6 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары:


Күні: 22.01.2015 ж.

Сыныбы 6 «е»

Кабинет и2

Мұғалімі: Есенова Д.Б.


Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты: MS Word мәтіндік редакторына суреттер кірістіруді және көркем жазуларды пішімдеуді үйрену.

Күтілетін нәтиже: Paint редакторында өздерінің салған суреттерін MS Word мәтіндік редакторына кірістіре алады және әр бір жазған жазуларын көркем етіп пішімдейді.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақ типі: практикум элементтері бар жаңа материалды меңгерту сабағы

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғыснан ойлау, диалогтық оқыту.

Пәнді үйренудегі кедергілерді жеңу(барлық оқушыларды сабаққа тарту): Топта, жұпта, барлық оқушыларға тапсырма беру.

Барлығын қосқанда(Жеті модульдің кіріктірілуі): Диалогты оқыту,Сыни ойлау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Бағалау, АКТ, Көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру

Негізгі дереккөздер: Информатика оқулығы, informatik.kz,

Таратпа материалдар(А4 форматындағы мәліметтер және тапсырмалар)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру (топқа бөлу(2-3минут))

2. Өткен материалды қайталау(шындық па? әлде жалған ба? тәсілі арқылы өткенді қайталау(7 минут))

Өткен материалды қайталау сұрақтары

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын
    Баптау - Барлық программалар - Microsoft Word батырмасымен
    Іске қосамыз.

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторында Кесте құрудың бір ғана жолын қолданамыз.

  3. Microsoft Word мәтіндік редакторында тек бір ғана бағанмен жұмыс жасаймыз.

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторында қаріпті пішімдей аламыз

  3. Microsoft Word мәтіндік редакторында жазған мәтінімізді баспадан қағаз бетіне шығара аламыз.

3. Жаңа материал(8 минут, әр топтың ойларын тыңдау, топта талқылау )

Microsoft Word құжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез-келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Сол сияқты Microsoft Word-та мәтінге дайын немесе Paint графикалық редакторында өзіңіз салған суреттеріңізді кірістіру мүмкіндігі бар.

Егер сіз Paint-та өз суретіңізді салған болсаңыз, онда оны сіздің мәтініңізге алмастыру буферінің көмегімен көшіру командасын қолданып кірістіруге болады.

Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістру мысалын қарастыруға болады:

  1. Мәтінді енгізіп алу қажет

  2. Вставка - Рисунк - Картины командасын орында

  3. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңда

  4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз

  5. Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.

  6. Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттаушының формасын алу қажет және бағыттаушыны көлденеңінен жоғары немесе төмен жылжытыңыз.

  7. Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң жақ батырмасын шертіңіз.

  8. Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста опциясында жалаушаны алып тастаңыз, ОК шертіңіз.

  9. Кірістірілген сурет мәтіннің оң не сол жағына орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау қажет. Вокруг рамки және По большей стороне квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.


  1. Тапсырмаларды орындау(15 минут). Бауырсақ ертегісін еске түсіріп MS Word мәтіндік редакторына төрт қатар шығарма тереміз және сол ертегінің Paint редакторында суретін салып мәтіндік редакторға кірістіруді үйренеміз.

  2. Жаңа сабақты бекіту кезеңі(5 мин) Оқушылар топтарымен жұмыс жасай отырып бүгінгі өткен сабқты сын тұрғысынан ойлау арқылы өздерінің түсінгендерін тыңдаймыз.

6. Бағалау(3 минут, өзара бағалау)

7. Үйге тапсырма (2 минут): Бүгінгі өткен тақырып бойынша реферат жазып келу. Оқу

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі


© 2010-2022