“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

«Қоғамды ақпараттандыру» дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөніндегі негізгі түсініктерді қарастыру керек болды.Ақпараттық технологияларды пайдалану біздің қоғамда кеңінен қолданылып келеді. Озық технологияның көмегімен жұмысты дұрыс жоспарлауға, қолайлы шешім қабылдауға, бекітілген жұмысты мерзімінде аяқтауға, атқарылып жатқан жұмысты қадағалауға және тағы басқа сан алуан жұмыстарды сапалы оры...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"АҚПАРАТТАНДЫРУ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ"

ҚАЛАЛЫҚ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ




“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі




Тақырыбы: "Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам" әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық

жүйе үлгісі








Мұғалімі: №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Омарбекова Салтанат Күнтуғанқызы


















Қызылорда қаласы, 2014 жыл

Мазмұны


Кiрiспе

І.

Жалпы бөлiм

1.1

«Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының тарихы, маңызды құрылымы

1.2

Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының атқаратын негізгі функциялары

1.3

«Қорқыт Ата ААҚ» әуекомпаниясының жолаушыларға арнайы қызметтері

II.

Арнайы бөлiм

2.1.

АЖ туралы негізгі түсініктері

2.2.

Interbase - деректер қоймасын басқару жүйесі «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының деректер қорын жобалау

2.3.

Borland Delphi 7 - Бағдарламалау тілі

2.4.

Delphi программасымен жасалған «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының автоматтандырылған жұмыс орнын

ІІІ.

Экономикалық бөлiм

3.1.

Кәсiпорынды тиiмдi басқару жолдары

3.2.

Бағдарламаны жасауға кететiн шығындарды анықтау

3.3.

Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану

ІҮ.

Еңбек қорғау бөлiм

4.1

Операторға жұмыс барысында әсер ететiн факторлар

4.2

Оператордың жұмыс түрлерi мен оның қарқындылығы

4.3

Кәсiпорынның еңбек қорғау қызметi туралы ережесi

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша




КІРІСПЕ

Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттігі туындап отыр. «Қоғамды ақпараттандыру» дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөніндегі негізгі түсініктерді қарастыру керек болды.

Ақпараттық технологияларды пайдалану біздің қоғамда кеңінен қолданылып келеді. Озық технологияның көмегімен жұмысты дұрыс жоспарлауға, қолайлы шешім қабылдауға, бекітілген жұмысты мерзімінде аяқтауға, атқарылып жатқан жұмысты қадағалауға және тағы басқа сан алуан жұмыстарды сапалы орындауға болады.

Ақпараттық технологиялар жүйенің өмірлік циклі ретіндегі ақпараттық методологияларды қолдану проблемаларды шешуге және шешімдер қабылдауға бағытталған.

ХX және XXI ғасырлар тоғысындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Бүгінгі күнде ақпараттардың ағымы ұлғаюда және де ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңарта да, сыйғыза да алмайды. Компьютерлік технологиялардың көмегімен осы мәселелер өз шешімдерін табуда.

Ақпараттық жүйе және технология өндірісте, басқаруда және қаржылық қызметте кең қолданысқа ие. Ақпараттық технологиялардың дамуы қазіргі таңда мекемелер жұмысын компьютерсіз, яғни автоматтандыру жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Адам өмірі салаларының барлығына дерлік ақпараттық техника мен ақпараттық технологиялар ендіріліп қолданылуда. Олардың көмегімен адамның орындайтын қызметі неғұрлым жеңілдетіліп, жұмыс өнімділігі мен сапалылығы жоғарылауда.

Бұл ғылыми жобаның мақсаты - Қорқыт Ата әуекомпаниясының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру (Қорқыт Ата әуекомпаниясының мысалында). Адам өмірін электр жарығымен қамтамасыз ету қоғамның жауапты жұмыстарының бірі. Сапалы қызмет көрсету, халық сұранысын электр энергиясымен қамтамасыз ету, уақытылы төлем ақыларын қабылдау және тағыда басқа қызметтермен қамтамасыз ету үшін мамандандырылған ақпараттық жүйе керек.

Ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.

Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (ААЖ) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттарды экономикалық -математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.

Ашық акционерлік қоғам Қорқыт Ата әуекомпаниясы Қызылорда қаласында халыққа сапалы қызмет көрсететін екінші деңгейлі коммерциялық аэропорттардың бірі. Жолаушылардың саны салыстырмалы түрде айтқанда біршама жоғары.

Бұл жобада Қорқыт Ата әуекомпаниясының автоматтандыратын ақпараттық жүйенің үлгісі ұсынылған.









I. Жалпы бөлiм

1.1 «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының тарихи құрылымы

2001 жылы Қызылорда облысындағы аэропортқа Қорқыт Ата атын берліп және де ашық акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

Қызылорда аэродромы барлық типтегі тікұшақтарды жәнеде 3 класты ұшақтардыда (Ту-154, Ту-134, Як-42) қабылдауға мүмкіншілігі жеткілікті. Соныменде күнібұрын мүмкіндігінше ауық-ауық 2 класты ұшақтарды (Ан-24, Як-40) қабылдай алады.

Әуекомпанияның жаңа буындық ұшақтарды пайдалану арқылы ішкі және халықаралық әуетасымалдарды қауіпсіздік пен сервистің өте жоғары стандарттарына сәйкес орындау миссиясы да тұрақты болып қалды. Бұл экономикалық дамуы өте қарқынды елдердің бірі болып саналатын Қазақстанның мұқтаждықтарын қанағатандырады. «Қорқыт Ата» - Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания. 2008 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы IATA-ның (Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық аудиттен сәтті өткен әуекомпаниялар регистрінде ресми түрде тіркелді. «Қорқыт Ата» ешбір шектеусіз IOSA сертификатын алған ТМД-дағы алты әуекомпаниялардың бірі болды. Бүгінгі таңда «Қорқыт Ата» әуе паркі батыста жасалған 22 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 7 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. 3000-ға жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыскерлер қатары негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді. Әуекомпанияның президенті Директорлар кеңесіне есеп береді. Жақында әуекомпания «Боинг 757-200» және Боинг «767-300ER» ұшақтарына қоса, жеке меншікке сатып алу үшін «Эйрбас-320» ұшағына және аймақтық рейстерді орындау үшін операциялық лизингке алуға «Эмбраер Е190» ұшағына тапсырыс жасады. Бұл оның әуекемелерді 2014 жылға қарай 34 данаға, ал 2022 жылы 63 данаға дейін арттыру мақсатына сай келеді. Заманауи әуепаркінің болуына, ішкі және халықаралық ұшулардың сенімділігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған серпінді техникалық-сервистік инновацияларының болуына байланысты «Қорқыт Ата» ТМД аумағындағы әуекомпаниялардың ішінде көшбасшы ретінде танылып отыр.

1.2 Қызылорда қаласындағы "Ашық Акционерлік Қоғам Қорқыт Ата" әуекомпаниясының атқаратын негізгі функциялары

Бизнес-класс Жылы шырайлы әрі біліктілігі жоғары бортсеріктер бригадасы «Еуразияның жүрегінен» сізді қуанышпен қарсы алып, қамқорлық көрсетуге әрқашан дайын. Біз сізді жылы шыраймен қарсы алып, жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге кепілдік береміз. Осының арқасында, сапарыңыз жайлы әрі емін-еркін өтетін болады. Алыс сапар кезінде Еуропа немесе Азияның елдеріне бағыт алсаңыз, немесе жай ғана Қазақстанның көркейіп келе жатқан қалаларының бірінен екіншісіне сапар шексеңіз, тағамдардың үздік түрлерінен дәм татып, ұсынылған төрт түрлі тағам ішінен қалағаныңызды таңдай аласыз. Бұған қоса, біздің жайлы әрі кең салонымызда да отырып, сізге ұсынылатын таңдаулы француз тағамдарының бірінен дәм татуға болады.

«Қорқыт Ата» әуекомпаниясының 2011 жылдың қаңтар айынан бастап ұзақ рейстерінде және Азия мен Орта Шығысқа бағытталған ұшу ұзақтығы орташа ұшуларында әр жолаушысына ұсынатын KCTV атты дербес, қолайлы ойын-сауық жүйесін тамашалаңыз. KCTV сізге түрлі фильмдер, қазақстандық, халықаралық радио- және телебағдарламалар, сондай-ақ, кино жаңалықтарын тамашалау мүмкіндігін береді. Айналадағы өзгерістермен және жаңалықтармен таныс болуыңыз үшін назарыңызға төрт тілдегі түрлі газеттер, іскер адамдарға арналған және де көңіл көтеретін журналдар ұсынылады. Жайлылығыңызды қамтамасыз етуге бағытталған жабдықтар мен қызметтер жиынтығы барлық халықаралық рейстерде ұсынылады, ал түнгі уақыттағы ұзақ ұшулар кезінде, жылы әрі жұмсақ жамылғыны жамылып, дем алуыңызға барлық жағдай жасалады

Жас жолаушылар Қазақстандықтар өмірінің маңызды бөлігі - өз отбасыларына қамқорлық ету, ал біздің қызметіміз де осы қамқорлықтың айнасы болып табылады. Ересек жолаушыларға қызмет көрсету мен олардың қалауынан шығу біздің де көңілімізді жадыратады, бірақ сонымен қатар, біздің рейстердегі барлық балалар өзін қауіпсіз сезінуі үшін және олар жайлы әрі көңілді сапар шегуі үшін біз бар күшімізді саламыз. Біз сәбилі жолаушыларға тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етуге қажеттінің бәрі қарастырылған балалар пакетін береміз.

Белгілі бір рейстерде алдын-ала балалар төсегіне (бесігіне) тапсырыс беруге болады және біз ең кішкентай саяхатшыларымызға арнап өте дәмді және нәрлі ас әзірледік. Ересектеу балалардың көңілін құрастырмалы жұмбақ-суреттер, ойыншықтар және «көңілді сусиыр» секілді сыйлықтар немесе «Қорқыт Атаның» керемет ұшағы сияқты сыйлық пакеттерімен аулауға болады. Ересектер әлемдік стандарттар бойынша дайындалған астың дәмінен рахат алып отыратын кезде балалар өз тәбетін (алдын-ала тапсырыс берілетін) дәмді және нәрлі балалар тағамымен қанағаттандыра алады.

1.3 «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының жолаушыларға арнайы қызметтері

Ең көбі 9 адамнан тұратын топқа онлайн режимде билеттерді брондауыңызға болады. Топтағы адамдар саны 9-дан асса, онда біздің электрондық поштамызға байланысатын адамның аты-жөні, телефонының нөмірі, жолаушылар саны, олардың рейстерінің ұшу күні мен ұшу бағыттары көрсетілген тапсырыс жіберіңіз. Сондай-ақ, бізге +7 (727) 2444477 телефоны бойынша қоңырау шалуыңызға болады, ал біз сізге бұл мәселені ең тиімді жолмен шешуге көмектесеміз. Балалар, сәбилер және жетелеушісі жоқ балаларға қатысты әуекомпания саясаты «Қорқыт Ата» әуекомпаниясы қызметтерімізді пайдаланатын барлық жолаушыларды, әсіресе, ең жас жолаушыларды әрқашан қуана қарсы алады. Біз балалар мен сәбилерге бірқатар жеңілдіктер, сонымен қатар, жетелеушілері жоқ балалар мен кәмелетке толмағандарға арнайы қызмет көрсетуді ұсынамыз. Келесі тарауларда балаларға пайдаланылатын тарифтік саясат қысқаша берілген, сонымен қатар, жетелеушілері жоқ сапар шегуші сәбилер мен жас жолаушыларға көрсетілетін ерекше қызмет түрлері сипатталған. Балалар мен сәбилер Қазақстан көлеміндегі ішкі рейстерде: ересек коммерциялық жолаушылармен бірге саяхаттайтын балаларға (2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда) билет бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Мұндай балаларды (2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда) барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересек туыстары, қамқоршылары немесе достарының қасына отырғызып, бір салоннан орын берілуі қажет. Халықаралық рейстерде: ересек коммерциялық жолаушылармен бірге саяхаттайтын балаларға (2 жастан 11 жасқа дейін, қоса алғанда) билет бағасы ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Мұндай балаларды (2 жастан 11 жасқа дейін қоса алғанда) барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересек туыстары немесе достарының қасына отырғызып, бір салоннан орын берілуі қажет. Жеке орын берілмейтін 2 жасқа дейінгі балалар тегін ұшады. Барлық рейстерде жасы кемінде 18-де болатын ересектерге және олардың сәбилеріне бір салоннан орын беріледі. Егер 2 жасқа дейінгі балалар жеке орынға отырып ұшатын болса, ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ы төленеді. Қазақстан аумағындағы ішкі рейстерде жетелеушісіз сапар шегетін, жасы 6-дан 14-ке дейінгі кәмелетке толмаған балалар билетінің құны ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. 15 жасқа толған жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған балалар толық ересектік тарифтік мөлшерлемені төлейді. «Қорқыт Ата» ересек жетелеушісіз кәмелетке толмаған балаларды тасымалдағаны үшін қосымша төлем алмайды. Халықаралық рейстерде жетелеушісіз сапар шегетін, жасы 6-дан 11-ге дейінгі кәмелетке толмаған балалар билетінің құны ересектерге арналған қолданыстағы толық тарифтің 67%-ын құрайды. Жасы 12 ден 15 жасқа дейінгі жетелеушілері жоқ саяхаттаушы балалалар қолданыстағы ересектерге арналған тарифті толығымен төлейді. «Қорқыт Ата» жетелеушісіз кәмелетке толмаған балаларды тасымалдағаны үшін қосымша төлем алмайды. Жас жолаушыларымыздың қауіпсіздігін қөамтамасыз ету үшін, жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған балалар (жасы 5-тен 15-ке дейін қоса алғанда) тек қана тікелей рейстермен, бір ғана ұшақпен ұшулары қажет. Билетті брондаған кезде, жетелеушісі жоқ кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы өтініш бланкісін толтырып, қол қоюы қажет. Өтінішке ұшар алдында баланы ертіп жүруге жауапты ересек адам туралы ақпарат, және балаға жауапты болып, оны әуежайдан алып кететін ересек адам туралы ақпарат жазылады. Спорттық инвентарь. Егер өзіңізбен шаңғы алып жүрсеңіз, мұндай жүкті алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ. Шаңғыны жақсылап орап, ұшақ фюзеляжының жүк бөліміне тапсыру қажет. Егер шаңғы жабдығының салмағы жүкті тегін тасымалдау лимитінен асатын болса (20 кг эконом-класс үшін және 30 кг бизнес-класс үшін), онда сіз таңдаған бағытқа байланысты, жүкті тасымалдаудың бекітілген нормаларынан асатын жүк үшін тариф төлемін төлеуіңізді сұраймыз. Бір жүк орнына келесідей заттар жатады:

1 жұп шаңғы

1 жұп шаңғы таяқтары

1 жұп шаңғы бәтеңкелері

Бұл саясат (билетіңізге сай, тасымалданатын жабдықтарды алдын-ала тіркеудің болмауы және спорттық жабдықтардың салмағын жүкті тегін алып жүру нормасына қосу), сонымен қатар, келесідей спорт түрлерінің жабдықтарына да қолданылады: теннис, сквош, бадминтон, балық аулау, су шаңғысы, салт жүріс, ролик конькилері және садақ ату, сонымен қатар, қайықтың ескектері (байдарка) және кәдімгі ескектер. Бір жолаушы тасымалдайтын тақталар саны 1-ге дейін шектеулі. Тасымалданатын спорттық тақталардың максималды ұзындығы ұшақ үлгісіне байланысты, сондықтан тасымалдау алдында оларды саяхаттар бюросы арқылы немесе электронды мекен-жайына хабарласып, тіркеуге болады. Үлкен болсын, кіші болсын велосипедтерді тасымалдаған кезде, «Қорқыт Ата» халықаралық рейстер үшін 10 мың теңге (немесе 50 евро) және ішкі рейстер үшін 4 мың теңге мөлшеріндегі арнайы тарифтік мөлшерлемені пайдаланады. Бір жолаушыға тек қана бір велосипед тасымалдауға рұқсат берілген, тасымалдау алдында велосипедті саяхаттар бюросы арқылы немесе электронды мекен-жайына хабарласып, тіркеу қажет. Гольф ойынына арналған жабдық заттары Гольф жабдықтарын тасымалдаған кезде, алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ. Жүк бөлімінде тасымалдау үшін, жабдықты тиісті түрде орау қажет. Гольф жарақтарына ішкі рейстерде 2 мың теңге және халықаралық рейстерде 5 мың теңге (25 евро) мөлшеріндегі әдеттегі тариф төленеді. Сүңгуір құрал-жабдықтар Сүңгуір жабдықтарын алдын-ала тіркеудің қажеті жоқ. Оны тасымалдаған кезде, ішкі рейстерде 2 мың теңге және халықаралық рейстерде 5 мың теңге (25 евро) мөлшеріндегі әдеттегі тариф төленеді. Музыкалық аспаптар мен осал заттар. Егер виолончель немесе контрабас сияқты музыкалық аспабыңызды алып жүруді жоспарлап отырсаңыз, салонда қосымша орын ақысын төлеуіңіз қажет. Агентіңіз немесе «Қорқыт Ата» әуекомпаниясының жергілікті кеңсесі аспабыңызға билет алуға көмектеседі. Аспап салмағы 75 кг-нан, ал мөлшері 120 x 50 x 30 см-ден аспауы тиіс. Гитаралар, саксофондар, тағы да басқа шағын музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде тіркеуге болады. Салмағы 75 кг-нан аспайтын және мөлшері 120 x 50 x 30 см-ден аспайтын осал заттарды тасымалдаған кезде де қосымша билет сатып алу қажет.

Жануарларды тасымалдау Жалпы ақпарат Бұл сіздің кішкентай досыңызбен бірге өткізетін отбасылық демалысыңыз болсын немесе жануарды жаңа мекен-жайына тасымалдау болсын, «Қорқыт Ата» әуекомпаниясы жолаушылардың үй жануарларын ұшақ бортында тасымалдау мүмкіндігінің болуының қаншалықты маңызды екендігін жете түсінеді. Біздің негізгі мақсатымыз сіздің сапарыңызды қауіпсіз және жануарыңыз үшін ыңғайлы қылу болып табылады. Мұндағы біздің ең алғаш міндетіміз - жануарларға барынша жайлылықпен қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады. «Қорқыт Ата» жолаушыларына ұшақ салонына шағын мысықтарды, иттерді, және балықтарды (8 кг-ға дейін) (PETC) алып жүруге рұқсат етіледі. Балықтарды тасымалдау кезінде, жолаушылар олардың санын, оларды тасымалдайтын контейнер көлемі мен салмағын, және жалпы салмақты көрсетулері қажет. 8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді және күзендерді ұшақтың жүк бөлімдерінде тасымалдауға болады (AVIH). Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі. «Қорқыт Ата» әуекомпаниясы жануарларды тасымалдау түріне рұқсат беруі үшін жолаушы жануарларды тасымалдау жөніндегі ақпаратты ұсынуы қажет . Егер сіз «Қорқыт Ата» бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе «Қорқыт Ата» компаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет «Қорқыт Ата» компаниясы үй жануарларын тасымалдау кезінде жануарлардың жайлылығын барынша қамтамасыз етуге бар күшін салады. Алайда, «Қорқыт Ата» жоспарланып отырған тасымалды алдын-ала тіркемей, үй жануарын жолаушыларды тіркеу орнының дәл өзіне алып келудің жөнсіз екендігін ескертеді, себебі, біздің компания жануарыңызды тасымалдауға дайын болмай қалуы мүмкін. Сапар кезінде жануарыңыз шығып кетуі мүмкін емес болатын тасымалдауға арналған берік контейнерде болуы қажет. Сонымен қатар, контейнер табаны сұйықтық өткізбеу керек, әрі ауа өткізетін және жануарды тамақтандыруға арналған тесіктері болуы қажет. Егер контейнердің дөңгелектері бар болса, ұшу кезінде оларды алып тастау, немесе блоктап тастау керек.


II. Арнайы бөлiм

2.1 АЖ туралы негізгі түсініктері

Ақпарат - латынның "informatio" деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бірнәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпараттармен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз - оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және прогрматикалық.

Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.

Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Прогматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызметбарысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.

Ақпараттың жиналуы, сақталуы, өңделуі және таратылуы қоғамда ақпараттық жүйенің пайда болуына әкелді. Жүйе - бір-бірімен байланысқан және белгілі бір тұтастықты, бүтіндікті құрайтын элементтердің жиынтығы. Жүйе туралы ұғым қашанда элемент, тұтастық, құрылым, байланыс, қатынас, қосалқы жүйе сияқты түсініктермен байланысқан. Жалпы білімнің барлық салаларында бұл ұғым әр түрлі мағыналарды білдіреді. «Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзінің қосылуы оны құру және жұмыс істеу мақсатымен бейнеленеді. Ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу және жинауды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелер - мәліметтерді жинақтау, өңдеу және басқару қызметтерін автоматты түрде жүзеге асыратын және құрамына мәлімет өңдеудің техникалық құрылғылары, программалық қамсыздандыру және қызмет етуші персонал енетін қолдану саласына бейімделген арнайы жүйе болып есептеледі.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе түсінігі, ақпаратты өңдеуге арналған негізгі техникалық құрал ретінде дербес компьютерді пайдаланумен түсініледі. Үлкен ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық базасы құрамына дербес компьютермен қатар мэйнфрейм немесе супер ЭЕМ кіреді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің техникалық тағайындалуы адамның кірісуінсіз мүмкін емес, себебі ақпарат оған арналған және онсыз алу және тағайындау мүмкін емес. Компьютер мен ақпараттық жүйе арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Компьютерлер, арнайы программалық құралдармен жабдықталған ақпараттық жүйенің техникалық базасы және құралы болып табылады.

Ақпараттық жүйенің құрылымы - бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы ішкі кеңістікте уақытша байланыстары мен қатынастарының салыстырмалы орнықты тәртібі.

Ақпараттық жүйенің құрылымы оның жүйешелер (подсистема) деп аталатын бөлек бөліктер жиынтығынан тұрады. Жүйеше - бұл белгілі бір атауы бойынша ерекшеленген, жүйенің бөлімі.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын пайдалану саласына тәуелсіз, жүйелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда құрылымдық мағынасын классификация деп, ал жүйешелерді қамсыздандырушы деп атайды. Осылайша кез келген ақпараттық жүйелердің құрылымы қамсыздандырушы жүйелер ретінде көрсетуге болады (2.1-сурет).

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

2.1- сурет. Ақпараттық жүйенің қамсыздандырушы жүйеше жиынтығы ретіндегі құрылымы.

Ақпараттық қамсыздандыру - ақпаратты кодтау және классификациялаудың бірыңғай жүйесінің жиынтығы, құжаттардың унификацияланған жүйесі, ұйымдарда айналыстағы ақпараттар ағымының схемасы, және де деректер қоймасының құрылу методологиясы. Ақпараттық қамсыздандыру жүйесінің тағайындалуы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратты құрудан және беруден тұрады.

Техникалық қамсыздандыру - ақпараттық жүйе жұмыс жасау үшін арналған техникалық құралдар кешені және технологиялық процестердің сәйкес құжаттамасы.

Математикалық және программалық қамсыздандыру - ақпараттық жүйенің мақсаттары мен тапсырмаларын орындауға арналған математикалық әдістердің, модельдердің, алгоритмдердің және программалардың жиынтығы.

Ұйымдастырушылық қамсыздандыру - ақпараттық жүйені өзара пайдалану және құру процесінде қызметкерлердің техникалық құралдармен әрекет етуін регламенттейтін әдістер мен құралдар жиынтығы.

Құқықтық қамсыздандыру - ақпаратты алу, пайдалану және түрлендіру тіртібін регламенттейтін, ақпараттық жүйенің қызмет етуін және заңдық статусын құруды анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

  • Масштабы бойынша;

  • Қолдану ортасы бойынша;

  • Ұйымдастырылу ортасына байланысты;

Ақпараттық жүйелер масштабы бойынша келесі топтарға бөлінеді

(2.2-сурет):

  • Жалғыз;

  • Топтық;

  • Корпоративті.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

2.2-сурет. Ақпараттық жүйелердің масштабы бойынша жіктелуі.

Жалғыз ақпараттық жүйелер, автономды дербес компьютерде (желі қолданылмайды) жүзеге асады. Мұндай жүйе бір жұмыс орнын уақыт бойынша бөлетін, бір қолданушы немесе қолданушылар тобының жұмыс жасауына есептелген, жалпы ақпараттық қормен байланысқан бірнеше қосымшалардан тұрады. Қосымшалар Жергілікті деректер қоймасын басқару жүйелері (ДҚБЖ) көмегімен жасалады. Жергілікті ДҚБЖ-лар арасында Clarion, Clipper, FoxPro, dBase және Qicrosoft Access белгілі.

Топтық ақпараттық жүйелер, әдетте Жергілікті есептеуіш желі базасында құрылады және ақпаратты жұмысшы топ мүшелерінің ұжымдық пайдалануына бағдарланған. Мұндай қосымшаларды құруда жұмысшылар тобы үшін деректер қоймасы серверлері (SQL-серверлері деп аталатын) қолданылады.

SQL- серверлердің көптеген коммерциялық және коммерциялық емес бар. Олардың арасында кең танымалылары Oracle, DB2, Qicrosoft SQL Server, Inter Base, Sybase, Inforqix.

Корпоративті ақпараттық жүйелер, үлкен компанияларға негізделген, территориялық желілер және тораптарды қолдайтын жұмысшы топ үшін жетілдірілген жүйелер болып табылады. Негізінен олар бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымды болады. Мұндай жүйелер үшін арнайы серверленген клиент-сервер архитектурасы немесе көпдеңгейлі архитектура сай. Мұндай жүйелерді жасауда топтық ақпараттық жүйелерді жасауда қолданылатын деректер қоймасы серверлері қолданылады. Бірақ, үлкен ақпараттық жүйелерде келесі серверлер кеңінен қолданылады: Oracle, DB2, Qicrosoft SQL Server. Топтық және корпоративтік жүйелер үшін мәліметтердің қызмет етуі мен сақталу сенімділігі талабы жоғарылайды. Бұл қасиеттер деректер қоймасы серверлеріндегі мәліметтердің, сілтемелердің және транзакциялардың бүтіндігін қолдауды қамтамасыз етеді.

2.2 Delphi программасымен жасалған «Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам» әуекомпаниясының автоматтандырылған жұмыс орнын

Ақпараттық жүйені құру үшін визуалды программалау ортасы Visual Delhpi программалау тілі таңдалған. Visual Delhpi объектіге - бейімделген программалау тілі. RAD - технологиялсының мүмкіншіліктерін қолдандым.

Ақпараттық жүйені құруға қарастырылған объект ААҚ Қорқыт Ата әуекомпаниясы. Автоматтандыратын ақпараттық жүйенің интерфейсі немесе басты формасы төменде көрсетілген.

Бұл терезеден өзімізге қажетті формаларды және анықтама бөлімін ашаламыз

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі


Мен бұл жұмысымда Delphi-мен автоматтандырылған жұмыс орнын құрып, оған қарапайым сұраныс жасадым және басты форма осы форма арқылы негізгі формалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл жерден Қызылорда облысына келіп қонатын ұшақтарды көреміз.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Қызылорда облысына келіп қонатын ұшақтардың номерін және бағасын қай уақытта ұшып келетінін біле аламыз.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі


Басты форма осы форма арқылы негізгі формалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Бұл жерден Қызылорда облысынан ұшып кететін ұшақтарды көреміз

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Қызылорда облысынан ұшып кететін ұшақтардың номерін және қай уақытта ұшып келетінін біле аламыз.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі


Бұл терезеде Қорқыт Ата әуекомпаниясындағы қызметкерлердің МҚБЖ анықтауға болады.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Бұл формда негізгі қызметкелердің қызметін аты-жөнін және т.б қарап шығуға болады

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Бұл жердеде Қызметкерлердің жеке мқ көруге болады.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Бұл терезеде осы бағдарламаны дайындаған автордын жеке мәліметін алуға болады

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Бұл терезеде Қорқыт Ата әуекомпаниясының тарихы туралы жазылған.

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

Түймелері орналасқан история түймесін басқанда компанияның қысқаша тарихын жазып көрсететін сұхбат терезесі ашылады.

Б“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісіағдарламадан шығу

“Қорқыт Ата Ашық Акционерлік Қоғам” әуекомпаниясын автоматтандыратын ақпараттық жүйе үлгісі

ІІІ. Экономикалық бөлiм


3.1. Кәсiпорынды тиiмдi басқару

Кәсiпорынның жұмысын неғұрлым тиiмдi басқару үшiн кәсiпорындағы iстiң жағдайы туралы жеткiлiктi ақпарат пен жағдайды өзгертуге шұғыл ықпал ету мүмкiндiгi болуы қажет. Ол үшiн кәсiпорын басшысы мен басқа да жауапты тұлғалар үнемi жаңа және шынайы ақпараттарға ие болуы тиiс. Кәсiпорын жұмысын басқаруды әртүрлi қызметкерлер арасында олардың неғұрлым айқын реттелген өзара әрекетiне арналған тез әрi сенiмдi байланысты қамтамасыз ететiндей қылып ұйымдастыру қажеттiлiгi туындайды.

Басқару жүйесiне деген қазiргi жағдайлармен қойылып отырған талаптар тек қазiргi басқаруды автоматтандыру құралдарының көмегiмен ғана қанағаттандырыла алады. Бiздiң кезiмiзде осы мiндеттердi шешу үшiн пайдаланушыларға өздерiн қызықтыратын қызметтiк ақпараттарды неғұрлым ыңғайлы түрде сақтап, ұсына алатын компьютерлiк техника көмегiнсiз болмайтынын тәжiрибе көрсетiп отыр. Кәсiпорынның түрлi қызметтерiнiң неғұрлым реттелеген жұмысы үшiн компьютерлердi оқшуланған есептеу желiлерi деп аталатынға бiрiктiрген ыңғайлы, бұлар осы желiнiң бiр бiрiмен бiршама қашықтықта орналасқан (әдетте бiр ғимараттың түрлi жайларында) пайдаланушылары арасындағы байланысты жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Бiрақ мұндай желiлер өз жұмысы үшiн жалпы осындай желiлердiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi және аталмыш кәсiпорынның жұмыс ерекшелiктерiн бейнелейтiн тиiстi бағдарламалық қамтамасыздықты талап етедi. Бұдан басқа, мұндай бағдарламалық қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратқа қол жеткiзудiң ыңғайлылығы, жұмыс iстеу оңайлығы мен рұқсат етiлмеген қол жеткiзуден қорғау, сондай-ақ түрлi тектегi бағдарламалық вирустармен бүлдiруден қорғау сияқты талаптар қойылады.

Басқару процесiн автоматтандырудың көрсетiлген құралдарының көмегiмен қоймадағы құжаттар айналымы мен есеп жүргiзу сияқты процестер едәуiр жеңiлдетiледi, бұл қағаз құжаттардың көлемiн, қажеттi құжатты iздеудi, қажеттi құжаттарды қалпына келтiру мен жаңаларын жасауды бiраз азайтады. Бұл шаршататын "қағазбастылық" жұмысты жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.

Пайдалануы оңай болғандықтан оқшауланған желi қызметтiк ақпараттармен жұмыс барысында төмен бiлiктi қызметкерлердi пайдалануға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, ол қызметкерлердiң жұмыс орнында отырып-ақ өзара хабарласып, ақпарат алысу мүмкiндiгiн бередi. Бұл олардың жұмыс уақыттарын едәуiр үнемдеп, бiр қызмет түрiнен екiншiсiне ауысу санын азайту және қажеттi ақпаратты iздеу мен алуға кететiн уақытты үнемдеу есебiнен олардың жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттырады.

Кәсiпорында жұмылдырылған қызметтердiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру нысанда жұмыс iстейтiн қызметкерлер санын азайту түрiнде адам ресурсын үнемдеуге де, жоғары бiлiктi қызметкерлердiң жұмыс уақытын үнемдеуге де алып келедi. Бұдан басқа, аталмыш жүйе машина уақытын үнемдеуге, сондай-ақ бiлiктiлiгi төмен қызметкерлердi пайдалануға және бiлiктiлiгi анағұрлым жоғары кадрлардың едәуiр санын босатуға да мүмкiндiк бередi.

Әдетте әзiрленiмнiң оны тұтынушы үшiн пайдаланудың экономикалық тиiмдiлiгiне есеп жасалады.

Баға қалыптастыру процесiне әсер ететiн маңызды фактор рыноктағы бәсекелестiк, есептеудiң көзге көрiнiп тұрған қажеттiлiгi. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында оның рыноктағы бағасын төмендету қажеттiгi туындауы мүмкiн. Бiрақ бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру мақсатына тек бағаны төмендету ғана емес, тауар сапасы мен оның бәсекелестердiң осындай тауарларымен салыстырғанда айрықша пайдалы белгiлерi болуын атап өткен маңызды.

Әзiрлеушi үшiн аса маңызды тұсы, экономикалық көзқарас тұрғысынан, баға қалыптастыру процесi болып табылады. Бағдарламалық өнiмдер өздерiне тән көптеген ерекшелiктерi бар өте-мөте айрықша тауарды бiлдiретiнi көзге көрiнiп тұр. Олардың көптеген ерекшелiктерi өздерiне баға есептеу әдiстерiнде көрiнiс табады. Орташа күрделiлiктегi бағдарлама өнiмiн әзiрлеуге әдетте тiптi азғантай қаражат қажет етiледi. Бiрақ, бұл жерде ол едәуiр қымбат тұратын жүйелердi пайдаланғаннан бiраз асып кететiн экономикалық тиiмдiлiк бере алады.

Бағдарламалық өнiмдерде бiтiмi қартаю және тозу процесi iс жүзiнде болмайды. Олар үшiн негiзгi шығындар үлгi жасауға кетедi, ал тираждау процесi, әдетте магниттi тасымалдаушылар мен жөнелтпе құжаттардың салыстырмалы түрде қарапайым әрi арзан көшiрмелеу процедурасын бiлдiредi. Осылайша, бұл тауар негiзiнде қоғамдық қажеттi еңбек шығыны базасында қалыптасатын нарықтық баға иеленбейдi.





ҚОРЫТЫНДЫ

Ақпараттық жүйе және технология өндірісте, басқаруда және қаржылық қызметте кең қолданысқа ие. Ақпараттық технологиялардың дамуы қазіргі таңда мекемелер жұмысын компьютерсіз, яғни автоматтандыру жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Адам өмірі салаларының барлығына дерлік ақпараттық техника мен ақпараттық технологиялар ендіріліп қолданылуда. Олардың көмегімен адамның орындайтын қызметі неғұрлым жеңілдетіліп, жұмыс өнімділігі мен сапалылығы жоғарылауда.

Қазіргі ақпараттық ғасырда жаңа технологияларды қолданысқа ендірмей біршама жақсы жетістіктерге жету мүмкін емес.

Бірінші бөлімде жалпы Қорқыт Ата әуекомпаниясы атқаратын қызметі, құрылымы, қоғамдағы ролі туралы сипатталған.

Екінші бөлімде ақпараттық жүйені құру үшін қандай жұмыстар атқарылатыны жәйлі, яғни жобалау кезеңі, құрастыру кезеңі туралы қысқаша келтірілген.

Үшінші бөлімде "Қорқыт Ата әуекомпаниясының" автоматтандыратын ақпараттық жүйе құру жолдары қарастырылған.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Бүгінгі күнде ақпараттардың ағымы ұлғаюда және де ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңарта да, сыйғыза да алмайды. Компьютерлік технологиялардың көмегімен осы мәселелер өз шешімдерін табуда.

Бұл жобаның мақсаты тұтынушылық деңгейде қолданысқа ие бола алатын ақпараттық жүйе құру.

Осы ғылыми жобаның басты жетістіктері немесе ұсынысы: құрылған ақпараттық жүйені күнделікті жұмысқа ендіріп, мәліметтерді талдап және дұрыс шешім қабылдауға қолдану.

Сонымен қоса бұл жұмыстардың барлығын атқаратын жаңа технология болғандықтан, осы жүйені қолдана алатындай компьютерлік сауаттылық талап етіледі.

Бұл жобаның мақсаты мәліметтерді талдау және шешім қабылдауды тиімді ұйымдастырылуын осындай технологияны негізге ала отырып ақпараттық жүйені құру.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Благодатских В.А. Пакеты прикладных программ. М - 1987.

  2. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения ЭИС. М.: Финансы и статистика, 2000.

  3. Демин А.И. Информационная теория экономики. Макромодель -М, 1996.- 346с.

  4. Иванилов Ю.П., Лотов А.В. Математические модели в экономике. М., 1979.- 303с.

  5. Иванилов Ю.П., Лотов А.В. Информационное и программное обеспечение экономико-математических исследований., М.-1988., 93с.

  6. Петров В.Н. Информационные системы, СПб.: Питер, 2002.-688с.

  7. Суслов Р.И. Математические модели и системы экономической информации для регионального прогнозирования.,1988.

  8. Фридман А.Л. Основы объектно-ориентированной разработки программных систем.- М.: Финансы и статистика, 2000. - 192 с.

  9. Қ.С. Байшоланова. Ақпараттық жүйелер теориясы

  10. Автоматизированные информационные технологии в экономике. Под ред Г.А. Титоренко. М., ЮНИТИ, 2002.

  11. Козырев А.А. Информационные технологии в экономике и управлении. СПб., Издательство Михайлова, 2001.

  12. Мишенин А.И. Теория экономических информационных систем. Москва «Экономика» 1992 год.

  13. Свириденко С.С. Современные информационные технологии. Москва «ФиС» 1990 год.

  14. Казимоур Я. Информационная система и автоматизированное управление. Москва «ФиС» 1990 год.

  15. Половнев Н.М. Автоматизированное рабочее место. Алматы «Экономика» 1994 год.

  16. Морозов В.К. Основы теории информационных систем Москва «ВШ» 1994 год.

  17. Бралиева Н., Тимошенко В., Гагарина Н. Информационные системы бизнеса. Алматы, Респ.изд.каб. 1994 год.

  18. Диго С.Н. Проектирование баз данных. Москва «ФиС».

  19. Королев М.Д. и др. Информационные системы и структура данных. Москва «Статистика».

  20. Флопес И. Структура данных и управление данными. Москва «ФиС».

  21. Мартан Д. Организация баз данных в вычислительных системах. Москва «Мир».

  22. Дейт Т. Введение в системы баз данных. «Наука».

  23. Микляев А. Настольная книга пользователя IBM PC. Москва, 1997 год.

© 2010-2022