Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия












Ғажайып информатика әлемі (5 класс)


Тақырыбы: Ғажайып информатика әлемі

5 сыныптар

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

Пән мұғалімі: Дәкенова Назым Дәкенқызы




«КЕЛІСЕМІН»

Тексерілді:

№86 мектеп-гимназия

директорының ғылыми-әдістемелік

істері жөніндегі орынбасары

Досқазиева Б.Қ.

_______________

«____» ________ 2016ж.







2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып информатика әлемі»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер, тұсаукесер.

Жоспары :

І кезең. «Танысу» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Бәйге» сайысы (топтық сұрақ - жауап)

ІІІ кезең. «Сурет салу» сайысы (әр түрлі суреттер беріледі)

ІV кезең. «Ғажайып алаң» сайысы (топ мүшелері жұмбақ шешеді)

V кезең. «Жорға» сайысы (4 сурет 1 сөз)

VІ кезең. «Топ басшылар» сайысы (жұмбақ жасыру)

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Сабақтың барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.


Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.

Технология дамып жатыр күнбе-күн,

Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!

Осылайша кешімізді бастаймыз!

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер! Олай болса кешімізді бастаймыз, сіздерді бүгінгі кешімізде әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

4.

Бүгінгі сайысымызбен таныстырып өтетін болсақ, сайысқа төрт топ қатысады. Әр топта 4 оқушыдан және мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Таныстыру

  2. «Бәйге» сайысы

  3. Сурет салу

  4. «Ғажайып алаң» сайысы

  5. «Жорға» сайысы

  6. «Топ басшылар» сайысы


  1. Таныстыру

Психологиялық ахуал тудыру. Бір-біріне тілек айтып, өз көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіреді. Барлығымыз дайын болсақ, сайысымызды бастайық. Бірінші кезең «Таныстыру», яғни әр топ өздерін таныстырады. (10 ұпай)


  1. «Бәйге» сайысы

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. - дей отырып, 4 топқа 3 сұрақтан беріледі. Сұраққа жауап дұрыс болса, әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі.


  1. Сурет салу кезеңі

Бұл кезеңде топтағы балаларға жеке-жеке сурет беріледі. Сол сурет бойынша тапсырма компьютерде орындалады.

Топ мүшелері сірет салып жатқан кезде көрермендерге сұрақтар беріліп, ребус жасырылады.

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)Ғажайып информатика әлемі (5 класс)


  1. «Ғажайып алаң» сайысы

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келе келесі кезең «Ғажайып алаң» сайысын бастайық.

Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)Ғажайып информатика әлемі (5 класс)


Жорға, жорға, жорғала,

Шапшаңдыққа таң қалма.

Ойын деген арпалыс,

Жеңілемін деп ойлама.


  1. «Жорға» кезеңіне кезек береміз. Бұл жерде біз «4 сурет 1 сөз» ойынын ойнаймыз.

Сия, Жылдамдық, Желі, Адрес, Монтаж

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтағанша көрермендермен ойынымызды жалғастырып жұмбақ жасырайын.

  1. «Топ басшылар» сайысы. Жұмбақтар жасырылады.

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

Көрермендермен сөзжұмбақ шешеміз, әділ-қазылар қорытындысын есептегенше.

Ғажайып информатика әлемі (5 класс)

  1. Мәлімет сақтау құрылғысы.

  2. Ақпараттарды компьютерден қағазға шығару құрылғысы.

  3. Компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік беретін атау

  4. Компьютердің миы

  5. Компьютерді сақталатын...

  6. Негізі құрылғылардың бірі

  7. Қоршаған ортадан, теледидардан, газет-журналдан алынатын мәлімет...

  8. Енгізу құрылғысы

  9. Программамен жұмыс істейтін адам.

  10. Дыбыс құрылғысы

  11. Бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Бағалау

Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ мүшелерін бағалау.

Марапаттау:

І орын алған топты - «Үздік информатиктер», ІІ орын алған топты - «Озық ойлы топ», ІІІ орын алған топты - «Тапқырлар», аз ұпай алған топты «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.

Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Сыйлықтар беріледі. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!


© 2010-2022