Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарауылкелді орта мектебі



Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.











Тақырыбы:

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.


Сыныбы: 5б

Өткізген: Информатика пәні

мұғалімі Көшерова Г.Р.


Күні: 29.11.2013ж




2013-2014 оқу жылы









Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.































































Күні: 29.11.2013ж

Сыныбы: 5б

Тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау.

Ақпаратты тасымалдаушылар.

1. Білімділік: Ақпаратты жазуға, оқуға және олармен әр түрлі әрекеттер орындау;

2. Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: Тәртіпке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау, білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жеке және топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, флипчарт, тесттер, activote ұяшықтары, таратпа карточкалар т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Тест арқылы оқушылардың көңіл-күйін білу.

Оқушылар бүгінгі сабағымызды сайыс-сабақ ретінде өткізгелі отырмын. Сайыс-сабағымыз саяхат кешуден тұрады. Ал саяхатымыз 8 станциядан тұрады. Ойынның соңында білімдерін көрсеткен оқушыларға өзінің жауап беруіне қарап баға қойылады.

1 станция - «Эрудиттік станция»

Бұл станцияда біз өткен сабақты қорытындылап, бекітеміз.

Сіздерге төменде бірнеше сұрақтар берілген. Сұрақтарға иа, жоқ деп жауап беру қажет.

  1. Нысанды қию (вырезать) арқылы бір жерден екінші жерге көшірген кезде нысан бастапқы орнында қалады?

  2. Қажет емес нысанды қоржынға (корзина) жөнелткенде нысанды қайта қалпына (восстановить) келтіруге болмайды.

  3. ctrl+c конкестік менюден көшіру жұмысын атқарады.

  4. Кез-келген нысанды бір бумадан 2-ші бір бумаға курсордың көмегімен сүйреу арқылы апаруға болады.

  5. ctrl+v қию қызметін атқарады.

2 станция - "Жаңа сабақ"

" Ақпаратты іздеу, жазу және оқу.

Нысанды бумадан жылдам іздеу үшін ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалануға болады.

Ал егер олай табылмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

ҚҰрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

  • Файлдың атын теру.

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыру қажет. Егер файл бұған дейін сақталған болса, және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендердің файлдың атын сұрамайды. Сақтау бұйрығын ctrl+s пернелері арқылы орындауға болады. Бұны орындағанда экранда ештеңе өзгермейді, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

Кейде бұрын сақталған басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мысалы, егер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашылды делік. Сол файлды ашып, жауарлар мен ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтау қажетілігі туындады делік. Онда файлды Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл

бұйрық файлдың бұрын сақталған-сақталғанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін дискіде 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу - дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде операциялық жұйе файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде ашуға болады. Ол үшін ашу бұйрығын /ctrl+o пернесі/ орындау керек.


3 станция - «Компьютер»


Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай хат жолдапты

.Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.







  1. Жануарға ұқсас атым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын.
    Ең қажетті құралмын. (тышқан)

2. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені

(кактус)

3. Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

(сканер)


4. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(курсор)

5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның

(тышқан)

6. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер

(бит)




4 станция - «Пернетақта»

Бұл станцияда, пернетақтаның негізгі пернелерін білесіңдер ме, соны тексереміз. Мен сұрақ қойып, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Функционалдық пернелер (Ғ1-Ғ12)

  2. Сандық пернелерді қосатын перне ? (Num Lock).

  3. Бұл пернені басқанда пернетақтадағы барлық әріптер бас әріппен жазылады? (CTRL).

  4. Еңгізу командасын аяқтайтын, яғни кез-келген текстік жолдан төмен түсу үшін басылатын перне? (Enter).

  5. Бас әріппен жазу үшін қай пернені қолданамыз? (Shift)


5 станция «Білімгерлер станциясы»

Білімгерлер станциясында сіздерге «Талантты табу» ойыны берілген. Мына ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде «тізбек» (өсу) ретімен дұрыс шығатындай етіп орналастыру керек.


Берілетін тапсырма:

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

  1. 1.Байт. I .Бит

  2. 1Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар..Мегабайт II .Байт

  3. 1.Гигабайт III. КБайт

  4. 1.Килобайт IV.Мегабайт

  5. 1.Бит V.Гигабайт.



6 станция «Ақпарат қаласы»

Ішіне-сыртына

Сіздерге 2 баған берілген әр бағанға қажетті сөздерді жазу керек. Қажетті сөздер: windows, меню жолы, принтер, enter, курсор, модем, құрал-саймандар панелі, тышқан, монитор, сызғыш, пернетақта,


Ішіне

Сыртына







7 станция «Кодтаушылар қаласы»

Оқушыларға кодталған сөздер беріледі. 1мин .

1 - ТНАПТАҚЕЕР

2 - НМТРОИО.

3 - ОЛАКОНК

4 - ЕТЗЕЕР



8 станция «Тест қалашығы»


Бүгінгі сабақты activote ұяшықтары арқылы қорыту.

  1. Бумадағы "Құжат" файлын тез іздеу үшін не істеу керек?

А) Буманың терезесінде "Д" әрпі бар пернені басу

В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу

С) Іздеуге (поиск) кіріп, Документ сөзін енгізу қажет.

  1. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

В) Қайтадан сақтау

С) Сақтау

Д) Құру

  1. Файлды бірінші рет сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

В) Қайтадан сақтау

С) Сақтау

Д) Құру

  1. ctrl+o пернелер тіркемесі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

В) Ашу

С) Сақтау

Д) Құру

  1. ctrl+s пернелер тіркемесі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

В) Ашу

С) Сақтау

Д) Құру


  1. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркемесін қолдануға болады?

  1. Ctrl+S

  2. Ctrl+O

  3. Alt+F4

  4. Alt+Tab


Оқушылардан сабақ соңында сабақ қалай өткендегі жөнінде төмендегі тізімді activote ұяшықтары арқылы білемін.


Менің ұғымымның түсі


Қызыл - түсіндім


Сары - қызықты болды


Қара - түсінбедім


Үйге тапсырма: §13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу.













































© 2010-2022