Қайталау операторларына есептер шығару. Сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайталау операторларына есептер шығару. Сабақ жоспары.

Пән аты: Информатика сыныбы: 9 а

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қайталау операторларына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің қайталау операторларымен жұмыс жасау мен программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Са бақтың көрнекілігі: Паскаль ортасы, слайдтар, тапсырмалар, стикерлер

Сабақта қолданылытын жаңа технология: АКТ -ны пайдалану

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қайталау операторлары не үшін қолданылады?

2. Қайталау операторларының қанша түрі бар?

3. WHILE қандай оператор?

4.WHILE операторының жалпы жазылу түрі қандай?

5.REPEAT қандай оператор?

6. REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?

7. FOR операторының жазылу үлгісін қандай?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. 3 топқа берілген операторлар түрлері бойынша постерлерін құру

  2. Қайталау операторларына есептер шығару

  3. Программаларын компьютерде нәтижесін алу

ІV. Тапсырмалар орындау кезеңі

№1 Топтар бір - біріне тапсырмалар береді.

1 топ. Төмендегі цикл орындалғанда а - ның мәні неге тең?

a:=4; b:=6;

repeat

a:=a+1;

until a>b;

Жауабы: a=7

2 топ. Программаның үзіндісінің орындалу нәтижесін (компьютерсіз) анықта:

i:=1;

while i<=3 do

begin

x:=sqr(i);

writeln('i=',i ',' 'x=',x);

i:=i+1;

end;

Жауабы: i=1; х=1;

3 топ. Программаның үзіндісінің орындалу нәтижесін (компьютерсіз) анықта:

P:=1;

For i:=1 to 3 do

P:=P*i;

Write (P:4);

Жауабы: 120

№2. Компьютермен жұмыс

№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program san;

Var i: integer;

Begin

Wtiteln (' 1- den 100- ge dein butin san');

Writeln;

For i:=1 to 100 do

Write (i:4);

End.

№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('30-dan 10-ga deingi jup san');

For i:=30 downto 10 do

If I mod 2=0 then

Writeln (i);

End.

№3. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var i, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+i;

Writeln ('s = ', s);

End.

№3 Электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау

V. Сабақты қорытындылау:

Қайталау операторларына құрылған постерлерін қорғау

VI. Үйге тапсырма: Паскаль тілінің қайталау операторы

VII. Оқушыларды бағалау. Критериалды бағалау

Ұпай сандары

Негізгі критерийлер

1

2

3

4

Топтағы ынтымақтастық (міндеттерді бөлу және оларды орындау)


Тәртіп

(басқа топтың жұмысына бөгет жасамау, тапсырманы орындауда енжар болмау)


Материалдың,

тапсырманың, тақырыптың ашылуы


Басқа

топтардың жобаларын тыңдау, сұрақ қоя алу қабілеттері


Жалпы балл



© 2010-2022