Открытый урок по информатике 9 класс Массивтер

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Саттарқұлов М.С.

Сыныбы: 9 «в»

Мерзімі: ....................

Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді жиымдар

Мақсаты:

Білімділік: Жиым ұғымын түсіндіру, есеп шығаруда пайдалану әдістерін көрсету, оқушыларды жиымға байланысты есептер шығаруда циклдық операторларды қолдануды үйрету;

Дамытушылық: Циклдық операторларды жиымдарда пайдалану, күрделі циклдар ұғымын дамыту, бір өлшемді жиым есептерін шығаруда пайдалану;

Тәрбиелік: Оқушыларға есептер шығара отырып, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: Тест тапсырмасы, сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, іздендіру

Пәнаралық байланыс: Математика

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, сабаққа арнайы дайындалған электронды оқу құралы

Болжамдап отырған нәтиже: Жиым ұғымын жетік меңгерген, есептер шығаруға бейімделген тұлға.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі; (2 минут)

ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау; (12 минут)

ІІІ кезең. Жаңа сабақ өту; (18 минут)

ІҮ кезең. Жаңа сабақты бекіту; (8 минут)

Ү кезең. Сабақты қорытындылау (3 минут)

ҮІ кезең. Оқушыларды бағалау (1 минут)

ҮІІ кезең. Үйге тапсырма беру. (1 минут)

Сабақтың барысы:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

  1. Оқушыларды түгендеу;

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

  3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту;

ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау. (8 минут)

Үйге берілген тапсырма бойынша тест тапсырмалары арқылы компьютерде оқушылар жауап береді. Тест Macromedia бағдарламасында берілген.

1. Қайталау операторы дегеніміз....

Белгілі бір шартты қайталай отырып, тармақтау жолдарын қарастыру

Саны белгісіз шарттарды орындап, нәтижесін желіге беру

If..then..else құрылымы

Мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір әрекеттерін бірнеше рет қайталау процессі

2. Арифметикалық цикл құрылымын көрсет:

array of integer

for if do then

For .. to .. do

array .. fo .. if

3. Шартты соңынан тексеретін оператор

Eyob

Repeat until

Prime ets

Repeat while

4. Есепті шығаруда дұрыс қолданылған циклдық операторды көрсет:

if 2 > 0 then s := 0 else s := k;

while s >0 do s := k + 1 repeat if;

for k := 1 to 22 do

repeat g < 0 until

5. Repeat операторының мағынасы

Орындау

Бөлу

Сақтау

Дейін

6. Келесі жол орындалғанда не есептелінеді: K := 0; for k := 1 to 12 do k := s+ k;

12 cанның бөліндісі шығарылады

1 ден 12 ге дейінгі сандардың қосындысы есептелінеді

12 санды қосып, 1-ге бөлу орындалады

12 санын керісінше аударады

7. Циклдық операторларда қолданылатын айнымалыларды сипаттау міндетті болып табылады ма?

Міндетті емес

Сипаттаса да болады, сипаттамаса да болады

Міндетті

Сипаттау міндетті, егер шартты операторлар берілсе

8. Қабатталған циклдер .... орындалады

Белгілі бір шартқа байланысты беріледі және сызықтық құрылыммен орындалса

Цикл тұлғасында басқа циклдық құрылым болғанда

3 орынды санды есептеу

Қабат қабат шарт берілген есеп

9. Құрамына басқа цикл кіретін цикл .... деп аталады

Шартты өту

Сырты цикл

Ішкі цикл

Құрамдас цикл

10. Сыртқы цикл құрамына енген цикл ... деп аталады

Ішкі

Құрылымды

Қабаттасқан

Сыртқы

Үй жұмысына қосымша тапсырмалар. (4 минут)

1-тапсырма

1-ден 100 - ге дейінгі сандарды қосындысын есептейтін циклдағы программа бөлігін жазу

2 - тапсырма

100-ден 1- ге дейінгі циклдағы сандарды шығаратын программа бөлігін жазу

3-тапсырма

1-ден 10 - ге дейінгі сандардың ішінен жұп сандарды шығаратын циклдағы программа бөлігін жазу

4-тапсырма

1-ден 10 - ге дейінгі сандардың ішінен тақ сандарды шығарып, олардың қосындысын есептейтін циклдағы программа бөлігін жазу

ІІІ кезең. Жаңа сабақ. (18 минут)

Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді жиымдар

Жиым - бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиындардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық, тіркестік, символдық, логикалық), өлшемі (бір өлшемді, екі өлшемді) және көлемі (элементтерінің саны) жатады. Жиымдардың реттелгендігін ұяшықтарда берілгендіктерінен байқауға болады.

A[1] A[2] A[3] A[4] A[5] A[6] A[7] . . . A[n]

Қажетті ұяшыққа қатынай алу үшін, жиымның аты мен оны индексін (жиымдағы реттік нөмірі) көрсету жеткілікті болып табылады. Индексі тікбұрышты жақшаларда беріледі.

Жиымның элементінің аты, индексі, мәні берілуі тиіс. Мысалы, С жиымы 7 элементтен тұрады.

С[1] С[2] С[3] С[4] С[5] С[6] С[7]

5

2

9

10

1

7

19

Жиымның бірінші элементін қарастырайық:

Жиымның аты - С

Индексі - 1

Мәні 5

Жоғарыда анықтамада көрсетілгендей жиымдар бір өлшемді (векторлар) және екі өлшемді (матрицалар) болып бөлінеді. Матрицалар екі нөмермен беріледі. Жолдың нөмірі және бағанның нөмірі

А 1 2 3 4 5 6 7 8

7

4

А [ 1 , 5 ] - 1-ші жолдың и 5-ші бағанында орналасқан әлементтің мәні 7 болады.

A [ 5 , 1 ]- 5-ші жолдың и 1-ші бағанында орналасқан әлементтің мәні 4 болады.

Жиымның сипатталауы айнымалыларды сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс және VAR сөзінен кейін орналасады және оның құрамына мыналар кіреді:

1. Жиым атауы

2. Кілттік сөз A R R A Y (жиым деп аударылады).

3. Өзгермелі индекстер аумағы. Олар екі нүктелермен ажыратылған қос санмен беріледі.

1..40 1..N 5..20

1, 1 және 5 - индекс аумағының ең аз мәні

40, N және 20 - индекс аумағының ең үлкен мәні

Жиымды жариялау нұсқасы:

var х1,х2: array [индексі] of элементтер типі;

Мысалы:

var x1,x2: array[1..60] of real;

Бұл жерде real (нақты) типті 60 элементтер тұратын х1 және х2 екі жиым беріліп отыр.

ЖИЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ

Жиымның элементтерін енгізу үшін, индекстің пәндерін бірінен кейін бірін өзгертіп отыру қажет. Ол үшін арифметикалық циклды қолданамыз. Жиым элементтерінің мәнін пернетақтадан енгізіледі.

Мысал-1.

Var
A : array [1..10] of integer ;
I : byte ; {Жиымның индексі ретінде беріліп отыр}
Begin
For i:=1 to 10 do
Readln (a[i]); { i-ші элемент пернетақтадан енгізіледі}

Енді жиым автоматты түрде кез-келген сандармен толтырылған жағдайдағы мысалын қарастырайық. Кез - келген сандармен толтыру үшін RANDOM операторын қолданамыз.

Var
A : array [1..10] of integer ;
I : byte ; {Жиымның индексі ретінде беріліп отыр}
Begin
For i :=1 to 10 do
A [ i ]:= random (10); { жиымның i -ші элементіне «кез-келген» 1 мен 10 аралығындағы кез-келген бүтін сан беріледі}

ЖИЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ШЫҒАРУ

Паскаль тілінде жиымдарды шығару цикл денесінде жеке-жеке орындалады. Параметр ретінде алғашы мәннен соңғы мәнге дейінгі жиымның индексі қолданылады.

Мысалы:

Var
A: array [1..10] of integer;
I : byte ; {I айнымалысы жиымның индексі ретінде беріледі}
Begin
For i :=1 to 10 do
Write ( a [ i ],' '); {жиымның шығарылуы жол арқылы іске асырылады, әр элементтер кейін бос орын басылады}

Жиым элементтерін сондай -ақ баған бойынша шығаруға болады. Мұндай жағдайда барлық элемент сыймай қалуы мүмкін. Сондықтан алғашқы элементтер жоғары қарай жылжып, төменгі элементтер монитор экранынан көріне береді.

Var
A: array [1..10] of integer;
I : byte ; {I айнымалысы жиымның индексі ретінде беріледі}
Begin
For i:=1 to 10 do
Writeln ('a[', i,']=', a[i]); {Жиым элементтерін бір баған бойынша шығару}

Экранда жобамен келесдегідей мәндер болуы мүмкін

a [1]=2
a [2]=4

a [3]=1 т.б.

Мысал-1. Алдымен жиымға 5 бүтін санды енгізіп, одан кейін олардың қосындысын есептеп, экранға шығаратын программаны жазайық.

Pascal бағдарламасындағы программа коды


Program sum_mas;

Uses crt;

Var

i : integer; s : real;

m : array [1..5] of integer;

begin

clrscr;

for i := 1 to 5 do begin write ('m[i]-I эл енгіз');

readln(m[i]); end;

sum := 0;

for i := 1 to5 do sum := sum + m[i];

writeln ('sum=',sum:2:0);

readln;

end.

ІҮ кезең. Жаңа сабақты бекіту; (8 минут)

Практикалық жұмысқа арналған тапсырма: І топ

Бір апта ішіндегі ауа температурасының орташа мәнін есептейтін программа құру қажет.

Берілгендер пернетақтадан енгізілуі тиіс.

Экранға төмендегі түрде шығарылуы тиіс

Аптадағы әр күннің ауа температурасын енгіз:

1 күн= 2

2 күн= 0

3 күн= -3

4 күн= 1

5 күн= 3

6 күн= -2

7 күн= 0

Орташа температура: 0.00 град.

Шешімі: Pascal бағдарламасындағы программа коды

Program Temperaturа;
var kun: array[1..7] of integer;
i: integer; ortaТ: real;
begin {Енгізу циклы}
for i:=l to 7 do begin write ( 'ap.ar.kun.temp.engiz:') ;
readln(kun[i]); end; {Қосындыны есептеу циклы}
ortaT:=0; for i:=l to 7 do
ortaT:=ortaT+kun[i] ;

{Орта температураны есептеу}
ortaT:=ortaT/7; writeln( 'Орташа температура: ', ortaT:2:0, ' градус')
end.

Практикалық жұмысқа арналған тапсырма: ІІ топ

Пернетақтадан енгізілетін 9 элементтен тұратын бір өлшемді жиым берілген. 0-ге тең емес сандарды экранға шығаратын программаны құрыңыз.

Экранға төмендегі түрде шығарылуы тиіс

Әр енгізген сайын <ENTER> пернесін басыңыз:

A[1]= 12

A[2]= 0

A[3]= -3

A[4]= 1

A[5]= 0

Жиымда 0-ге тең емес 3 элемент бар.

Шешімі: Pascal бағдарламасындағы программа коды

Program Temperaturа;
сonst n=9;

var

b: array[1..n] of integer; i: integer;

begin {Енгізу циклы}
for i:=l to n do begin write ( 'Jim elem engiz:') ;
readln(b[i]); end; {салыстыру циклы}
for i:=l to 7 do

if b[i]<>0 then writeln ('0-ge ten emes elem=', B[i]);

End.

Ү кезең. Сабақты қорытындылау (3 минут)

Бұл сабақта біліп, үйренгеніміз:

  • Жиым - бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиындардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық, тіркестік, символдық, логикалық), өлшемі (бір өлшемді, екі өлшемді) және көлемі (элементтерінің саны) жатады;

  • Қажетті ұяшыққа қатынай алу үшін, массивтің аты мен оны индексін (жиымдағы реттік нөмірі) көрсету жеткілікті болып табылады;

  • Индексі тікбұрышты жақшаларда беріледі;

  • Жиым элементінің аты, индексі, мәні берілуі тиіс;

  • Матрицалар екі нөмермен беріледі. Жолдың нөмірі және бағанның нөмірі;

  • Жиым A R R A Y кілттік сөзімен жазылады

  • Жиымдарды енгізіп, шығаруды;

  • Жиым элементтерінің қосындысын, орташа мәнін табуды.

ҮІ кезең. Оқушыларды бағалау (1 минут)

ҮІІ кезең. Үйге тапсырма беру. (1 минут)

1.  5.4 тараудың конспектісін жаттау.

2. A[1..20] жиымына пернетақтадан К саны енгізіледі. Жиымдағы элементтер саны кез -келген сандар генераторы арқылы берілген. Берілген жиымда К санының кездесетіндігін анықтаңыз.

© 2010-2022