Урок по информатике на тему «Алгоритмнің түрлері»

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№10 сабақ

Сыныбы: : 6 «А», 6 «Ә» Күні: _______________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің түрлері

Сабақтың мақсаты: Алгоритм түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритммен таныстыра отырып, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,инт.тақта, слайд

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма

1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру . Сонымен балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ия, кім дайын? Қайталау сұрақтары:

1. Алгоритмнің берілу формаларын атаңдар.

2. Неліктен графикалық әдіс сөздік алгоритмге қараганда ыңғайлы?

3. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңдар.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған және циклдік.

Сызықтық алгоритм

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.

Осыған дейін қарастырылған барлық мысалдар: екі сандықосу, робот портреті, үй тапсырмасын орындау, т.б. сызықтық алгоритм болып табылады.

Тармақталған алгоритм

Кейде алгоритм бұйрықтарын орындау барысы шартқа тәуелді болады. Мысалы, далада жаңбыр жауып тұрса, қол шатыр алу керек; ал егер жаңбыр жаумаса, онда қолшатыр алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритмнің түрі тармақталған алгоритм деп аталады.

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталган алгоритм дейміз.

Шартты тексеру блогын блок-сызбада ромбымен таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін «ия» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда - «жоқ» тармағы пайдаланылады.

Тармақталу алгоритмі сөзбен берілгенде «егер», «онда» кілттік сөздері қолданылады. Жазу барысында «әйтпесе» сөзін қолдануға болады.

20-сурет. Тармақталу алгоритмінің мысалы

«Қолшатыр ал » алгоритміне блок-сызба ңұрайық (20-сурет ).

«Қолшатыр ал» алгоритмінің сөзбен берілуі мынадай болады:

  • Терезеден қара.

  • Егер жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатыр ал.

Өздерің көріп тұрғандай, іс-әрекет тек шарт орындалганда ғана жүзеге асады, ал кері жағдайда іс-әрекет жүзеге аспайды. Бұндай алгоритмдер толық емес деп аталады.

Тармақталу алгоритмінің толық түрін беру үшін «Киноға бару» алгоритмін қарастырайық.

1. Анаңнан киноға баруға рұқсат сұрау.

2. Егер анаң рұқсат берсе, онда киноға барасың, әйтпесе бөлмені тазалау қажет.

Тармақталу алгоритмінің толық формасының жалпы түрі келесідей болады (21-сурет)

  1. Тармақталу алгоритмінің толық емес формасында «№ 2 әрекет» блогы болмайды (22-сурет ).

  2. Тармақталу алгоритмінің толық формасын сөзбен жазу тәсілі келесідей болады:

  3. Егер шарт орындалса, онда «№1 іс-өрекет» орындалады, әйтпесе «№2 іс-әрекет» орындалады.

  4. Толық емес формасы келесідей болады:

  5. Егер шарт орындалса, онда «Іс-әрекет» орындалады.

4. Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмалары.

  • Алгоритм тцрлерін атаңдар.

  • Тармақталу және сызықтық алгоритмге анықтама беріңдер.

  • Тармақталган алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер.

  • 8 және 5 сандарына келтірілген алгоритмніц нәтижесі қандай?

Басы

23-ті қос

35-ті қос

27-ні алып таста

Егер 10 үлкен сан болса, онда 5 санын қос

Егер нәтижесі жұп сан болса, онда оны 2-ге бөлу егер тақ сан болса, онда 2-ге көбейту Нәтижені шығар

Соңы

Осындай алгоритмнің блок-сызбасын құрыңдар.

5. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. §10. Алгоритмнің түрлері. 62-66 беттер.


© 2010-2022