Орта мектептерде информатика пәнін оқытудың принциптері туралы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта мектептерде информатика пәнін оқытудың принциптері туралы .

Әбдікәрім Н.Н

Информатика пәнінің мұғалімі .

Қазіргі кезеңде дербес компьтерлерді ғылымда,техникада ,экономикада тіпті өндірістің кез келген саласында кең-інен қолданыла бастауымен оның манызы туралы айтып ,ешкімді таң қалдыра алмайсын .Бұл салада тек білікті мамандар дайындау мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр .

Информатика курсы мазмұнының өзі де тез өзгеріп отыратын болғандықтн заман талабынан қалыспауда мұғалімнен көп күш жұмсауды қажет етеді .

ҚР орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық - саяси және әлеуметтік -экономикалық шарттар білім беру саласында принциптік жағынан жаңа жағдай-лар жасады .Орта білім беру жүйесінен демократикалық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп түпкілікті қайта құру талап етілді.ҚР

дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау қажет». Осы тұжырым орта білім беру жуйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады .Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі-мектептерді компьютерлендіру .

Бұл талап әлі толық орындалып болған жоқ .Мектептерді толық компьютерліндірілмей ақпараттандыру (информатизациялау) болмайды.

1980-ші жылдардан бастап мектеперде « Информатика және есептеуіш техникасы» пәні жүргізіліп келді. 1990-жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсын-

ған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты .Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді .

Бірақ ол бағдарламамен толық оқыту мүмкін емес .Онда программалау түрінде аз көңіл бөлінген .Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпақ ,оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз . Төл оқулықтарымыз да мазмұны жағынан ойдағыдай емес.Сондықтан мұғалімдер көп ізденіп ,көп еңбек етуі қажет .

Информатика мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойлатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері ,айырмашы-лықтары бар. Сол талаптарды іске асыру -мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп ,сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады .Ол үшін мынадай талаптарды естен шығармау қажет :

-мұғалімнен не талап етіледі;

  • іске асырылу шаралары қалай және қандай жолмен мүмкіндік болады.

Педагогикалық әрекеттерге қойылатың талаптардың дидакикалық принциптеріне(ғылыми принцип ,мұғалімнің материалды жүйелі түрде бере алу принципі ,оқытудағы көрнекілік принципі,информатика сабағындағы тәрбиелеу принципі) сәйкестігін талдамас бұрын, мен мыналарға ерекше көңіл бөлгім келеді: информатика қарастыратын проблемалардың көптігі соншама, тіпті компьютерлік техниканы қарастырумен қатар, білімнің физика, химия, биология, әдебиет сияқты бөлімдерінің проблемаларын да қарастыруға тура келеді. Себебі, информатика - басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады.

Информатика- басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап, сұрыптап, оларға жаңа мән беріп,әлемдегі болып жатқан процестер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Информатика пәні- жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ " информатика- компьютердің көмегімен информацияны өзгерту және қолдана алу процестерімен байланысты адамзат әрекеттерінің бір бөлігі " (профессор Н.М Макарова)

Информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық әре-кеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан тұрады .

-мұғалімнің материалды беруге ғылыми және жүйелілік принциптері ;

  • оқытудағы көрнекілік принциптері;

  • информатика сабағындағы тәрбиелей оқытудың прициптері.

1. Ғылыми прицип бойынша. (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): «Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек», яғни, мұғалім

берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет.

2. Оқудың жүйелілік приципі (М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) «ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында», яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.

3. Басқа пәндерден информатиканың өзгешілігі-ол білімнің жеңіл, жаттан-ды түрде ұғылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді активті және саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру-оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде әрбір оқушының жеке өзі бір компьютерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады.

4. Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасы бойынша, білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау-мектеп қабырғасын-дағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатиканың жас мұғалімдерінің жолдары ғана басталуда, сондықтан жалпы қолданылатын көрнекілік құралдар да көп емес.

5. Тәрбиелей оқыту принциптері - дидактикадағы оқыту мен тәрбилеу арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Әдетте тәрбиелік әсер оқу процесі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дәл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру-мұғалімнің өзіндік жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі әр мұғалім есте сақтағаны дұрыс.

Осы айтылған принциптердің бәрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқаларын байланыстырушы пән ретінде қалыптастырады. Қазіргі кезде информатика мұғалімі өз сабағына бұрынғыдай тек математика, физика мысалдарын ғана емес, тарих, биология, анатомия сабақтарынан да суреттер, үзінділер, анимациялық (қозғалыстағы) элементтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігін де жеке мысал ретінде қолданылған пән ерекшелігін де жақсы түсіндіруге болады.

Тағы бір айтатын мәселе - информатика пәнінің басқа пәндерден түбегей-лі өзгешелігі, бұл пәнді әдеттегі тәсілдермен бағалау үшін 2-3 сабақтың қорытындылары жеткіліксіз. Оған оқушының бұрынғы сабақтарда өткен материалдарды қолдана білу қасиеті де кіреді.

Осы жерде айта кететін мәселе, көп мектептерде компьютерлік сыныптардың аздығы (5-6 компьютер). Ал оқушылар сабақтан тыс кездерде де компьютерде дайындалғысы келеді, бірақ оған мүмкіндік бола бермейді.

Қорыта келгенде, информатика сабағында тек компьютер мүмкіндіктерін игеру жеткіліксіз, компьютер-басқа пйндерде оқыған материалдарды да қайталай алатын, оқушыны тәртіпке үйрететін, әрекеттердің логикалық байланысын сараптай алатын оқытушыға көмекші, әрі керекті құрал болып табылады.



© 2010-2022