Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ. 8сынып

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2015 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы 8

Сабақтың тақырыбы: Тармақталған операторлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік

сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, кеспе қағаздар, смайликтер.

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын қайталау

а) (Лото ойыны,)

б) «Ішіне-сыртына»

  1. Жаңа сабақты түсіндіру (Ребус)

  2. Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

5. Сабақты пысықтау (тест)

  1. Үй тапсырмасы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Лото» ойыны

  1. Қосымшы құрылғыларға не жатады? (тышқан, принтер, сканер, дыбыс шығарғыш, құлапқап,модем)

  2. Драйвер деген не? Не үшін қажет?

  3. Программа құрылымына не кіреді?

  4. Шамалар қалай бөлінеді?

(Шамалар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгермейтін шама аталады)

  1. Айнымалы шама дегеніміз не?

(Айнымалы деп алгоритмді орындау барысында мәні өзгеретін шама аталады)

  1. Алгоритм өңдейтін шамалар қалай бөлінеді?

(Алгоритм өңдейтін шамалар кірістік деректер, шығыстық деректер және аралық есептеулер үшін қажетті деректерге бөлінеді)

  1. Аргумент дегеніміз не?

(Кірістік деректер немесе бастапқы деректер аргумент деп аталады және арг қызмет етуші сөзбен белгіленеді)

  1. Нәтиже дегеніміз не?

(Шығыстық деректер нәтиже деп аталады және нәт қызмет етуші сөзбен белгіленеді. Түрлері көрсетілген аралық шамалар тізімі басы қызмет етуші сөзден кейін жазылады, олардың мәні тек алгоритм ішінде пайдаланылатынын көрсетеді)

  1. Алгоритм жазбасының пішіні қалай жазылады?

алг алгоритмнің аты (түрлері көрсетілген алгоритмдер және нәтижелертізімі)

басы

енгізу

командалар сериясы

шығару

соңы

  1. Айнымалы шамалар алгоритмде қалай жазылады?(Айнымалы шамаларды жазу үшін алгоритмде шаманың атымен аталатын белгілеулер пайдаланылады. Шаманың аты әріптерден, әріптер мен сандардан, сөздерден тұруы мүмкін)

б) «Ішіне-сыртына»

Төмендегі сөздердің ТР тіліне қатысын ішіне, қатысы жоқ сөздерді сыртына жазамыз.

Internet, Paint, Program, Begin, If, Input, WordPad, Then, Integer, Microsoft, Else, While, Abs, Excel, Winrar, Power Point, Sqr, End.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тармақталған алгоритмдер

Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталған алгоритмдер». Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм. Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.

Мысалы:

  • Егер далада күн суық болса, онда пальто немесе куртка киеміз.

  • Далаға шыққан соң қараймыз, автобус келе жатырма екен? Егер ол келе қалса, нда оған мінеміз н.емесе жаяу кетеміз.

Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then - онда , else - әйтпесе. Толымды түрі:

Алгоритмдік тіл

Егер <шарт>

онда <1-серия>

әйтпесе <2-серия>

программалық тілде жазылуы

IF <шартты өрнек> THEN <1 - серия> ELSE<2 - серия>;

Блок-схема түрінде

Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.

Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.

Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.

1-серия

2-серия

Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.

Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.Таңдау операторлары тақырыбында информатикадан сабақ.8сынып.

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

Математика

ТР

Сипаттамасы

=

=

Тең

<

<

Кіші

<=

Кіші немесе тең

>

>

Үлкен

>=

Үлкен немесе тең

<>

Тең емес

Мысал: a және b сандары берілсін. Екі санның үлкенін табу программасы мен блок-схемасын құрайық.

Program_misal;

Var

A,b: real;

Write ('sandi engiz');

Read(a,b);

begin

IF a>b THEN max=a ELSE max=b

Write( 'max=', max);

END

Жаңа сабақты түсіну үшін «Ақпараттық диктант» орындаймыз.

Сұрақ

Жауап

1

Тармақталған алгоритм дегеніміз yе?

Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм

2

Тармақталу операторының толымды түрі

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор,ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі операторорындалады.

3

Тармақталу операторының толымсыз түрі

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор,ал мән «жалған» болса, тармақталу командасынан кейінгі операторларорындалады

4

Егер

If

5

Онда

Then

6

Әйтпесе

Else

4. Практикалық бөлім

«Тау шыңына шығу» ойыны.Тау шыңына шығу үшін оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1 деңгей.

1. А және В сандары берілген. Осы сандардың ішінен ең үлкенін табу алгоритмін құрастыру. Блок -схема құрастыру.

2. Нақты санның модуліне алгоитрм құру. Блок -схема құрастыру.

2 деңгей.

Функция мәнін есептейтін программа құрастырыңыз.

3 деңгей.

Екі сан А,В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін басып шығарыңдар.

5. Сабақты пысықтау

Сабағымызды пысықтау үшін өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындаймыз. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Тест орындап болғаннан кейін оқушылар парақтарын бір - бірімен ауыстырып, тексеріп, бағалайды. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.

Тест сұрақтары

  1. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын ….. деп аталады.

а) Сызықтық алгоритмдер

b) Тармақталған алгоритмдер
c) Циклдік алгоритмдер

  1. Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі қолданылады?

  1. Кейбір командалар бірнеше рет қайталанғанда

  2. Шарттарға байланысты

  3. Кестелік функцияны есептеуге

  1. Тармақталу операторының толымды түрі

    1. FOR - NEXT;

    2. IF - THEN - ELSE;

    3. IF - THEN;

  1. Тармақталу операторының толымсыз түрі

  1. FOR - TO;

  2. IF - THEN - ELSE;

  3. IF - THEN;

  1. Шартты көшу операторының дұрыс нұсқасын көрсет

if шарт then <1 - серия> else <2 - серия>

if <1 - серия> then шарт else <2 - серия>

c) if шарт then <2 - серия> else <1 - серия>


  1. IF сөзінің баламасы

a) егер

b) онда

c) әйтпесе

  1. THEN сөзінің баламасы

a) егер

b) онда

c) әйтпесе

  1. ELSE сөзінің баламасы

a) егер

b) онда

c) әйтпесе

6. Үй тапсырмасы.

Таңдау операторлары.

Айдың нөмері бойынша жыл мезгілін анықтау программасын құрастыру.


© 2010-2022