Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіруОперациялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіруИнформатика мұғалімі Құдайбергенова Ш

қысқа мерзімді жоспары


Күні:

Пәні: информатика

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы:

Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

Жалпы мақсаты:

Windоws Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру туралы оқушыларға түсінік беру, Блум таксаномиясының кезеңдерін қолдана отырып, білімдерін шыңдау, жан-жақты жетілдіру.

Міндеттері

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру.

  • Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға,өз бетімен ізденуге баулу.

  • Оқушыларды сауаттылыққа, ізденімпаздыққа,өз бетінше еркін жұмыс жүргізуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Н.Ермеков, Н.Стифутина,білімділер сайты

Оқу нәтижесі:

Оқушылар Блум таксономиясының сатыларын қолдана отырып, операциялық жүйенің параметрлерін баптау мен қалпына келтіруге тапсырмаларды орындату.

Негізгі идеялар:

Блум таксономиясының кезеңдерін қолдану

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Топқа бөлу. «Үйшік» ойыны арқылы топқа бөлу.

Топқа бөлінеді. Топ ережесін құру.


І. Білу

3-топқа 3-түрлі тапсырма беру.

1. Оқушылардың оқығалы отырған мәтіндерін болжауға итермелеу үшін мәтіннен қандайда бір жолмен байланыстырылатын 4-5 cөз беру.Мысалы: компьютер, программа,операциялық жүйе , байланыс,интерфейс.Өз беттерімен ойлануға уақыт беріледі,сонан соң топтар өз әңгімелерін құрап ортаға айту.

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?









2. Операциялық жүйелерді іске қосу, баптау және қалпына келтіру қалай орындалады?

Берілген сөздердің қызметтері туралы білгендерін айтып береді.


Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір - бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

2. әрбір адамға ЭЕМ -ді жалпы басқару мүмкіндігін беру.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болуы мүмкін.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді

ОЖ -нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ -нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ -нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.Пуск-Панель управления командасын орындап,тиісті батырмаларды қолдану арқылы баптауға болады.


ІІ.Түсіну

3-топқа суретті әңгімелеу.3 бағандағы батырмаларды 3 топқа бөліп беру

Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

1.Басқару панеліндегі батырмалардың қызметіне анықтама беріңдер

Суретке қарап, оны түсініп, параққа батырмалардың қызметтерінің аттарын 3 топ жеке-жеке бағандағы батырмаларды жазып көрсету

ІІІ. Қолдану

Басқару панеліндегі құралдарды оқушылар жұппен отырып, компьютерде практика жүзінде орындау

компьютерде тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті.

Әуен ырғағымен би билеу.

Би билейді.

ІҮ. Талдау

Жасырын ақпаратты ашу.

Windows 97 мен Windows NT салыстыру


  1. Windows 97 және Windows NT айырмашылығы қандай?

  2. Windows 97 және Windows NT программасында баптау бірдей орындалама?

Оқушыларға Венн диаграммасын пайдаланып, операциялық программалардың түрлерін салыстырады

Windows 97 Windows NT


Ү.Жинақтау

Бүгінгі тақырыптан түсінгенін Windows операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру бойынша презентация құру.

Шығармашылық жұмыс орындайды.

ҮІ.Бағалау

Өз пікірін білдіру«екі жұлдыз, бір тілек»

Рефлексия бойынша оқушылардың бүгінгі сабаққа қандай деңгейде қатысқанын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау













Күні:

Пәні: информатика

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы:

Жасанды интелект (ЖИ) жүйесінің ұғымы. Білімдерді және білімдер базасын (ББ) айқындау

Жалпы мақсаты:

Жасанды интелект (ЖИ) жүйесінің ұғымы. Білімдерді және білімдер базасын (ББ) айқындауды меңгерту

Сілтеме:

Жергілікті желі

Оқу нәтижесі:

Оқушылар Блум таксономиясының сатыларына шығу арқылы тапсырмаларды орындайды.

Негізгі идеялар:

Блум таксономиясының кезеңдері, Word Pad, Paint редакторлары, Joy Class программасы

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, жергілікті желілер, компьютер, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Топқа бөлінеді. Компьютердің құрылғыларының атымен топқа бөлу.

Топқа бөлінеді. Топ ережесін құру.


І. Білу

3-топқа 3-түрлі тапсырма беру.

1.Желі, желінің түрлерін ата ?

Жергілікті желі (ЖЕЖ)-принтер, плотер, дисктер, модем, CD-ROM және басқа периферилік құрылғылар сияқты желіге қосылған компьютерлік ресурстарын бірге қолдануға мүмкіндік беретін коммуникациялық жүйе.

Түйіндердін қосылу топологиясына байланысты желіні шиналық (магистралдық), сақина, жұлдызды, иеархиялық, тәуелсіз құрылымдарына жіктеуге болады.

2. Интернет дегеніміз не ? tcp/ip деректермен жіберу хаттамасы ?

Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және танымал желі.

IP (Internet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бірліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама. TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады

3.Жергілікті желіні қалай баптаймыз ?

Менің желілік қоршауым. Желілік ресурстарды қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Менің желілік қоршауым белгісінде, одан кейін ресурс таңбасында маусты екі рет шерту керек. Менің желілік қоршауым терезесінде барлық жұмыс станциялары мен жергілікті желі серверлері, бумалар, файлдар, басқа да ұжымдық қатынас құру ресурстары көрінеді.

Желі жайында білгендерін айтып береді.

ІІ.Түсіну

3-топқа 3-түрлі тапсырма беру. Суретті әңгімелеу.

Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

1Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіруОперациялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру



3

21. Шиналық, 2. Сақиналы, 3. Жұлдызды

Шиналық (bus) жергілікті желі, мұнда кел келген екі станция арасындағы байланыс бір ортақ жол арқылы орнатылады және кез келген станция арқылы бірлестік деректер бір уақытта осы деректер тасмалдау ортасына қосылған басқа барлық станцияларға жолашықтықты болып келеді;

Сақиналық (ring)-түйіндер деректерді тасмалдаудың айналма сызығымен байланысқан (әр түйіндегі екі сызықтан ғана келеді); деректер айналмамен өткенде, кезекпен кезек желінің барлық түйіндеріне жолашықтықты болады;

Жұлдызды орталық түйін, деректерді тасмалдау сызығы басқа қалған түйіннің әрқайсысына таралып кетеді. Мерархиялық әрбір құрылғы төменгі иеархиядағы құрылғылармен басқарумен қамтамасыз етеді.

Суретке қарап, оны түсініп, параққа желілердің түрлерінің аттарын жазып көрсету. Олардың қалай қосылатындығы, қызметі туралы түсіндіру.

ІІІ. Қолдану

Суреттегі құрылғылардың дұрыс қосылуын көрсет ?

Әрбір оқушы жұп болып отырып компьютерде тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті.

Әуен ырғағымен би билеу.

Би билейді.

ІҮ. Талдау

Жасырын ақпаратты ашу. Желінің түрлерін салыстыру.

1.Шиналық, 2. Сақиналы, 3. Жұлдызды желінің түрлерін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.

Оқушыларға Вен диаграммасын пайдаланып, желінің түрлерін салыстырды.

Ү.Жинақтау

Бүгінгі тақырыптан түсінгені бойынша ребус, сөзжұмбақ жазады.

Шығармашылық жұмыс орындайды.

ҮІ.Бағалау

Өз пікірін білдіру

Эссе жазу. Өмірде тұрмыста желіні қалай қолданамыз сол жайында түсінгендерін жазу.

"Жетістік" баспалдағы

Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді. Сабақта қандай көңіл-күйде болғандықтарын жазады.





© 2010-2022