Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және әріптер

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №23

Пән аты: Информатика

Класы: 5«А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §23. Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік: Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:Компьютер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа материалдың мазмұны:

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және әріптер- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады. Негізгі мәтінді осылай жазады.

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және әріптер- Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және әріптер- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.

Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс - «қызыл» жол болуы мүмкін.

Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.

Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі - Табуляция. Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.

Бұл мысалда Абзац - Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін

басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.

Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан - маркерден басталады. Ттізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасыг басу керек.

Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басу керек. Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістірілмейді. Жолдың басында маркер пайда болмайды.

Түйін

  • Абзац пішімдеудің негізгі параметрлері - шегіністер, түзеу, жоларалық интервал.

  • Абзацты пішімдеу бұйрықтарын лентаның Бас бөлімінен таңдауға болады.

  • Абзацтағы түзеу сол жақ шетімен, ортасымен, оң жақ шетімен орындалуы мүмкін.

  • Шегіністерді сызғыштың көмегімен тағайындайды.

  • WordPad - маркерленген тізімдер құру мүмкіндігі бар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.

  2. Сызғыш не үшін керек?

  3. WordPad мәтіндік редакторында түзеудің қандай түрлеріне қол жетімді?

  4. Табуляция не үшін керек?

  5. Табуляция не үшін керек?

  6. табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз?

  7. Маркерленген тізімді қалай құрамыз?

  8. Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма?

  9. Абзац шегінісінің мәнін теріс мәнді етіп көрсетуге бола ма?

Үйге тапсырма: §23. Мәтін редакциялау және пішімдеу.






Сабақ №24

Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §24. Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Тапсырмалады орындау

  4. Үйге тапсырма беру.

Сұрақтар:

Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеріп шығамын да практикалық жұмыс жасауға дейгейлік тапсырмалар беремін.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1 - тапсырма.

1. Өлеңді теріңдер.

2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояідар, әріптің мөлшерін 13 - ке өзгертіңдер.

Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.

Өлең керек

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да қылған құрбан.

Жырлар түнған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.

2 - тапсырма.

1. Мәтінді теріңдер

2. Екінші жолды күлген түспен безендіріңдер.

3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.

Автобуста

Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырды.

Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:

- Мархабат, отырыңыз.

Арман терезге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін ұсыныс жасады:

-Мархабат, отырыңыз.

Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалады және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.

Аянға ұсынып:

- Ала ғой, алтыным! - деді.

-Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.

3 - тапсырма

1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасыңыштар деп аталады.

Ақпарат тасығыштар.

  • Қатты диск;

  • Дискета

  • Лазерлік диск

  • Флэш - карта

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.

  2. Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?

  3. Мәтінді қалай қисық, астын сызылған етеміз?

  4. Әріп мөлшерінің ішінде 13, 15, 17 және басқа да қайсібір шамалар жоқ. Осындай мөлшерлі мәтінді қалай тереміз?

  5. Әріптің қандай ең кішкентай және ең үлкен мөлшерін орнатуға болады?

Үйге тапсырма: §24. Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу.

Оқушыларды бағалау.


Сабақ №25

Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру.

Сұрақтар:

  1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.

  2. Сызғыш не үшін керек?

  3. WordPad мәтіндік редакторында түзеудің қандай түрлерінн қол жетімді?

  4. Табуляция не үшін керек?

  5. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз?

  6. Маркерленген тізімді қалай құрамыз?
    Жаңа сабақтың мазмұны.

Сабақ түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді. Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. Назар аудару: Файл суретін өзгерткенде, мәтін суреті өзгермейді.

WordPad - те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.

1 - тәсіл.

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2 - тәсіл.

Егер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру - Кескін бұйрығын пайдалануға болады.

Сурет мәтіннің символы сияқты болады. Бұл машина және кеме деп аталады. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қолдануға болады.

Бірақ, сурет - ол символ емес! Оны тышқанмен шерту арқылы ерекшелеуге, ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.

Мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!

3 - тәсіл.

Мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер, онда Кірістіру - Paint суреті бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Суретті салып болып Paint - жапқанда сурет мәтіннің ішінде болады!

Түйін.

Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру)

  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру - Кескін)

  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу. (Кірістіру - Paint суреті)

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар.

  2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  3. Кірістіру - Кескін және Кірістіру - Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

Үйге тапсырма: §25. Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу.

Оқушыларды бағалау






Сабақ№26

Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §26. Практикалық жұмыс. Аралас құжаттар құру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру.

Сұрақтар:

Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеріп шығамын да практикалық жұмыс жасауға дейгейлік тапсырмалар беремін.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Шежіре ағашы

  1. Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар.

  2. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар және оларды ағашқа орналастырыңдар.

  3. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер. Ортасы бойынша түзеуді тағайындаңдар.

  4. Суреттің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.

  5. Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар.

  6. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінше басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар - туыстарыңның суреттерін желімдеңдер немесе редактордың көмегімен қосыңдар.

В деңгейі

1. Әңгімеден үзінді теріңдер

2. Автордың тегін курсивпен, мәтін атауын жуан әріппен ерекшелеңдер.

3. Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.

4. Жануарлардың, құстар мен барлық атауларының жанына Paint - те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.

5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

С деңгейі

1. Өз отбасыларының туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

2. Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.

3. Ерекшелеу - Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.

4. Суреттерді рамкаларға орналастырыңдар.

5. Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.

6. Мәтіннің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.

Жұмысты өз бумаларыңа сақтаңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар.

  2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  3. Кірістіру - Кескін және Кірістіру - Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

Үйге тапсырма: §26. Практикалық жұмыс. Аралас құжаттар құру

Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022