Мақал сөздің мәйегі (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Мақал - сөздің мәйегі»
/ сайыс/
Мақсаты?

Оқушылардың тапқырлығын, сөзге шеберліктерін, ой-өрістерін байқау
Көрнекілігі:
Кітап көрмесі, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Түрі: сайыс
Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар!
Дана халқымыздың ең ежелгі де аса бай мәдени мұрасы мақалдар мен мәтел сөздер. Бұл өмір бойы суалмайтын, уақыт өткен сайын жаңара беретін, әр заманның талап -тіршілігін , қалыптарын танытып, тілге нәр, сөзге ерекше әсемдік құятын үлкен байлық. Ол әр кезеңде көсемдер мен шешендердің ,ақындар мен абыздардың билердің ауыздарынан шыққан ұтымды да ұшқыр, өрнекті ойлармен толысып отырады.
«Сөздің көркі мақал» деген аталы сөз бар.мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады.
Мақал -мәтелдердің мәні, тақырыптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, бірлік пен ынтымақ Отан, туған жер т.б. болып келеді.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да осы білген мақал-мәтелдерімізді қайталап, еске түсіріп,ой -өрісімізді толықтыру мақсатында алынып отыр.

Шараға 2 топ қатысқалы отыр. «Тапқырлар» тобы, «Алғырлар» тобы
Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
/Әділқазылар алқасы/
І айналым ( мақал сайысы)
1.Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,....
2. Көп жасаған білмейді,..................
3.Ағайының бай болса, ................
4.Еңбек етпесең елге өкпелеме, ...
5.Қызыл тілден ашынғанда ......................
6.Үндемеген ............ құтылады
7.Жаздың бір күні, ..............
8.Қонақ бір күн қонса,................................
9.Екі сараңның қолы .......... бір-біріне азар тиеді.
10.Екі жүзді пышақтан сақтанба,
(екі жүзді адамнан сақтан)
ІІ айналым
Шарты:Ұпайы жоғары топ мақал айтады. Сол мақалдағы сөзге байланысты қарсыласы мақалмен жауап береді.
Мыс: Ынтымақ түбі бірлік. ....... Бірлік түбі береке. / 5 мақалдан/ 5 ұпайдан беріледі.

ІІІ айналым.
Сайыскерлерге сөздер жасырылады. Сол сөздерге байланысты мақал- мәтел көп айтса, әр мақалға 5 ұпайдан қосылады.
1) ҚОЙ 2) СИЫР 3) ӘЙЕЛ 4) ОТАН 5) ОТБАСЫ 6) ЖОЛ 7) ТІЛ
8) БІЛІМ 9) ЕҢБЕК 10) ДОСТЫҚ

ІҮ айналым
1-10 -ға дейінгі сандарды қатыстырып 10 мақал құрастыру
/5 ұпай/

Ү айналым
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: Әріптері бойынша жауап береді.
Әріптер жарысы. А, Т, С ,М, Б, Қ, Р;
Мұнда берілген әріптерге сәйкес сөз құрау қажет болады.
(Сол әріптен басталатын сөз айту)

1. Қала.
2. Адам аты;
3. Тағам;
4. Сіз қандайсыз?
5. Сайыскерлікке не тілейсің?
6. Сүйікті жазушың?
7. Қай түс ұнайды?
8. Тойдың соңында не болады?
9. Жалқауды жүрісінен тани ма?
10. Жақында не қымбаттайды№
11. Түсіңде не көрдің?
12. Қазір не ойлап тұрсың?
13. Неше тісің бар?
14. Теледидарда не болып жатыр?
15. Телефон неге керек?
16. Қандай ақынды сүйіп оқисың?
17. Бақа суда жүзе ме?
18. Жаңалықты кім жеткізеді?
19. Қазір қайда барасың?
20. Міңез-құлқың қандай?
ҮІ айналым
«Мені түсін ...» ойыны.
(Мұғалімнің актерлік шеберліктері көрінеді)

1.Сен сабаққа кешігіп келгендегі мұғалімнің түрі қандай болады?
Соны бейнелеп көрсет.
Оқушыңыз сабаққа кешігіп келгенде түрі қандай болады?


2.Оқушыңыз үй тапсырмасын орындамай келіпті, сіз одан сабақ сұрадыңыз. Сондағы оқушының бейнесін көрсетіңіз.



3.Оқушыңыз үй тапсырмасын өте жақсы оқып келген. Сіз журнал бойынша сұрап ол оқушыға әлі жете алмай жатырсыз.Сондағы оқушыңызды бейнелеп беріңіз.

4.Оқушыңыздың көңіл -күйі келмей, ауырыңқырап тұрған кезін бейнелеп беріңіз.
5.Оқушыңыз бақылау жұмысынан кейбір есептерге әлі келмей жан-жағындағы оқушылардан көшіріп отырғандығын бейнелеңіз.
ҮІІ айналым
«Зейінің қандай шәкірт??»
1. Алма, алмұрт,жүзім, қарақат,қоян. Шие.
-Неше сөз оқыдым?
-Қай сөзді артық деп ойлайсың?
2. Парта,қалам, бор, бөрік, компьютер, отырғыш, тақта.
-Неше сөз оқыдым?
- Бесінші сөзді ата.
3. Сағат,қант, күнделік, нан, қасық, қарындаш.
- Неше сөз айттым?
-Қанша сөз «қ» әрпінен басталады.
4.Асқар, Марат, Талғат, Арман, Аслан,Азамат.
-Қанша баланың есімі аталды?
-« А» әрпінен басталатын есімдерді ата.

«Қоссаң екі бөлікті....»
1.Алғашқы екі буында -
Жабдығы боп шебердің
Көп жұмысқа кенелдім.
Жалғасатын буында
Жанған шаммын көктегі.
Қоссаң білдің анығын,
киіктің жас лағымын. (Құрал- ай, құралай)

2.Ең алғашқы бөлікте-
Үрлеп аузын буасың,
Доп қып ойнап қуасың
Жалғасатын бөлікте,
Құбылса да қанша күн,
Малға, жанға қалқанмын
Қосса екеуін ,сол табар,
Қайрақпын көп қолданар. (Шар-ық, шарық)

3.Алғы жеке бөлікте-
«Жалғыз» деген ұғыммын
Барлық санға тұғырмын.
Соңғы екі бөлікте,
Ескіше ай атымын,
Не ас қамдар затыңмын.
Қос екеуін анықта,
Құспын тоймас балыққа. (Бір- қазан, бірқазан)

4. Ең алғашқы бөлікте
Су үңгіген табанын.
Терең де тік жағамын.
Соңғы екі бөлікте
Құстың көкте қағатын.
Қауырсыны ,тап атын
Қос екеуін дәлдікпен,
Түнде ұшар жәндікпін (Жар -қанат -жарқанат)


5. Алғашқы буында,
Күнде де керекпін
Адамдарға қорекпін
Жалғасқан буында
Қыста жерді жабамын
Жазда сумын ағамын
Дұрыс қоссаң аңғардың
Көк тіреген заңғармын. (Ас-қар, Асқар)
6.Алғы бір бөлікте,
«Аядай» дегеннің
Ұғымын беремін
Соңғы бір бөлікте
Түсім қар тәрізді
Бояумын кәдімгі
Қосқанда екеуін,
Бұйым боп кетемін. (Тар -ақ -тарақ)


Әділқазылар жеңген топты марапаттайды.

© 2010-2022