КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕ мақаласы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕ

Талдықорған сервис және технолоия колледжі


Ақпараттық жүйелер мамандығының өндірістік оқыту шебері: Кулюгова А.Е.

[email protected]


Білім беру жүйесінде компьютерді пайдалану арнайы қарауды талап ететін мәселе. Атап айтқанда, автоматтандырылған оқыту жүйелері компьютерлік технологиялардың үздік жетістіктерін өзіне қабылдап, тек білім беру мекемелеріне ғана мәлім болмай, сонымен қатар өнеркәсіп кадрларын даярлауда, әр түрлі әлеуметтік салаларда, әскери істерде және т.б. кеңінен қолданылуда.

Білім алу - көп қырлы процесс, ал білімді бақылау - оның тек бір жағы ғана. Алайда, дәл сол арқылы компьютерлік технология мүмкіндігінше алдыға жылжыды, оның ішінде тестілеу жетекші рөлге ие болды. Көп елдерде, тестілеу жүйесі бақылаудың дәстүрлі түрлері - ауызша және жазбаша емтихандар мен сұхбаттасуды ығыстырып шығарды.

Шамасы, көптеген оқытушылар тест құру кезінде кейбір қайшылықтарды бастан кешіріп, оның қарапайым мәселе еместігін түсінген тәрізді. Жүйесіз әр жерден жұлып алған сұрақтар мен жауаптар тест емес екені сөзсіз. Тиімді және дәлме-дәл тест құру көп еңбек етуді қажет етеді. Осы істе компьютердің тигізер көмегі аз емес.

Компьютер тестері үшін сенімділік, салмақтылық, матрица жабу және т.б. сияқты тұжырымдамаларға сүйенетін өзгеше емес дәлме-дәл компьютерге арналған арнайы тестілеу теориясы бар. Бұнда біз оған, негізінен технологиялық аспектілерге назар аударып терең үңілмейміз.

Қазіргі уақытта педагогикалық құралдар: оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, компьютерлік тестерді жасау бойынша аспаптық авторлық жүйе кеңінен таралған. Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін компьютерлік тестер жасайтын - тест қабықшасы бағдарламаларын құру мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мұндай бағдарламалық құралдар да, авторлық жүйе деп аталатын жаңа түрлерін құрастыруға дайын әзірлеуші-бағдарламашылар өте көп.

Алайда, бұл кең таралған бағдарламалық құралдар қабықшаларды керекті материалдармен толықтыруға қажетті тест тапсырмаларының қарапайым әдістемесінің жоқтығы әсерінен тежеледі. Біздің жұмысымызда компьютерлік тесттерді өңдеудің кейбір тәсілдері ұсынылады.

Білім моделін жобалау бойынша сарапшылар көбінесе білімнің жоғарыдан-төмен жобалау моделін, яғни «жоғарыдан төмен технологиясын пайдаланады. Бастапқыда, пәндік саланың ұлғайтылған модульдерге (тарауларға) бөлінген бастапқы мазмұны құрылады. Содан кейін, модульдерді, кіші модульдерге бөлу жүргізіліп, өз кезегінде, педагогикалық мазмұнмен толықтырылады.

Жобалаудың келесі «төменнен-жоғарыға» немесе жекеден жалпыға әдісі көп жағдайларда күрделі және ауқымды пән салаларының, немесе құрылымы мен мазмұны бойынша ұқсас бірнеше моделді жасау сарапшылар тобымен жүзеге асады.

Әрбір модуль басқа модульдер мен пәндік салаларға қажетті ұғымдардың жиынтығынан тұратын кіріс ақпаратты қамтиды, ал шығарарда бұл модульде сипатталған жаңа ұғымдарды, білім жинағын жасайды.

Модуль ішкі модульдерден тұруы мүмкін. Білімнің бөлінбейтін элементі болып табылатын қарапайым ішкі модуль - білімдер қоры , ақпараттық модель түрінде ұсынылуы мүмкін. Ұғымдар және олардың арасындағы байланыс семантикалық графты білдіреді.

Білімді модуль түрінде ұсыну :

• компьютерлік тестілеу көмегімен нақты бақылау жүйесін ұйымдастыруға яғни, әр модульді аралық бақылау (тестілеу), барлық модульдер мен олардың өзара қарым-қатынас қортындысын, сондай-ақ, «қара жәшік» әдістемесін ұтымды пайдалануға;

• әрбір модульді педагогикалық мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыруға;

• модульдердің семантикалық байланыстарын және олардың басқа пәндік салалармен қарым-қатынасын анықтауға және ескеруге көмектеседі.

Қандай да бір жүйені бақылаудың (тестілеу) екі амалын ерекшелеп айтуға болады:

1) «ақ жәшік» әдісі - білімнің сараптау моделін тестілеу принципі;

2) «қара жәшік» әдісі - кіріс және шығыс деректерін бақылау принципі бойынша (компьютерлік тестілеу үшін ең қолайлы) қандай да бір күрделі жүйелерді тестілеу[1].

Тестілеу - оқушының жеке басының білім моделінің эксперттік сарапатамалық білім моделіне сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты - осы модельдердің сәйкес еместігін анықтау (білім деңгейін өлшеу емес), олардың сәйкес еместігінің деңгейін бағалау болып табылады.

Тестілеу берілген тест жиынтығынан тұратын, арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.

Тестік тапсырмалар - бұл пән саласы бойынша нақты жауапты талап ететін немесе белгілі бір іс-әрекеттің алгоритмін орындайтын анық және айқын тапсырма.

Тест - оқушы білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады [2].

Тест -білім алушының пән саласындағы сараптау моделіне сәйкестігін бағалауға жол беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы [3].

Тестік кеңістік - барлық модульдер бойынша көптеген тестік тапсырмалар білімнің сараптау моделі[3].

Эквиваленттік класы - оқушының бір тапсырманы орындауы басқа тапсырмалардың орындалуына кепіл болатын көптеген тестік тапсырмалар.

Толық тест - көптеген кіші тестік кеңістік, білімнің жеке бас моделі мен сараптау моделі арасындағы сәйкестікті объектівті бағалау.

Бақылау бойынша сараптаудың ең күрделі міндеті - оқушының жеке бас моделімен сараптау моделінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігінің деңгейін барынша объективті бағалауға мүмкіндік беретін тест құрастыру болып табылады.

Тест тапсырмаларының таңдауын «ақ жәшік» әдістемесі арқылы сарапшы-педагогтар жүзеге асырады, ал оның жарамдылығын «қара жәшік» арқылы бағалайды.

«Ақ жәшік» Шығыс ақпарат «Қара жәшік»

Кіріс мәтіндері

Білімнің сараптау моделі

Білімнің жеке бас моделі

Шығу ақпарат Шығу ақпарат

Сәйкестікті бағалау

Сурет 1. Тест тапсырмаларын құру схемасы


Тест тапсырмаларын құрастырудың ең қарапайым жолы - таңдап алған ұғым қасиеттері туралы білімін талап ететін жаттығуларды орындау, семантикалық баған түйіндерінің құрамы түсініктеріне сұрақтар құрастыру. Ұғымдардың арасындағы қарым-қатыстарды анықтайтын тест тапсырмаларын әзірлеу - ең күрделі саты болып табылады. Тапсырмалардың одан да тереңірек деңгейі жеке модульдар арасындағы ұғымдардың байланысын анықтайтын тесттерді таңдаумен байланысты.

Көптеген тест тапсырмалары (тест алаңы), атап айтқанда, тест тапсырмаларының толық тестілеу принципіне сәйкес, шексіз болуы мүмкін. Алайда, әрбір нақты жағдайда пайдалануы оқушы білімінің сараптамалық білім моделі (толық тест) бойынша берілген критерийлерге сәйкестігін үлкен дәлдікпен бағалауға мүмкіндік беретін соңғы көптеген кіші тестік тапсырмалар болады.

Толық тестен тиімді тесті (берілген критерилер арқылы оқушының жеке бас моделін бағалауға кепіл болтын көлемі бойынша оңтайлы тест тапсырмаларының жиынтығы) таңдап алуға болады. Тиімді тесті таңдап алу тест кеңістігін эквиваленттік сыныптың, шекаралық жағдайдың, жолдарды жабудың және тұжырымдамалар мен модульдер арасындағы логикалық байланыстарға тестер құрастырудың сәтті бөлінуіне байланысты.

Алдағы уақытта тестік тәжірибе түзету жүргізуге және тесті пайдалану түріне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін топ оқушыларына қажет.

Осылайша, компьютерлік тест құрылысын бірізділікпен жүзеге асыруға болады:

  • мақсатты сараптамалық білім моделін формализаиялау;

  • төмен (немесе төменнен - жоғарыға дейін) сынақ кеңістігін жобалау;

  • тест тапсырмаларын қалыптастыру және толықтыру;

  • толық компьютерлік тест қалыптастыру;

  • тесттік эксперимент;

  • тиімді тест таңдау;

  • тесті сараптау, түзету және пайдалану түріне дейін жеткізу.

Компьютерлік оқыту әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарын, педагогтарын және әдіскерлерін жұмылдыратын өте қызықты және болашағы бар зерттеу саласы болып қала береді. Компьютерлік оқытуды енгізумен бірге оқытудың дәстүрлі жолдары және стилі өзгере бастады. Осы өзгерістердің адам тағдырына, жалпы өркениетке тигізер әсері мен маңызына баға жетпейді.


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Современные методы обучения и контроля знаний. Владивосток: 1999. - 125 с.

  2. Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий. М.: Ассоциация инженеров-педагогов г. Москвы, 1996.

  3. А. Сағымбаева Мектеп информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау әдістері. // Информатика негіздері, 2009, №1

  4. rudocs.exdat.com/docs/index-28313.html


© 2010-2022