын жасақтау жұмыстарын орындады. ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Пәні:

Қолөнер. Компьютерлік графика.

Тобы:

2аКШТ

Уақыты:

22.02.2013

Сабақтың тақырыбы:

Оригами. Кадрлық анимация.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) проблеманы шешу

Macromedia Flash бағдарламасын меңгеру арқылы технология әдістемесі пәнінен электрондық көрнекі құралдар, оригамидің орындалу алгоритмі бойынша шағын мультфильмдер жасау біліктері мен дағдыларын игеру.

Ә) ақпараттық

Анимациямен, қабаттармен жұмыс жасау және оригами, қағазды бүктеу технологиясы туралы білімдерін толықтыру. Кадрлық анимация құру, бүктеу технологиясын меңгерту.

Б) коммуникативтік

Компьютерлік сауаттылығын, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың типі:

Дәстүрден тыс біріккен онлайн-сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, интерактивтік, ГТЦ элементтері

Сабақтың әдісі:

Әңгіме, түсіндіру, салыстыру. Практикалық жұмыс - ішінара іздену.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, ағылшын тілі, технология, технологияны оқыту әдістемесі, геометрия

Оқыту құралдары:

Аппараттық: компьютер, интерактивтік тақта, мультимедиялық проектор

Программалық: Microsoft Power Point, Macromedia Flash, RMS

Көрнекі құралдар: жұмыс кітабы, пинвайнд, топшама, қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

(2 минут)

а) Амандасу

ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру

б) Компьютермен және қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

в) сабақтың қағидаларын қабылдау:

  • нәтижелілік;

  • өз ойын ашық әрі анық айту;

  • ұйымшылдық, ұжымдық бірлікті сақтау;

  • біреудің пікірімен келісу;

  • тәртіптілік;

  • сыйластық;

  • біреуге кедергі жасамау;

  • желілік этикетті сақтау;

Оқытушымен амандасу.

Оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

Сабаққа дайындалады. Оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды.

IІ. Өткен материалды қайталау (15 минут)

А) Топтық жұмыс. Пинвайндпен жұмыс

(5 минут)

7-слайд

Студенттерге фишкаларды таратып, таңдаған түстеріне қарай 2 топқа бөлемін. 1-топ «оригами» терминін, 2-топ «анимация» термині туралы өз ойларын маркердің көмегімен жазады, пинвайндқа келіп бекітеді. Екі топтан өз лидері шығып, топшамаларды жүйелейді де, ойларын қорытындылайды.

«Оригами» - 1-топ көшбасшысы.

«Анимация» - 2-топ көшбасшысы.

Лидерлеріне фишка беріледі.

Ал онлайн жүйесіндегілерге слайдқа пікірін жазуға мүмкіндік беріледі.

Студенттер топқа бөлініп, анимация және оригами туралы түсініктерін жүйелейді.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Өткен материал бойынша білімдерін жүйелейді. «Оригами», «анимация» терминдерін меңгереді.

Ә) Интерактивтік тақтамен жұмыс

(10 минут)

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

9-слайд


Өткен материалды қайталау үшін интерактивтік тақтада презентациядағы тапсырмаларды орындайды.

1) интерфейс атауларын жазу

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

- Берілген элементтердің ішінен тек қана кілттік анимация орнату үшін ең қажеттісін атау.

Студенттер сұрақтарға жауап беріп, тақтадан программамен жұмыс тәсілдерін көрсетеді.

Бағдарлама элементтерін жазады.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары


  • Уақыт шкаласы.

Оригами, оның түрлері, жасалу технологиясы, анимация, кілттік анимация, жасалу алгоритмі туралы білімдерін жүйелейді, білетін және білмейтін сұрақтарын анықтайды, орындалатын командаларды естеріне түсіреді.

10-слайд

2) алгоритмді дұрыс орындау

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Бір студентке толығымен алгоритмін оқыту қажет.

Сызықпен қосу арқылы рет саны мен орындалатын операцияны сәйкестендіреді.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспарыОригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

11-слайд

3) сәйкестікке берілген тапсырма

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

- Берілген берілген арқылы оригами түрлеріне сипаттама береді.

Суретін қарай отырып оригами түрлерін сәйкестендіреді.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами түрлеріне қарай жасалу жолына, ерекшелігіне тоқталады.

12-слайд

4) сәйкестікке берілген тапсырмаОригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Технологиялық картасының ретін қойып, жасалған жұмыс нәтижесін анықтайды.

Технологиялық картаның орындалу ретін номірлейді, нәтижесінде алынатын бұйымды көрсетеді.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспарыОригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

ІІІ. Практикалық жұмысқа кіріспе-нұсқау.

Топты 4 топшамаға бөліп, тапсырма суыртады.

Кадрлық анимация орнату алгоритмін қайталайды, нұсқау береді.

Оригамиді бүктеу технологиясын қайталайды.

Нұсқау бойынша практикалық жұмыс орындауға даярланады.

ІҮ. Практикалық жұмыс.

А) практикалық жұмыс орындау (25 минут)

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Ал онлайн жүйесіндегілерге оригами жасау үшін А4 формат қағаз алуды ұсынады. Топ тапсырмаларын бөліп түсіндірген соң технологиялық карта слайд арқылы көрсетіледі.

Топшамалар суырған топшамалары бойынша 2-ге бөлініп бір бөлігі компьютерде кадрлық анимация құрса, 2-ші бөлігі бірігіп қағаздан оригами бүктейді. Студенттердің компьютерде жұмыстарын орындау барысы желілік технология - RMS арқылы экранда көрсетіледі.

Оның ішінен әр команда бір студент таңдалып, берілген тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді.

Таңдаған тақырыбына сай практикалық тапсырмалар орындайды. Орындалу барысын түсіндіреді.

Қойылған міндеттерді шешу үшін игерген операцияларын естеріне түсіреді, орындалу алгоритмдерін практикалық жұмыста қолдана біледі, білімдерін жүйелейді.

15-слайд

1-тапсырма. Технологиялық картаға қарай отырып, Macromedia Flash бағдарламасында және қағазбен тышқанның жасалу жолын көрсету, тышқанның мысықтан қашу анимациясын жасақтау.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Қағазды бүктеу жолдарын және компьютерде анимацияның құрылу қадамдарын атап айтады.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

16-слайд

2-тапсырма. Технологиялық картаға қарай отырып, Macromedia Flash бағдарламасында аюдың жасалу жолын көрсету, арадан жасырынуының анимациясын жасақтау.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Қағазды бүктеу жолдарын және компьютерде анимацияның құрылу қадамдарын атап айтады.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

17-слайд

3-тапсырма. Технологиялық картаға қарай отырып, Macromedia Flash бағдарламасында және қағазбен бақаның жасалу жолын көрсету, 1-ші тұңғиықтан 2-ші тұңғиыққа секірту анимациясын жасақтау.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Бақаның анимациясын, қағаздан оригами жасау.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

18-слайд

4-тапсырма. Технологиялық картаға қарай отырып, Macromedia Flash бағдарламасында және қағазбен мысықтың жасалу жолын көрсету, мысықтың араға қарау, қозғалу анимациясын жасақтау.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Қағазды бүктеу жолдарын және компьютерде анимацияның құрылу қадамдарын атап айтады.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

ә) блиц-конференция

(5 минут)

Әр топтың жұмысының орындалуын қарсы топ студенттері талдайды, пікір айтады, дәлелдейді.

Студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, қиналған жерлерін айтып, командаларын пысықтайды.

Білімдерін жүйелейді.

Өз ойын ашық айта білуге үйренеді.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Жүрегі - күн, жаны - нұр, жүзі - шапақ,

Ана - мақтан, Ана - өмір, Ана -атақ.

Ана - дәуір, ана - абырой, ана - жаухар,

Олармен күн кешудің өзі ғажап, -демекші енді келесі тапсырмамыз жақындап қалған
8-наурыз аналар мейрамы қарсаңында аналарымызға құрмет жасауға арналады.

Б) шығармашылық жұмыстар

(35 минут)

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Үйден даярланған элементтерді пайдаланып әр топтың 4 студенті модульдік оригамиден гүлді әртүрлі композицияда құрастырады, ал 2 студенті компьютерде флеш-открытка жасақтайды.

4 топ басшысы композицияның мәнін түсіндіреді.

Ал онлайн - көрермендерге гүлдер композициясы, модульдік оригами, жасалу жолдары туралы слайд-шоу көрсетіледі.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспарыОригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Интерактивтік тақтада модульдік оригамидің орындалу сызбасын, жұмыстың орындалу кезеңдерін көрнекі көрсетеді, нәтижесін көрсетеді, салыстырады.

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Оригами. Кадрлық анимация тақырыбында біріккен сабақ жоспары

Туындаған проблеманы өзбетімен шешеді. Жұмысты орындау үшін қағазбен орындалатын оригами операцияларын меңгергенін, меңгермегенін практикалық түрде көрсетеді.

Ү. Үйге тапсырма.

(2 минут)

Құрал-саймандардың көмегімен сурет салу, кадрлық анимацияны пайдалана отырып «Менің колледжіме 100 жыл» тақырыбында шығармашылық жұмыс орындау.

Оқулықпен, Интернетпен жұмыс жасайды, кадрлық анимация туралы сайттардан ақпарат қарастырады.

Үй тапсырмасын орындауға қажетті ресурстарды анықтайды.

ҮІ. Қорытындылау.

(6 минут)

Жинаған фишкалар санына қарай жеңімпаз топты анықтау. Топ көшбасшысының топтың мүшелерін бағалауын талдау, бағалау.

Сабақты қорытындылау.


© 2010-2022